Сайт учителя начальных классов
.
Алгебралық өрнектерді түрлендіру.  Практикалық есептер мәтінінде айнымалылардың қабылдайтын мүмкін мәндер жиыны. -

Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Практикалық есептер мәтінінде айнымалылардың қабылдайтын мүмкін мәндер жиыны.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 1276 | Просмотров: 5613 | Размер: 48.0 Kb | Автор: Эсанбаев_Гайрат
 

 

 

Астана қаласындағы  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 20/01/14

Мұғалімнің аты-жөні: Эсанбаев Гайрат

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Пән:

Математика.

Бөлім:

7.3A  Алгебралық өрнектер.

Сабақтың тақырыбы:

Алгебралық өрнектерді түрлендіру.

Практикалық есептер мәтінінде айнымалылардың қабылдайтын мүмкін мәндер жиыны.

Күтілетін нәтиже:

Алгебралық өрнектерді түрлендіруді біледі(жақшаларды ашу, ұқсас мүшелерді біріктіру). Практикалық есептер  мәтінінде айнымалылардың қандай мәнінде алгебралық өрнектердің мәні бар екенін біледі.

Сабақтың мақсаты:

Алгебралық өрнектерді түрлендіруді алгебралық қосындыны, ұқсас қосылғыштарды, ұқсас теңбе тең өрнектерді, қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып өрнектерді ықшамдауды, ұқсас қосылғыштарды біріктіруді, егер олардың алдында минус (плюс) белгісі тұрса жақшаларды ашуды еске түсіру.

Берілген алгебралық өрнектердің мүмкін мәндер жиынын табу; мәтіндік есептерге алгебралық өрнек құрастыру; алгебралық өрнек арқылы мәтіндік есептер құрастыру; құрастырылған өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу. Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Топпен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке   тәрбиелеу.

Тілдік мақсат

Оқушылар сұрақты дұрыс қоя біледі, есепті дұрыс құрастыра алады және терминдерді тиімді пайдаланады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Алгебралық өрнектің айнымалысы, өрнектің мүшесі, көбейткіш, тұрақты, коэффициент, жақшалар, мүмкін мәндер жиыны...

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Жақшаны ашу/жабу/алып тастау/жазу.

Бұл дұрыс па?/ Неге осылай істедіңіз?/ Осы қадамды түсіндіре аласыз ба?

Иә, мен бұны дұрыс деп санаймын/Бұл дұрыс деп ойламаймын.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы
(5 минут)

1.      Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

2.      Үй тапсырмасын тексеру.

Ауызша тексеріп шығу.

  1. Презентация

Ортасы
(72 минут)

  1. Сабақтың мақсатын айту.

Өзін-өзі бағалау. (10 мин)

  1.  

 

Қызыл (түсінбедім)

Сары (сенімсізбін)

Жасыл

(түсіндім)

Жақшаларды ашу

 

 

 

Ұқсас мүшелерді біріктіру

 

 

 

Орнына мәнін қою

 

 

 

 

  1. Жаңа материалды түсіндіру. (10 мин)

Мысал1: Завод күнделікті 5т сүт өндіреді. р күннің ішінде

завод қанша тонна сүт өндіреді?

Жауабы: 5р, мұндағы р-натурал сан.

Мысалы2: тіктөртбұрыштың ені 5см, ал ұзындығы р см. Ауданын тап.

Жауабы: 5р, мұндағы р-кез келген оң сан.

Мысал3: қайық өзен ағысына қарсы жүзіп келеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы а км/сағ, ал ағыс жылдамдығы в км/сағ. 2сағ қайық қанша жол жүреді?

Мысал4: қайық өзен ағысымен жүзіп келеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы а км/сағ, ал ағыс жылдамдығы в км/сағ. 2сағ қайық қанша жол жүреді?

  1. Есептер шығару. (32 мин)
  • Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
  • Оқушыларға есептер жазылған парақ таратылады.
  • Әркім жеке жұмыстанады. Содан соң жауаптарын салыстырада.
  1. Берік пен Серік бір бағытта жүріп келеді. Берік Серіктен 30 м-ге алда келе жатыр. Беріктің жылдамдығы км/сағ, ал Серіктің жылдамдығы км/сағ. Екеуі қанша уақыттан кейін кездеседі?
  2. Ара қашықтығы 110 км болатын айлақтан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі моторлы қайық шықты. Бірінші қайықтың жылдамдығы а км/сағ, ал екінші қайықтың жылдамдығы в км/сағ. Екеуі қанша сағаттан кейін кездеседі?
  3.  Бірінші жұмысшы 1 сағ станокта жұмыс жасап 16 деталь, ал екінші жұмысшы 20 деталь жасап  шығарды. Үшінші жұмысшы 4 сағ-та  бірінші жұмысшының а сағ жасаған деталь санымен  екінші жұмысшының  в сағ жасаған деталь санының қосындысындай деталь жасады. Үшінші жұмысшы 1 сағ қанша деталь жасады?
  4. Ұзындығы а см, ені в см, биіктігі с см тікбұрышты параллелепипедтің каркасын жасау үшін қанша сантиметр сым қажет?
  5. Екі велосипедист бір уақытта бір пункттен қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Бірінші велосипедисттің жылдамдығы 10 км/сағ, ал екінші велосипедисттің жылдамдығы одан а км/сағ артық. 1,8 сағ кейін олардың ара қашықтығы қанша км болады?
  6. Ара қашықтығы 3200 км болатын А қаласынан В қаласына ұшақ в сағ жетті. Ұшақтың жылдамдығы а км/сағ екенін ескеріп желдің жылдамдығын анықта.

 

6.Есеп құрастыр:

  1. =2d
  2. c=5d+2
  3. 2(x-1)=3(y+1)
  4. 7(x+1)=y
  5. m=(3n-4)/7
  6. a-3=b+1

Сұрақтарға жауап: (20 мин)

·      Қай жауап, әдіс ең жақсы және неге?

·      Топпен «ең дұрыс жауапты» таңдау.

·      Топ мүшелері қандай қателіктер жіберді және неге?

 

  1. Зубарева И.И., Мордкович А.Г. Математика. 6 сынып: жалпы білім беретін оқушыларға арналған оқулық / 9-басылым,

 - М.:МНЕМОЗИНА, 2010.

  1. Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 сынып. 3-бөлім – 2-басылым,

- М.: «Ювента», 2010.

  1. Алдамуратова Т.А., Байшоланов Т.С. Математика.Жалпы білім беру мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/2-басылым. - Алматы: Атамұра ,

Соңы

(3 минут)

Қорытынды.

Күтілетін нәтиже көрсетіледі:

Үйге тапсырма: №22.18-№22.22

 

Мордкович А.Г.,  Николаев Н.П. Алгебра. 7 сынып. 2-б. 1-б. есептер жинағы. – М.:Мнемозина, 2009.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

 

 

 

 

Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

 

Оқыту ортасы қандай болды?

 

Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма?

 

Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

 

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

ID: 1689 | Просмотров: 5613