Сайт учителя начальных классов
.
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер -

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 1361 | Просмотров: 4735 | Размер: 77.5 Kb | Автор: Карлыгаш_Налибаева
Налибаева Карлыгаш Шамсудиновна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №8 жалпы білім беру орта мектебі
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік:Оқушылардың айнымалысы модуль таңбасының ішінде болатын теңдеулер туралы білімдерін кеңейту, теңдеулерді шешу тәсілдерін үйрету.
Ә)Дамытушылық:Оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, сұрақтарға жауап беру арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Б)Тәрбиелік:Оқушыларды топтық жұмысты орындау арқылы ұйымшылдыққа, ізденгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырмалар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
II.Еске түсіру (ауызша сұпартар беріледі)
1. Санның модулі дегеніміз не?
2. Теңдеу деген не?
3. Теңдеуді шешу деп нені айтамыз?
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Айнымалылары модуль таңбасының ішінде болатын теңдеулерді шешу үшін мына алгоритмдер қолданылады:
1. Модуль таңбасының ішіндегі өрнектерді нөлге теңестіріп, теңдеулерді шешу;
2. Теңдеудің түбірлерін қолданып, сан түзуін аралықтарға бөлу;
3. Модуль таңбасын ескеріп, әрбір аралықта берілген теңдеуді шешу;
4. Теңдеудің шешімдерінің қарастырылып отырған аралыққа тиісті болатынын тексеру;
5. Тиісті түбірлерді берілген теңдеудің түбірі ретінде алу.
Мысалы: |1-х|=|х+4| теңдеуін шеш.
Шешуі: |х+4|=|(2х+3)+(1-х) |

ID: 1196 | Просмотров: 4735