Сайт учителя начальных классов
.
Пәні: математика

Сынып: 2
Мұғалім: Досанова А.Т
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыра отырып, олардың шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыру. Киелі 7 санының ұғымына түсінік беру.
2. Қосу және азайту амалдарының өзара кері амал екенін тұжырымдайды, белгісіз компоненттерді табу ережелерін пысықтау. Логикалық талқылаулар жүргізуге оқушылардың қызығушылығын арттыру.
3. Сабақта топтық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың есептеу машығын арттырып, ой - өрісін дамыту. Тез шешім қабылдауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: түлкі,ешкі,лақтар,қасқыр,тауық балапандар т.б.
Оқыту әдісі: Ертегі арқылы өткізу
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, тіл дамыту,ән, ана тілі, өзін - өзі тану.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру
Кезеңі

- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Көңіл күйлерін қалай?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жарайсыңдар балалар
- Ендеше сәрсенбінің сәтті күні
- Сәттілікке толсын
- Бір – бірлерімізге сәттілік тілейміз.
Психологиялық
дайындық

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін, қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Иә.
- Ертегідегі кейіпкерлерді атап беріңдерші? Ендеше түлкі қандай аң?
- Өте қу, айлакер.
- Ендеше, біз сол түлкіге алданып қалмайық.
- Тауық балапандарын жаңа ғана шығарған екен, тауық жем іздеп кеткенде, қу түлкі келіп балапандарын алып кетіпті!
- Енді не істейміз?
- Балапандарын анасына қайтарып беруге көмектесейік.
Түлкі бізге мынандай тапсырма беріп отыр. Сол тапсырмаларын дұрыс шығарсақ, балапандарды анасына қайтарамын дейді.Ендеше балалар бәріміз бірігіп түлкінің тапсырмасын дұрыс, тез ойланып шығарайық.
Өткен сабақты пысықтау Балалар біз кеше қандай санды өттік?
Сол сан бойынша сендерге түлкі тапсырмасын беріп жіберіпті. Қима қағаздардағы тапсырмаларды тақтаға шешіп жазайық. Түлкі сендердің қатесіз орындағандарынды қарап, балапандарды босатады.




Сергіту сәті Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
- Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым мен техниканы игеруі қажет. Олай болса, болашақ ғылым иелерінің жиып жатқан білімдерінді тексеріп көрейік.

Мағынаны
тану:

Балалар жұмбақ шеше аласыңдар ма? Қанекей жұмбақ шешіп көрелікші?
Бір аптаны бөлгенде,
Жеті күн бар білгенге.
Жеті зат бар сөмкеде,
Қарындаш, пенал, оқулық,
Өшіргіш берер тазалық.
Қаламсап керек жазуға.
Үйретер бізді әріпке,
Бәрін қайта атап шық
Саусақ бүгіп санап шық. (жеті)
Жеті туралы қандай ұғымдарды білесіңдер?
(Оқушылар өз білетіндерін айтады.)
Жеті ата
Жеті нан
Жеті қазына
Жеті қарақшы
Жеті күн
Жеті киелі сан
Жеті тақ сан
Ал қане маған жеті атаны кім айтып береді?
Жеті ата:
- Ата
- әке
- бала
- немере
- шөбере
- шөпшек
- немене
Жарайсыңдар балалар сендер жеті атаны біледі екенсіңдер. Ал қане кім өзінің жеті атасын біледі екек? 2 – 3 баладан сұрап шығу.
Мақал – мәтел
Балалар 7 саны туралы мақал – мәтел білесіңдер ме? Балалар сендерге менде 7 саны туралы мақалдар жинап әкелдім.Соны оқып берейін.Естерінде жүрсің?
1. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
2. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
3. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
4. Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
5. Жігітке жеті өнер де аз.
6. Қарғыс жеті атаға жетеді.
7. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
Жаңа сабақ Жарайсыңдар балалар.Сендер ақылды екенсіңдер. Қу түлкінің тапсырмасын орындап, жұмбақты да шешіп, мақалдар да айтып тастадыңдар.Ендеше бүгінгі сабағымызға тоқталайық.
Сабақтың мақсаты: Киелі 7 санының ұғымына түсінік беру.
Сабақта топтық жұмыстар жүргізу арқылы сендердің есептеу машықтарынды арттырып, ой - өрісінді дамыту. Тез шешім қабылдауға үйрету.
Балалар сендер 7 саны туралы не білесіңдер?
- Жеті саны қасиетті сан.
- Жұма күні жеті шелпек пісіру.
- Аптада жеті күн.
- - Жеті атаны білу. Ендеше балалар бүгін біз 7 санын қосу және азайту кестесімен танысамыз.Жеті санының құрамын еске түсірейікші: Жеті санынын құрамы: 6 мен 1, 5 пен 2, 4 пен 3.
8 + 7 15 - 7

2 5 5 2

Қызығушылықты ояту: Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше дедік. Ендеше әрі қарай ерекше сабағымызды жалғастырайық. Балалар сендердің ертегі тыңдағыларын келе ме?
- Иә, тыңдаймыз.
- Бүгінгі жаңа сабағымыз « Жеті лақ » ертегісіне арналады.
Ерте – ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен ұзап, жем іздеп кетеді екен.Кетер кезде үнемі лақтарына:
- Лақтарым, шырақтарым! Шұнақтарым, құлақтарым! Егер қасқыр келіп,есікті қақса, ашпаңдар, - дейді.
Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады. Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап әкетеді. ( Лақтарды жасыру. )
- Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.
Қасқыр болды қауіпті,
Лақтарды қамап қойыпты
Қасқыр үлкен пакет беріп жіберіпті. Ішінде хат бар, неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір – бірлеп жемей қоя береді. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба?
- Иә, орындаймыз.
1- тапсырма
Теңдіктер құр Балалар тақтаға шығып өрнекті құрастырайық.


2- тапсырма
Өрнекті жаз және оның мәнін тап Балалар дәптерімізге бүгінгі күнді таза, әдемі жазумен жазып аламыз. Тақтаға жазылған есептерді дәптерімізге жазып аламыз. (7+3)+4=14
(14-4)-3=7
(8+2)+5=15
(15-5)-2=8
(9+1)+6=16
(16-6)-1=9
3- тапсырма Сөз есеп I – ші жәшікте – 30 кг
II – ші жәшікте – 5 кг артық
Екі жәшікте неше кг сарымай бар?
30+5 = 35
Жауабы: 35

Сергіту сәті. Жұмбақ есептер. Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін
Санын айтшы түйенің? (Жеті)

Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Қалғаны неше үйрек? (Алтау)

Бесбайда бар бес іні,
Естайда бар пен екі іні,
Қоссаң бес пен екіні,
Неше екен шешуі? (Жетеу)
4- тапсырма
Сөз есеп Робот – 9
Қуыршақ – 5 кем
Барлығы неше ойыншық сатылды?
9 – 5 = 4
9 + 4 = 13
Жауабы: 13

5- тапсырма
Ойын: Кім тез есептегіш. Шығырмақ болып кеше есеп,
Жиналды жеті есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (7-3=4)

Он асықтың үшеуін,
Досын сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолында қалады? (10-3=7)

Бесбайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Нешеуі болар шешуі? (5+2=7)

Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық. (7-1=6)

6- тапсырма
Математикалық
диктант Балалар тек қана есептің шешуін ғана жазамыз.
1 + 6 =7
7 – 6 = 1
2 + 5 =7
7 – 5 =2
3 + 4 =7
7 – 4 =3

7- тапсырма
Шығармашылық есеп. Топпен жұмыс.Балалар бір – бірлерімізбен ақылдасып, ойланып жауап береміз.Үш дос шахмат ойнады.Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
Бекіту - Міне, лақтарды аман – есен енесіне табыстырдық.
- Сонымен, 7 тапсырманы орындап, неше лақты құтқардық?
Бағалау Сабаққа белсене қатысып, сұраққтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын
Үйге тапсырма 75 бет, № 6 есеп

Қорытынды Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды. 7 саны туралы қандай мағұлматтар алдыңдар? Балалар өз ойларын айтады.

ID: 1970 | Просмотров: 3019