Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: «3 санын қосу және азайту»
Мақсаты: 1. 3 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: кеспе сандар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.
Біздер тату баламыз,
Өсіп алғабарамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
-Балалар, бүгінгі сабағымызда сынып екі топқа бөлінеді.
І топ: «Алғырлар»
ІІ топ: «Тапқырлар»
ІІ Психологиялық даярлық.
«Менің көңіл күйім»
Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
-Бәріміздің көңіл-күйлеріміз керемет екен, мен өте қуаныштымын!- деген тілекпен сабағымызды бастаймыз.
ІІІ. Өткенді қайталау.
«Біліміңді байқа»
Біз ақылды баламыз
Есеп жұмбақ ойынның
Туын ұстап білімнің
Жауабын тез табамыз.
Математикалық тест.
І топқа
2 + 4 = 2,4,6 2+3= 5, 3, 7
5-2= 1,3,4 4-2= 2, 1, 3
ІІ топқа
4+2= 3, 6, 7 5+2= 7, 8, 9
7-2= 4, 5, 6 6-2= 5, 4, 8

ІV Жаңа сабақ.
-Балалар, үш саны туралы білгілерің келе ме?
Үш жұрт:
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
Үш байлық.
Бірінші байлық-денсаулық,
Екінші байлық-ақ жаулық,
Үшінші байлық -он саулық.
Үш арсыз.
Күлкі арсыз,
Тамақ арсыз,
Ұйқы арсыз.
Үш қуат:
Ақыл қуат,
Жүрек қуат,
Тіл қуат.

Ал достарым келіңдер
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Амалды орындап көріңдер.

Арманда 4 машина бар, Ермекте 3 машина бар. Оларда барлығы қанша машина бар?
-7 машина
-7 машинаны қалай шығарып алдық?
-4+3 қосу арқылы.
-Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «3 санын қосу және азайту»
-Санға 3 санын қосқанда сан үш санға артады, ал, егер азайқанда үш санға кемиді.

V. “Кім тапқыр?» ойыны.
І топқа
«Мен бір сан ойладым, оған 3-ті қосқанда 10 шықты.Қандай сан ойладым?»

ID: 1118 | Просмотров: 2439