Құқықтан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Құқықтан ашық сабақтар

Құқықтық сауаттылық - заман талабы
[ Сайттан жүктеу (40.0Kb) ] 17.05.2015, 22:06

Материалдың жеке номері 1589

Құқықтық сауаттылық - заман талабы

загрузка...
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Алтықарасу мектеп -балабақшасы
физика пәнінің мұғалімі Абуталипова
Гулжазира Наурызбайқызы
Тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық - заман талабы»
Мақсаты Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөз.
1.кезең: Кіріспе
2кезең: «Сенің құқығың – менің құқығым»
3.кезең:Сыр сұхбат
4.кезең: «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
5.кезең: Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
5.кезең:Қорытынды бөлім.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

І Психологиялық тренинг
Пікірталасымыз бастамас бұрын бір-бірімізге деген қарым-қатынастарымызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (Бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек).
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.

Әлеуметтік норма
Құқық
Мораль

Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі
құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.
Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі - оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді,айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілер де көрсетілген. Президент – нормативтік жарлықтар, үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар – нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.

Адам құқығы
Табиғи құқық
Азаматтық құқық
Экономикалық-әлеуметтік, мәдени

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
ІІ Сенің құқығым – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде айтып өтеді.
1-оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.
2-оқушы
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3-оқушы: 9 – бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
4-оқушы: 11-бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
5- оқушы: 12бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
6 – оқушы: 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
7 – оқушы: 30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
8 – оқушы: 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)

ІІІ-кезең. «Сыр сұхбат»
Бүгінгі сыр сұхбаттың қонағымен таныс болайық. Слайт арқылы Ауылдық ішкі істер қызметкері Алишов Айбек Жұмайұлының өмірбаяны,қызыметі туралы мәлімет беру.
ІV кезең «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Алмат: Мұхтар бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Мұхтар: Ия, ия, айтпақшы Әсеттер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген.
Саған хабарласқан жоқ па?
Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Мұхтар: Кеттік, жолшыбай Дамирге соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Алмат: Дамир біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Дамир: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Мұхтар: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Дамир: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме?
Мұхтар: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
1. Құрметті ата – аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата-ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына.
Осы жағдайда оқушылар және ата – аналар қандай жауапкершілікке тартылады?
ІV кезең: Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
Бүгінгі кешіміздің қонағы ауыл инспекторы Алишов Айбек ағайымыз келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
1. жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
3. Қылмыстықтың белгілері қандай?
4. Кәмелетке толмағандарды қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
5. Қалада жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз.
6. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
7. Мектеп оқушыларына қандай ақыл – кеңес бере едіңіз?
Мектеп психологы Қибашева Ғалия апайға мынадай сұрақтар қойсақ.
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез – құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
3. Ноғайбайев Сенімнің мінез-құлқын қалай бағалар едіңіз? Оның кейбір іс – әрекеттерінен ауытқушылық байқалмай ма?
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шегірова Жамал апайымызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
1. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?
Қорытынды
Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар басқосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, прблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?
Қысқа да тұжырымды ой – пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
(оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)
Кері қайту
loading...

Автор: Абуталипова Гулжазира Наурызбаевна

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу мектеп -балабақшасы

Бөлім: Құқықтан ашық сабақтар | Қосты: Redaktor
Көрсетілім: 1286 | Жүктеулер: 612 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 23
Қонақтар: 23
Тіркелгендер: 0