Сайт учителя начальных классов
.
«Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» -

«Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану»

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Коучинг жоспарлары Загрузок: 1451 | Просмотров: 6716 | Размер: 610.3 Kb | Автор: Гульбагила
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Қабден Шыңғысов атындағы №5
жалпы орта білім беретін мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Сейлова Майра Султановна

Коучинг сабағы: «Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану»
Кембридж бағдарламасының Жеті модульге қарастырылған идеялар, жеке стратегиялар мен әдіс-тәсілдер бойынша берілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолданып келемін. Жаңашыл инновациялық заманда түрлендірілген жаңа әдіс-тәсілдер туралы жаңалыққа ұмтылыстар, оқушылардың қабілетін ашуда, өз ойын еркін жеткізуде топтық жұмыстың тиімділігі мұғалім мен оқушы үшін өте маңызды. Өйткені бірлескен оқу- өзара іс-әрекет жасау философиясы болғанымен, негізінен бұл оқыту мен оқу тәсілі, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 78-бет).
Ал оқушылардың бірлескен оқуын ұйымдастыру тақырыбының мектеп үшін маңызы өте зор. Себебі, олар бірлесе отыра, өнертапқыштық модельдер жасауға, ауқымды мазмұнды тақырыптарды ғылыми тұрғыда бірлесе зерттеуге қадам жасайды, оқушылар олимпиадалық қиын тапсырмалардың жолын бірлесе шешуге ұмтылады. Нәтижесінде мұғалімдер топпен жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін көреді. Жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін анықтайды. Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым- қатынасының маңызы жайлы ақпарат алады. Осы топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді.
Бүгiнгi кoучингiмнiң тaқырыбы мeн мaқcaтын aйтып өткеннен кейін, мұғалімдерге жағымды ахуал туғызу үшін сағат тілі бойынша, кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айту керек, содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді. Ойынның талқылау сұрақтар: 1.Қай ойыншының есімі және сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталды.
2. Несімен жақсы сақталды деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіру қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?

Түрлі қағаздарға жабыстырылған әріптердің түстеріне қарай мұғалімдер
2 топқа бөлінді. «Әріптер сөйлейді» ойыны бойынша әр ойыншы таңдаған әріпінен басталатын сөздерді айтып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
1.Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай?
2. Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?
3.Сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?
4. Үш деңгейлік курска барғыңыз келе ме?
5. Курстан өзіңізге керекті әдіс-тәсілдер аламын деп ойлайсыз ба?
6. Тренингке не мақсатпен келдіңіз?
7. Тренингте кездескен сұрақтарға қалай жауап берем деп ойлайсыз?
8. Маған айтар ұсынысыңыз?
Содан кейін мұғалімдерге АКТ-нің мүмкіндіктерін пайдаланып, слайдтан бүгінгі сабақтың теориясын түсіндірдім.
Одан кейін «Құмырсқалар» бейнефильмінен үзінді көрсеттім. Ой қозғау..
1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай процесті байқадыңыздар?
2.Қалай ойлайсыздар топтық жұмыс тәсілін қаншалықты жиі және қалай қолданасыз?
3.Сіз мысал келтіре аласыз ба?
Мұғалімдердің алдарына топтық жұмыстың тиімділін көрсететін материалдар мен үлестірмелі ресустарды тараттым. Түрткі сауал: «Гүл өсіру» Шетелдің ғалымы үш бірдей құмыраға гүлдер салады, топырағына су құяды. Бірінші құмырада 5 гүл болады, ал екінші құмырада 3 гүл болады, ал үшінші құмырада 1 гүл болады. Күнделікті сол гүлдерге барып, бірінші құмырадағы гүлдерге « Сендер қандай сұлусыңдар, әдемісіңдер, тамашасыңдар!» десе, ал екінші гүлдерге « Сендер жақсысыңдар, кереметсіңдер, жарайсыңдар!» деп, үшінші гүлге мүлде көңіл бөлмеді. Бір апта өткеннен кейін гүлдерді тексереді, сонда бірінші және екінші құмырадағы гүлдер құлпырып, жайқалып тұр, ал үшінші құмырадағы

Постерді құрастыру және қорғау сәті
гүл мүлде өспей қалған. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, оқу әдісіне байланысты постер қорғайды. Мектебіміздегі жоғарғы санаттағы математика мұғалімі Муканбетова Батиякуль өз ойын былай білдірді: «Құмырадағы гүлдерді оқушы деп алсақ, оған қараушы мұғалім десек, мен өзім «Үш өлшемді бағалау» курсын оқығаннан кейін сабақта көбінесе тапсырманы А, В, С деңгейінде беріп оқушыларды 3 топқа бөлемін, сонда байқағаным балалар есепті топтасып отырып жақсы меңгереді, бір- бірлеріне көмектесіп, білмегендерін көмекші ретінде менен сұрайды. Бұрын дәстүрлі сабақта өзім көп түсіндіретін едім, қазір бағыт- бағдар берушімін, сондықтан «бірлесіп көтерген жүк жеңіл» демекші оқушылармен бірлесіп отырып жұмыс атқарсақ, көп нәтижеге қол жеткіземіз»- деді. Әр топ бір-бірлерін формативті бағалаудың формальді емес түрімен бағалады. Мұғалімдер бірлесіп жұмыс атқарды және қызу пікірталасқа түсті.Сергіту сәтінде Проигрыватель Windows Media «Долли қозы» әніне мұғалімдер қозының іс-қимылын келтіре отырып жасады.
Еркін тақырыпта сурет салуға тапсырма берілді.Салған суреттің критерийлерін шығарып, өзін-өзі және топ мүшелері, сосын әр топ бір-бірін бағалады. Коучинг соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» рефлексиямен аяқталды.

Коучинг сабағында әріптестерімнің алған әсерлері оңтайлы болуы, осы бағдарламаның ең басты міндеттерінің бірі – ХХІ ғасыр ұстаздарын жаңаша идеялар мен педагогикалық тәжірибесін ұштастыру жайында ойлануына, өзінің жан-жақты өзгеруіне жол ашып, соған ықпал жасау екенін толық түсіну, өйткені ХХІ ғасырдың жеке тұлға болып саналатын шәкірттерін білім нәрімен қаруландырып, тәрбиелеу үшін ұстаздар адал еңбек етуде.

ID: 2154 | Просмотров: 6716