Оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдары

  • Жүктеулер: 797
  • Көрсетілім: 2093
  • Коучинг жоспарлары
  • 28/Апр/2015
Коучинг сессиясының сабақ жоспары
Мерзімі
Уақыты 50 минут
Коучинг тақырыбы Оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдары
Мақсаты Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарды ойлау деңгейлеріне негіздеп жоспарлауға бағыт-бағдар көрсету; СТО әдіс-тәсілдерін – Блум таксаномиясы, Ойлаудың алты қалпағы – іс жүзінде қолдануға үйрету.
Түйінді идеялар • СТО – оқушының өзіндік көзқарасын қалыптастырудың тиімді тәсілі;
• Сыни тұрғыдан ойлау – ойлау туралы ойлану.

Нәтиже (мұғалім әрекеті) Мұғалімдер СТО әдіс-тәсілдерін сабақта қолданудың тиімділігін түсінеді; Топтаса отырып қорытынды жасайды. Тәжірибе және идеялармен алмасады. Сыйластық, қарым-қатынас, өзін-өзі таныту, басқаларды қолдай алады.

Қолданылған ресурстар

Коучинг жүргізу барысы флипчарттар, слайдтар, бейнежазба, түрлі-түсті қағаздар,
6 түсті қалпақ, стикерлер

o Топқа бөлу (жемістер арқылы бөлу)-2мин.
o Сергіту сәті «Ән шашу» (мұғалімдер музыкаға ілесе отырып ән айтады.)-3мин.
o Топ ережесі, топ басшысын , топ мүшелерін сайлау–
-Құрметті әріптестер, бүгінгі коучинг сабағымыздың тақырыбы «Топтық жұмыс арқылы оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру» (коучингтің тақырыбын слайд арқылы көрсету.)
o Блум таксаномиясы жайлы мағлұмат беру - 5 мин
o Мұғалімдер өздері топтасқан жеміске Блум таксаномиясы бойынша сипаттама береді –10мин.
o «Ойлаудың алты қалпағы» жайлы аңызды мұғалімдерге оқуға беру, өз ойларын топта талқылау
- Осы аңыздан қандай ой түйдіңіздер? Мұғалімдер ойларымен бөліседі –10мин.

o «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету –3мин.
- Өздеріңізге көрсетілген үзіндідегі оқушы мен мұғалімнің әрекетіне «Ойлаудың алты қалпағы» тұрғысынан баға беріңіздер. 10 мин.
Ақ қалпақ – нақты деректер;
Қара қалпақ – даттау;
Қызыл қалпақ – сезімге ерік беру;
Сары қалпақ – позитивті ойлау;
Жасыл қалпақ – тың ойлар айту;
Көк қалпақ – іс-әрекетті басқару.

o «Көбелектер әсері» бейне жазбасын көрсету – 5мин
Құрметті әріптестер, осы бейне жазбадан қандай әсер алдыңыздар? (Мұғалімдердің өзіндік пікірін тыңдау)

o Рефлексия
Мұғалімдерге стикерлер таратылады. «Бүгін мен...» рефлексия жасау ұсынылады- 2 мин

Автор: Қадырқұлова Айтгүл Мәліметқызы

Алматы қаласы. Мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.