Коучинг жоспарлары

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Коучинг жоспарлары

Қазіргі қоғамдағы мұғалім және оның ролі
[ Сайттан жүктеу (24.2Kb) ] 12.05.2015, 23:13

Материалдың жеке номері 1555

Қазіргі қоғамдағы мұғалім және оның ролі

загрузка...
Коучинг сессия жоспары
Архабаева Жұпар Көпбайқызы

Тақырыбы Қазіргі қоғамдағы мұғалім және оның ролі
Жалпы мақсаты Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу

Оқыту нәтижесі Ұстаздардың алдындағы ең биік меже - әр пәннің өз мазмұнынан туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай етіп сіңдіру, сонымен қатар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік бередітінін түсінеді
Негізгі идея Өмір өзгереді, балалар өзгереді, педагогика өзгереді. Ескісі немесе жаңасы болсын, әрбір әдістеме өз шегіндегі жағдайларда жақсы, сол шекті жағдайлар өзгерсе, педагогиканың әдіснамасы да өзгереді, ал жақсарулардың шегі жоқ
Дереккөздер 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық І, ІІ, ІІІ деңгей

Қажетті құрал-жабдықтар Компьютер, проектор, экран, флипчарт, маркер, стикер, постер,
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский
Сессия кезеңдері
80-85 минут Коучтың әрекеті Қатысушылардың әрекеті
Сергіту сәті 3-5мин
(мұғалімдер арасындағы жағымды психологиялық ахуал орнату) Бірінші жаттығу «Құрт»
Қатысушылар бірінің артынан бірі бір қатарға тұрады, араларында ауа шары, бұл-құрт. Құрт қалай ұйықтайтынын, жылжитынын, керілетінін, жуынатынын көрсетуі керек.
2-жаттығу 5мин
(тренинг кезінде мұғалімдер жағымды эмоция алады , олардың жұмысқа ынтасы артады!) Тренинг (Көңіл күйді көтеру үшін) «АЙГҮЛ, АЛМА, АРЫС"
Бұл жаттығудың ерекшелігі. Адамның аты, тамақ атауы мен қаланың аты үшеуі бір әріптен басталуы керек және бірін бірі қайталамауы керек. Әр қатысушы үштіктің көмегімен өздерін таныстырады. Мұндағы:
- бірінші сөз – оның есімі,
- екіншісі – тамақ (мүмкіндігінше өзі жақсы көретін!),
- соңғы сөз – қала атауы
Рефлексия 5 мин Қатысушыларға сұрақ:
- Осы жаттығуды орындаған кезде не сезіндіңіздер?
- Осындай жаттығу кезінде оқушылар өздерін қалай сезінеді деп ойлайсыздар? Қатысушы мұғалімдер өз ойларымен бөліседі.
Топқа бөлу
Шардың түсі бойынша Бір түсті шарға ие болғандар бір топқа топтасады
Таныстырылым Таныстырылым көру: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі».
Рефлексия (Сын тұрғысынан ойлау) 5 мин Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай? Мұғалімдер ойларымен бөліседі

Сергіту сәті Сергіту «Көңілді күн»
Топқа бөлу Өлең шумақтары бойынша Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөлінеді
Тапсырма
15 мин
«Қазіргі қоғамдағы мұғалім»
1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар
2.Мұғалім- адамтанушы мамандық
3.Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
4. Мектептегі мұғалімнің орны мен рөлі.
5.Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі Топтық жұмыс .Постер салу
Бағалау Постерді қорғау, бағалау Бірін бірі бағалайды
Видио Өзіңді таны: «Мұғалімнің сүйікті сөздері»
Қорытынды Кері байланыс:
- Осы сессиядан өзіңізге қандай пайдалы және жаңа мәлімет алдыңыз?
- Презентация мазмұны сізге пайдалы болды ма? Несімен?
- Осы әдістерді оқушылармен, әріптестермен жұмыс кезінде қолдануға болады деп ойлайсыз ба? Болса, қандай кезде қолдануға болады?
-Коучингтің жүру барысында нені жақсарту керек деп ойлайсыз?

Топқа бөлуге арналған өлең шумақтары

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –

Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Нұр құйған бөбектердің зердесіне,
Білімнің сусындадым теңізінен.
Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,
Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!

Кері байланыс «___» _______2015ж.
Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы мұғалім
Қатысушы:_______________________________________________
- Осы сессиядан өзіңізге қандай пайдалы және жаңа мәлімет алдыңыз?

- Презентация мазмұны сізге пайдалы болды ма? Несімен?

- Осы әдістерді оқушылармен, әріптестермен жұмыс кезінде қолдануға болады деп ойлайсыз ба? Болса, қандай кезде қолдануға болады?

-Коучингтің жүру барысында нені жақсарту керек деп ойлайсыз?


Кері байланыс «___» _______2015ж.
Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы мұғалім
Қатысушы:_______________________________________________
- Осы сессиядан өзіңізге қандай пайдалы және жаңа мәлімет алдыңыз?

- Презентация мазмұны сізге пайдалы болды ма? Несімен?

- Осы әдістерді оқушылармен, әріптестермен жұмыс кезінде қолдануға болады деп ойлайсыз ба? Болса, қандай кезде қолдануға болады?

-Коучингтің жүру барысында нені жақсарту керек деп ойлайсыз?
loading...

Автор: Архабаева Жупар Копбаевна

Павлодар облысы Екібастұз қаласы №11 жалпы орта білім беретін мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Коучинг жоспарлары | Қосты: zhupar | Ілмек сөздер: мұғалім
Көрсетілім: 2187 | Жүктеулер: 782 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5908
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 63
Қонақтар: 63
Тіркелгендер: 0