Қосымша жинақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қосымша жинақтар

Зерттеудің алғашқы нәтижелерінің талдауы мен дамуының сынамалық жоспарлауының жүзеге асуы туралы рефлексивті есеп
[ Сайттан жүктеу (18.4Kb) ] 17.11.2015, 19:06

Материалдың жеке номері 2117

Зерттеудің алғашқы нәтижелерінің талдауы мен дамуының сынамалық жоспарлауының жүзеге асуы туралы рефлексивті есеп

загрузка...
Бұл материалда мектеп басшылары курсының алғашқы мектептегі тәжірибе кезеңінде зерттеудің алғашқы нәтижелерінің талдауы мен дамуының сынамалық жоспарлауының жүзеге асуы туралы рефлексивті есеп жазылған. Яғни, бірінші бетпе – бет кезеңі аяқталып, мектепке жүргізілген жұмыстар жайлы ой жазылған. Шығармашылық топ отырысын өткізіп, мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізе отырып, «ақылды мақсаттар» белгілеп, табыс критерийлерін анықтап алғандығым туралы жазылған. Өткізілген коучингтердің сәтті және сәтсіз жақтары мен олардан шығу жолдары айтылған. Бір айды уақыт таразысына салатын болсам, мектепте жүргізілетін тәлімгерлік пен коучинг, оқушылардың үлгерімін жақсартуға көңіл бөлу, сабақтың негізгі мақсаты мен табыс критерийлерін анықтаудың бәрі- келер күн белестері екеніне көзім анық жетті.

Зерттеудің алғашқы нәтижелерінің талдауы мен дамуының сынамалық жоспарлауының жүзеге асуы туралы рефлексивті есеп
Бірінші бетпе – бет кезеңі аяқталып, мектепке тәжірибеге келе жатып мен қатты ойға баттым. Мен ертең не өзгертемін? Ұжымым менен не күтеді? Мен оларға не бере аламын? деген сұрақтар төңірегінде біраз уақытқа дейін толғаныста болдым. Кешегі басқаруым қалай болып еді, ертеңгі басқаруым қандай болмақ? Сонда осыншама уақыт бойы мен көп уақытымды бұйрық бере сөйлеп, мұғалімдерімнің емін – еркін жұмыс істеуіне жағдай туғыза алмадым ба?- деген сұрақтар маза бермеді. Демек, ең алдымен өзгерісті мен өзімнен бастау қажетпін.
Өзім де мектеп әкімшілігінің бір мүшесі болғандықтан, ең алғашқы қадамымды мұғалімдерден емес, мектеп әкімшілігінен бастауды жөн көріп, олармен кездесу өткіздім. Мектеп директоры мені жан – жақты тыңдап алғаннан кейін «Қолымыздан келген көмекті аямаймыз»- деді. Ең алдымен мектептің өзгеріс енгізу күші- магниттерді, яғни шығармашылық топ құрудан бастадым. Бұл топты 1, 3 деңгейлі курс бітірген мұғалімдер мен аға көшбасшылардан тұратын 5 адам құрады. Шығармашылық топ отырысын өткізіп, мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізе отырып, «ақылды мақсаттар» белгілеп, табыс критерийлері нақтыланды. Пит Дадли өз еңбегінде «Lesson Study» тәсілі арқылы білім деңгейін көтеруге болатынын айтса, біз өз мектебіміздің білім сапасын көтеру басымдығымызды «Бастауыш сынып мұғалімдеріне “Lesson Study” тәсілін сабақ үрдісіне енгізе отырып, бірлесіп жұмыс жасау дағдысын қалыпастыру» деп алдық. Бұның бірден-бір себебі, курсалды тапсырмаларынан шыққан басымдықты негізге алдым, екіншіден менің мектебімдегі бастауыш сынып мұғалімдерінің 67% деңгейлік курс бітіргендер және де осы тәсілді алуыма тағы бір себеп, мектебіміздегі 1 деңгейлік курсқа барған мұғалім тәжірибе кезеңінде былай айтқан болатын: «Lesson Study- керемет тәсіл»,- деп. Осы ой сол уақыттан бері мені мазалап, ойымнан кетпей қойды. Егер керемет болса, неге біздің мектепте қолданбасқа, деген сауал менің осы курстың бірінші бетпе-бет кезеңіне келгенімде шешімін тапқандай болды. Қозғаушы күш – көшбасшылар олардың көмегімен өзгеріс енгізу және мұғалімдер қоғамдастығын құру үдерістеріне ықпал ететін фактор. [2,5 бет] Қозғаушы күшім 1 деңгей бітірген мұғалім бөлінген көшбасшылық жұмысына белсене араласып, мектептің даму жұмысына елеулі үлес қосты, яғни Талис сауалнамасын алуда және сараптауда, коучингтерді ұйымдастыруда, желілік қоғамдастық жұмысын жүргізуде және де тәлімгерлік жұмыста.
Мектебімде мектепішілік «Жаңашыл ұстаздар» қоғамдастығы жыл басында
құрылып, құрамына деңгейлі курс бітірген мұғалімдер кірген болатын. Мектеп басшыларының курсына келгенге дейін өзім жетекшілік еткен қоғамдастығымның маңыздылығына мән бермеппін. Тәжірибе барысында 1 деңгейлі мұғалім ауыл мектебіне барып, коучинг өткізіп келді, электрондық пошта желісіндегі скайп арқылы әріптесім З. желілік байланысқа шықтым. Қоғамдастық мүшелерімен өткізген іс-шараларға талдау жасап, болашаққа жоспар құрдық. Бұл жоспардың көп бөлігін бөлінген көшбасшылыққа арнадым, себебі тәжірибе кезеңінде менің осы жұмысым ақсап қалды.
Тәлімгерлікті жақында ғана 3 деңгейлі курс бітірген мұғалім Б бастадым. Мектептегі тәжірибе кезеңіне алғаш барғанымда, ол менің өзіне тәлімгер болуымды өтінгендіктен, оны тәлімгерлікке алдым. Алдымен тәлім алушымен сұхбаттастым. Б. «Lesson Study» әдісі оны қатты қызықтыратынын айтты. Сонымен Б. жұмыс жүргізу жоспарын құрдым. Тәлімгерлікке мақсат қоюда көз алдымда Блум таксономиясы тұрды. Ол өте жаңалыққа жаны құмар, өз пікірін айта алатын, ізденімпаз екенін танытты. Оны Пит Дадлидің нұсқаулығымен таныстырдым. Одан кейін талқылап, бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысына енгізу керектігін сөз етіп алдыңғы оқу жылында кіргізуге шешім қабылдадық. Ол үшін, яғни сабақ сәтті шығу үшін дұрыс жоспарлауда, оқушының іс-әрекетін зерттеу керектігі түсіндірілді. Б-ге бұл іс-әрекеттегі зерттеу ұнады, ол тәжірибеге қуана келісім беретінін айтты.
Б. коучинг сабақта «Lesson Study» әдісін білді, сабақты жоспарлауды үйренді. Б. кәсіби көмек беру үшін шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу мақсатында жеке тәлімгерлік сабақ өткіздім. Мен тәлім алушымен ынтымақтастықта, тығыз қарым- қатынаста жұмыс жасадым, оның еңбек жолында жетістіктерге жету үшін өзімнің біліміммен,1 бете-бет кезеңіндегі алған тәжірибеммен бөлістім. Осы тәжірибе барысында Б. Блум таксономиясы бойынша біледі, түсінеді, ал алдағы уақытта қолданып, талдайды, бағалайды деп ойлаймын. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, Б. жеті модуль идеяларын оқушыларға білім беру барысында өз жұмысында іскерлікпен жүзеге асыруда үздіксіз талпыныс жасап жүргенін мұғалімдердің бірі, сондықтан оның нәтижеге қол жеткізе аларына сенімім мол. Себебі, ол өзінің жазған ой толғауында болашақта осы тәсілді тиімді пайдалана отырып, сыныбындағы үлгерімі төмен оқушыларын көтеретіндігі және бай тәжірибесі бар мұғалімдермен тәжірибе алмасатындығы туралы жазған.
1 коучинг кезінде сәтсіздіктер болды: топ мүшелері арасындағы келіспеушілік, өзгеруге деген сенімсіздіктері байқалды. Оны мен коучинг кезінде және соңынан алған сауалнама қорытындысынан және де кері байланыста гүлге қондырған көбелек тәрізді стикерге жазып, іліп жатқанда байқадым. Кері байланыста коучинг ұнағандары көбелекті «Жетістік талының» үстіңгі жағына, орташа болғандары ортасына және ұнамағандары астына жапсыру керек болатын. Мен алыста тұрып-ақ, олардың қандай деңгейде білім алып кеткендері жайында біліп тұрдым. С атты ер мұғалім менен неге түймедақ гүлімен топқа бөлгенімді сұрады, мен оған: неге осылай бөлдім, ал сіз қалай ойлайсыз? Бұл сізге келесі коучингке келуіңізге бастапқы байланыс, ойланып келіңіз дедім. Осындай сәтсіздіктерден шығу үшін келесі коучингті тәлімгерім екеуміз бірігіп жоспарладық. 2 коучингтің SMART мақсатын қою арқылы, табыс критерийіне жеттім деп ойлаймын. Топты овальді қағазға жазылған сөздермен бөліп, оны өзім үлестіріп бердім. Себебі, өткен коучингте жұмысқа араласпағандарына «Сенің қолыңнан бәрі келеді!», арасында түсініспеушілік болғандарға «Сен кереметсің!» және «Өнерің өрге жүзсін!» деген сөздерді кімге қалай беруім керек екенін алдын-ала ойластырып, «Вот что значит команда» бейнеролигін көрсетіп, топта коллабаративті орта құрып алдым. Жоспар бойынша коучинг соңында ойын алаңы жаттығуын жүргізуде ашық сұрақтар қою арқылы пікір-талас жүргізіп, мұғалімдердің жаңа тәсілді қолдануға деген сенімділігін арттырдым. Коучинг соңында эссе жаздырттым, осы 2 коучингтан алған әсерлерін оқыған кезде мен таң қалдым. М деңгейлік курсқа барғысы келетіні жайлы, «LS» тәсілінде бірлесіп жоспарлау, қадағалу және талдау арқылы өзіне тәжірибе жинайтыны жайлы айтып өткен. 3 деңгей бітірген А коучинг туралы былай дейді: «Мен болсам сол "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтына тап болғандай болдым. Сол баяғы қызыққа толы үш айлық курста жүргендей сезіндім»,-деп сол күндерді сағынышпен еске алғанда, мен өзіме риза болдым. Соңында топқа бөлген оваль қағаздардан гүл жасатқызып, ортасына гүлдің аналығын қойып, топқа кері байланыс бердім. Кері байланыста үлкен етіп жүрек жасап, соған өздерінің шын жүректен шыққан ойларын жазғыздым. Коучинг соңында мектеп психологі жаныма келіп менің сөйлеу мәнерімнің, өзімді ұстауымның өзгеріске ұшырағанын және мұғалімдерге деген жылулық сезім болғанын, жұмыс істеу әдіс-тәсілімнің өзгешелігі туралы айтты. Бұл кері байланыс мен үшін өте маңызды болды, себебі алғашқыда мен өзгерісті өзімнен бастауым керек деген едім, сол мақсатыма жеттім деген ойдамын.
Осы коучингте сәтті жақтары: өзімнің де педагогикалық шеберлігімді шыңдап, әріптестеріммен ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрендім, кері байланысты ұтымды ұйымдастырдым, мұғалімдердің ішкі уәждерін көтеру арқылы іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыруда тәлімгеріммен қоян-қолтық жұмыс істедік.
Осы мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсының «Бетпе - бет» кезеңінде меңгерген оқу мен оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерді жетілдіру мақсатында өзімнің іс – тәжірибеме енгізумен қатар, әріптестерімнің де бірлесе жұмыс жасауына ықпал етіп, білгеніммен бөлістім. Бір сөзбен айтқанда мектептің нағыз көшбасшысы болдым.
Түйінді ой: Бір айды уақыт таразысына салатын болсам, дәстүрлі сабақтар, сабаққа дайындалмайтын оқушылар, немқұрайлы мұғалімдер, бұның бәрі- өткен күн сағымдары, ал мектепте жүргізілетін тәлімгерлік пен коучинг, оқушылардың үлгерімін жақсартуға көңіл бөлу, сабақтың негізгі мақсаты мен табыс критерийлерін анықтаудың бәрі- келер күн белестері екеніне көзім анық жетті. Осы белестің биік шыңына менің ұжымым шығатынына сенімдімін. Себебі, бұл бағдарламаның болашағы зор. Өзімді-өзім жетілдіріп, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, мектеп қоғамдастығында өзара сенім орнатып, оқушылар мен қызметкерлерге жұмыс істеуге жағымды ахуал құра отырып бірлескен жұмысқа тарту арқылы мектепке оң өзгерістер енгіземін деп ойдамын.

Пайдаланған әдебиет:
1.Қазақстан Республикасы жалпы білім беру басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы «Басшыға арналған нұсқаулық» Екінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013 ж.
2.Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» Бірінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013ж.
3.Үлестірмелі материалдар. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013 ж.
4. Lesson Study: нұсқаулық Пит Дадли.
5. Сухомлинскийдің сөзі.
loading...

Автор: Балтабаева Динара Куттыбаевна

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы №1 Егіндікөл орта мектебі

Бөлім: Қосымша жинақтар
Көрсетілім: 1662 | Жүктеулер: 636 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 14
Қонақтар: 14
Тіркелгендер: 0