Қосымша жинақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қосымша жинақтар

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жұмысындағы қажетті құжаттардың жүйесі
[ Сайттан жүктеу (72.0Kb) ] 08.12.2015, 12:23

Материалдың жеке номері 2252

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жұмысындағы қажетті құжаттардың жүйесі

загрузка...
Папкалар

Құжаттар мазмұны
№1 папка Барлық дәрежедегі тәрбиемен айналысатын педагогтардың лауазымдық міндеттері
№2 папка Жоспарлар. Жоспардың орындалуын бақылау.
№3 папка Класс жетекшілер бірлестігінің отырыстары және кеңестері.Кеңес шешімдерінің орындалуы жөніндегі мәліметтер
№4 папка Класс жетекшілермен жұмыс.
Білім мекемесіндегі класс жетекшілердің деректер банкі
Кластан тыс іс – шараларға қатысу және оны талдау.
Жұмыс жоспарларының орындалуын қадағалау.
Тәрбие жұмысы жоспарының орындалуын аралық бақылау.
№5 папка 1. Ата – аналармен жұмыс.
2. Мөлтекаудан социумының талдауы(әлеуметтік педагогпен бірге)
3. Ата –аналарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау, ата-аналарды оқыту.
«Әкелер кеңесі» жұмысының жоспары.
№6 папка Тәрбие мәселесі бойынша басқа мекемелермен өзара іс-әрекеттер.
№7 папка 1. «Қиын баламен» жұмыс.
2. ОДН қызметкерлерімен бірге «Жасөспірім» рейді.
3. ОДН және құқыққорғау ұйымдарымен бірлескен жұмыс жоспары.
4. Мөлтекаудан социумының мінездемесі
№8 папка Педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңестер.
№9 папка 1.Класс жетекшілердің педшеберліктерін жетілдіруі және өз білімдерін көтерулері бойынша жұмыстар.
2.Класс жетекшілер бірлестігі отырыстарының жоспары.
3.Әртүрлі кеңестердегі қарастырылған баяндамалар тезистері.
№10 папка 1.Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарының кәсіби деңгейін көтеруі.
2. Аудандық, облыстық кеңестер, курстар және семинарларға қатысуы
№11 папка Жылдық, айлық, апталық жоспарлар.
№12 папка Қосымша білім берумен жұмыс(Үйірмелер,клубтар т.б.)

№13папка Әлеуметтік педагог және психологпен бірлескен жұмыс.
№14папка Кіріс және шығыс құжаттары.


Күнделікті:

1.Мектеп бойынша кезекшілікті ұйымдастыру.
2.Класс жетекшілермен күнделікті жұмыс.
3.Мектептің оқушылар активімен күнделікті жұмыс.
4.Тәртібі нашар оқушылармен күнделікті жұмыс.
5.Өз білімін жетілдіру және әдістемелік материалдарды жинақтау бойынша күнделікті жұмыс.

Апта сайын:

1.Тәрбиелік функцияның сабақта орындалуын анықтау барысында екі – үш сабаққа қатысу.
2.Тәрбиелік деңгейінің ұйымдастырылуы, тәрбиелік әлеуетті анықтау мақсатында кластардағы екі сабақтан тыс іс –шараға және үйірмеге қатысу.
3. Тәрбие жұмыстары мәселелері бойынша класс жетекшілерге кеңес беру.
4. Қиын балалар, тәртібі нашар оқушылар бойынша педагог - ұйымдастырушыға кеңес беру.
5. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы жұмысына қатысу.(олардың жұмыс күндерінде)
6. Ата –аналар активімен кездесу.
7. Мәдени жорықтар және экскурсиялар ұйымдастыру.

Ай сайын:

1. Әкімшілік кеңесі отырысына қатысу (айына екі рет)
2. Мектепішілік аттестациялық комиссия жұмысына қатысу.
3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына арналған семинар жұмысына қатысу.
4. Социумда тәрбие қызметі сұрақтарымен айналысатын аудандық жасөспірімдер жөніндегі инспекция қызметкерлерімен кездесу.
5. Параллель кластар бойынша класс жетекшілермен кеңес өткізу.
6. Әкімшілік мүшелерімен өткізілетін кеңесте ай сайын жұмысты жоспарлау.
7. Мектепішілік баспасөз жұмысына басшылық жасау.
8. Ата –аналар комитеті, қамқорлық кеңесі отырыстарына қатысу.
9. Мектеп территориясына,класс бөлмелеріне генералды тазалық жұмыстарын ұйымдастыру.

Тоқсан сайын:

1. Класс жетекшілер семинары.
2. Ақпараттар блогындағы материалдарды ауыстыру.
3. Оқу – тәрбие қорытындысы, өзін -өзі басқару және сабақтан тыс жұмыстар бойынша класс жиналыстарын өткізу, оларға қатысу. Рапорттарды жинау.Кластар бойынша қорытындылар жасау. «Кезекшілер» стендісін безендіру.
4. Тәрбие жұмысы жоспарын талдау, түзету және жасау.
5. Мектеп ғимаратына үлкен тазалық жұмыстарын жүргізу.
6. Каникулдық іс –шаралар жоспарын жасау және оның орындалуын тексеру.
7. Каникул кезінде экскурсиялар және жорықтар ұйымдастыру.
8. Каникул кезінде қоғамдық пайдалы еңбек және кезекшілік ұйымдастыру .
9. Өткен тоқсандағы жұмыстар және жаңа тоқсандағы жұмыстарды жоспарлау бойынша класс жетекшілермен әңгімелесу.

Жыл сайын:

1. Мектептің әлеуметтік паспортын жасау
2. Мектеп оқушыларының тәрбие деңгейі карталарын жасау.
3. Тәрбие жұмысы мәселесі қаралатын педкеңеске дайындық және оны өткізу.
4. «Ең үздік класс жетекші» конкурсын ұйымдастыру.
5. Тәрбиелік үрдісте белсенділік танытып, шығармашылықпен қатысқан педагогикалық ұжым мүшелерінің үйірме жетекшілерінің және үздік класс жетекшілердің жұмыс тәжірибелерін насихаттау және тарату.
6. Тәрбиелік үрдісте белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс істейтін жұмыскерлерді марапаттау.
7. Сабақтан тыс жұмыстардың қорытындысы бойынша оқушыларға сауалнама беру.
8. Өткен оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша класс жетекшілермен әңгімелесу.
9. Өткен оқу жылындағы жұмыс талдауы.
10. Жаңа оқу жылына қойылған тәрбиелік міндеттер.
11. Жаңа оқу жылының жұмысын жоспарлау.
12. Педкеңеске өткен оқу жылының тәрбиелік жұмыстары бойынша көрме дайындау.
13. Қорытынды педкеңеске материалдар дайындау (жұмыстың талдауы, баяндама т.б.) Педкеңестің жоғары дәрежеде өтілуіне ат салысу.



Апта күндері

Жұмыс мазмұны

Дүйсенбі Әкімшілікпен жұмыс
Әкімшілік кеңесінің отырысы ( І,ІІІ апта)
Аттестациялық комиссия отырысы (ІІ апта)
Ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы (IV апта)
Психологпен, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары мен консультация (ІІ апта)

Сейсенбі
Мектеп редколлегиясы мүшелерімен жұмыс
Кластан тыс іс –шараларға қатысу

Сәрсенбі Кезекшілер кеңесі жиыны
Сабақтарға қатысу
Класс жетекшілермен жұмыс күні
Әңгімелесу, әдістемелік жұмыс, жеке кеңес беру
Кеңестер және семинарлар

Бейсенбі Өз білімін жетілдіру күні
Жеке әдістемелік жұмыс
Аудандағы, аймақтағы кеңестермен семинарларға қатысу.

Жұма Мектепішілік ҰШЖ – қа дайындық бойынша кеңестер жиыны
Кластан тыс, сабақтан тыс іс-шараларға қатысу

Сенбі Сенбілік клуб күні. Кештер, КВН т.б.
Театр.Спектакльдер
Кездесулер
Келесі апта жұмысын жоспарлау
loading...

Автор: Тажибаева Марзия Жаксылыковна

"№11 жалпы білім беру орта мектебі" КММ

Бөлім: Қосымша жинақтар | Қосты: Тажибаева_Марзия
Көрсетілім: 2683 | Жүктеулер: 658 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 43
Қонақтар: 43
Тіркелгендер: 0