Сайт учителя начальных классов
.
Әлем елдері неге өздерінің білім беру жүйелерінде реформа жүргізетіні, оны Қазақстанда, атап айқанда, сіздің мектебіңізде қалай қолдануға бо -

Әлем елдері неге өздерінің білім беру жүйелерінде реформа жүргізетіні, оны Қазақстанда, атап айқанда, сіздің мектебіңізде қалай қолдануға бо

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Қосымша жинақтар Загрузок: 1450 | Просмотров: 4538 | Размер: 196.5 Kb | Автор: Рустемова-Айгуль
Әлем елдері неге өздерінің білім беру жүйелерінде реформа жүргізетіні, оны Қазақстанда, атап айқанда, сіздің мектебіңізде қалай қолдануға болады

Рустемова Айгуль Мамасейтовна
№49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп
Директордың инновация жөніндегі орынбасары
Тарих-география пәні мұғалімі
Тарих ғылымының магистрі
ОҚО, Cайрам ауданы, Әсіл ауылы

Бұл мақалада әлем елдеріндегі білім беру жүйесіндегі реформалар қалай қолданып жүргені туралы және оның жүргізу жолдарын Қазақстанда тиімді дамыту туралы айтылады. Сонымен қатар Сингапур, Финляндия, Оңтүстік Корея елдерімен салыстырмалы түрде өз елімізде жаңа форматтағы білім беру жүйесін енгізу , соның ішінде өз мектебімде қалай қолдануға болатыны жайлы сипаттама берілген.

Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі-оқу-тәрбие процесін жаңартумен қатар оны жүзеге асыратын педагогтардың көзқарасын, оқушымен қaрым –қaтынасын түбегейлi өзгерту, әр бaланың жеке және жaс ерекшелiгіне қaрай дербес дaмуын қамтамaсыз ету болып табылaды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты[1].
Кез келген мемлекетте білім беру жүйесі толық реформаланып болған жоқ және болмайды да. Өйткені, заман талабына сай ол өз талаптарын да өзгерте бермек. Сондықтан біздің еліміз де бұл үрдіске бар белсенділігімен қатысуға ат салысуда. Ал ол үшін шетелден үлгі алмай болмайды деп ойлаймын.
Білімдегі жетістік – ғылымдағы жетістіктердің, ал ғылымдағы жетістіктер – инновациялық дамудың қайнар көзі. Сапасы жағынан жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет бола алады. Болашақ интеллектуалды элитаны құрайтын-бүгінгі сапалы білім алған ұрпақ екені даусыз.
Көптеген мемлекеттер іске асыруға кіріскен «2000 жылға арналған білім» (ФРГ), «Америка-2000: білім дамуының стратегиясы» (АҚШ), «Болашақтың білімі» (Франция), «ХХІ ғасыр үшін білім моделін іздеу» (Жапония) жобалары қабылданған. Дүниежүзінде міндетті негізгі білім жүйесі де әр түрлі. Мысалы, Германияда барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу ғана міндетті деп айтуға болады, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра береді. Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген бала оқуын жалпы білім беретін 4-5 жылдық колледждерге жалғастырады. Жалпы айтқанда міндетті оқу мерзімдері түрліше: 8 жылдық (Италия, Венгрия, Канада), 9 жылдық (Швеция, Жапония, Куба, Болгария, Чехия, АҚШ) және т.б. Барлық оқушыларға 11-12 жылдық білім беруді ешбір ел міндетіне алып отырған жоқ.
Қазіргі кезде электрондық оқыту жүйесін (е-learning) құру жеткілікті түрде өзекті міндет болып саналады. Жүйенің мақсаты – жаппай сапалы білім беруге бағытталған жақсы білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру» заңы ғылым мен білім беруді дамытудың басты бағыттарының бір саласы болып табылады
Әлемде болып жатқaн технологиялық, демографиялық, жahандану өзгерістерi әлемдiк білiм беру жүйесiн қaйта қaрау қaжет екендiгін пaш етедi. Дүние жүзі елдерінде білім сапасын анықтайтын нақты критерийлер анықталған Ол: Білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жалпылау мақсаттары бойынша бағаланады.
Білiм беру дәрежесi турaлы зерттеулер көп, дегенмен мaңыздысы PISA,TIMSS, PIRLS болып тaбылады. Оқушылaрдың бiлімi мен бiлігін бaғалaудың PISA хaлықарaлық бағдарламaсын Экономикaлық ынтымaқтастық және дaму ұйымы жүзеге aсырады. PISA зерттеуi оқушылaрдың мектепте aлған білімi мен бiлігін өмірлiк жағдаяттардa қолданa aлу қабiлетін бағалауғa бaғытталған. Мұндa оқушының оқу сaуаттылығы, мaтематикалық сауaттылығы және ғылыми сауaттылығы бaғаланады. Білiм берудегi жетістiктерді бaғалаудағы қазіргi зaманғы үрдiс осыдaн көрінедi.Көптеген елдерде мектепте бiлім берудегi жоғaры нәтижелердi қaмтамасыз ету шaрттары мен жұмыс iстеу тәжірибелерiн тaлдау, олaрдың тaбыстылығы мен тиiмділігін қaмтамасыз ететiн негізгi фaкторлар анықтaлған.
«Білiм беру сaпасы жоғaры елдердiң бaрлығы экономикaлық тұрғыдaн тaбысты елдер екенiн бiлеміз. Жaқсы білiм беру жүйесi болу үшiн мемлекет бaй болу керек. Бірaқ жaқсы бiлім беру – елдiң жaқсы жaғдайының aрқасы екенi aнық болa тұрa, жaқсы бiлім беру – көп шығындaрды талaп ететінi шындыққa жaнаспайды. Оңтүстiк Коpея мен Гpекия мемлекеттерiнде бiр оқушығa еcептегенде шaмамен бiрдей қaржы бөлiнеді. Бірaқ Оңтүстiк Коpея бaрлық рейтингте aлғашқы үштiкте болcа, Грекия соңындa тұp»-деп көрcетеді А.Құсaйынов өзiнің «Әлемдегi және Қазақстандaғы бiлім берудiң сапаcы» еңбегiнде[2].
Бiлім беру шыңы бoлып тaбылатын елдердiң тәжірибелерiн зерттегенде бiлім берудегi жoғары жетiстіктер мемлекеттiк қaржылaндыру көлемiмен емеc, әр елдiң бiлім беру cтратегияcының бoлуымен және cтратегиялық мaқcатқа жету үшiн жұмыc icтейтін бiлім беpу мoделi құрылуымен aнықталaды екен.
Финляндия мектебіндегі оқыту қарқыны кезеңі. Фин мектебінде жауапкершілікке оқытады, мүмкіншіліктері, физикалық қабілеттіліктері және жүйке жүйесінің жағдайы өзгеше балаларға қарағанда өзінің табиғи мүмкіншіліктеріне қарай төмен оқушыны ешкім күштеп оқытпайды. Финляндия мектебіндегі сабақ — белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі материалды меңгеруді бақылау болып табылатын үй тапсырмасы — тестілер. Оқушы жауапкершілікті өзі дайындайды. «Білім алу» қағидасы оқытудың барлық үрдісінде бар. Фин мұғалімдері елде желісі мен өзара байланысы дұрыс жолға қойылған Интернеттегі және кітапханадағы мәтіндік материалдан білім алудағы ізденісті ынталандырады
Фин мектебіндегі оқыту дәрісі — бүл мұғалімнің дәрісін пассивті қабылдау емес, әрбір оқушыда қажетті білімді табуға деген белсенді ниетіне қарай ынталандыру.
Фин мұғалімдері ешқашан оқушы өзі ниет білдірмесе, оны жауап беруге шақырмайды. Бір оқушының кемшілігін екінші оқушының алдында көрсету бұл елде қолданылмайды. Финляндия мектептеріндегі сыныпта 2 педа¬гог: мұғалім және оның көмекшісі жұмыс істейді. Бағдарламалары толық қаныққан, жоғарғы мектепте оқуға мүқият дайындалу жүргізіледі және мектеп түлегі өзіне не керектігін біледі. Екі тілді елде фин, швед және ағылшын тілдерін білу, сондай-ақ қосымша шет тілдерін меңгеру міндетті, яғни лицейдің, сонымен қатар алдағы уақыттағы Финляндия жоғарғы мектебінің түлегі дүниежүзінің кез келген елінде жұмыс істеуге дайын болады.

Сингапурде Білім министрлігі педагогикалық мамандықтарға оқуға түскен студенттермен шарт жасасып, оларға оқыған кездерінде алдын ала еңбекақы төлейді екен. Оларды мұғалім мамандығына дайындамас бұрын, тіл және математикалық сауаттылығы, жақсы дамыған қарым-қатынас жасау дағдысы, жеке адамдармен өзара әрекет жасау дағдысы, оқуға дайын болуы, оқытуға деген ынтасы сияқты мінез-құлық жиынтығына ие болу керектігі ескеріледі. Жақсы мұғалім болуға мүмкіндігі бар талапкерлер тестілеу арқылы іріктеледі. Себебі олар мамандық таңдаудағы бір ғана қате шешім сапасыз оқытудың қырық жылына апарып соғатынын түсінеді. Сондықтан, бұл ел мұғалімді даярлауға басқа елдерге қарағанда көп қаражат жұмсайды. Бұның барлығы мұғалім мамандығына жоғары мәртебе береді және оның беделі мен абыройын арттырады.
Казір сингапурліктердің өсіп келе жатқан буындарын тәрбиелеу мен білім беру саласында АҚТ кеңінен пайдаланылады. Сингапур Интернетке тегін қатынас құруға барлық қоғамдық орындары жабдықталған әлемдегі бірінші мемлекетке айналды.
Сингапурдың Ұлттық білім беру институтының «Болашақтың мектебі» жобасы мектептік білім беруде электрондық оқытуды енгізудің тиімді жолдарын анықтауға бағытталған. Бұл мектепте оқу процесі дәстүрліден түбегейлі ерекшеленеді, өйткені толығымен АҚТ-ды пайдалануға сүйенеді. Оқушыларда дәстүрлі оқулықтар мен дәптерлер жоқ, олардың орнына – оқытуды басқарудың ортақ жүйесі мен Интернетке сымсыз қатынас құруы бар электрондық планшеттер қолданылады. Мұғалім оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырушы, оның міндетіне қызықты сұрақтар беру, мектеп оқушылары айналысатын шешімдерді іздестіретін мәселені қою жатады. Тапсырмалар оқушылардың әр түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде және Интернет желісімен, өзіндік жұмыс істеуін ұйымдастыру, ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, оның ішінде ана және шет тілдерінде қажетті ақпаратты іздестіру, тұлғалық маңызды ақпаратты іріктеу, оның пайдалылығы мен ақиқаттығын бағалау, оны логикалық өңдеу, пәнге назарды шоғырландыруға қабілеттілік біліктерін; байланыстық пен тілдік біліктерін дамыту мақсатын көздейді. Егерде тақырыптарды оқып білу кезінде білікті мамандардың бірімен байланыс жасау қажеттілігі бар болса, онда, ол қай елде тұрғанына тәуелсіз түрде, онлайн режимінде желі бойынша оны істеуге болады. Осындай жағдайда мұғалім мен оқушының жұмысы шынайы ынтымақтастыққа артады да бірлескен күш салумен туындаған қиындықтарды жеңуге, пікірлер алмасуға, алынған білімдер мен деректерге сүйене отырып, пайымдауға мүмкіндік береді.
Сонымен, Сингапурдегі электрондық оқыту ақпараттық қатынастық пен педагогикалық технологиялар кірігу жолы бойынша бара жатыр, ақпараттандыру бағдарламасы Сингапур мектептерінде қолданыс тауып тиімді деп танылып отыр деген тұжырымға келуге болады.
Сонымен қатар, Жапония мемлекеті әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдің бірі, себебі білім беруде тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында Lesson Study тәсілін тиімді пайдаланады. «Lesson Study» тәсілі Макота Иошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Сабақты зерттеу немесе сабақты зерделеу Lesson Study-де ең басты үдеріс. Оқу сапасын арттыру мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study топтары әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді. Бұл елдің білім беру саласынан алатынымыз мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуының әдіс- тәсілдері. Мұғалім енген сабаққа талдау берген уақытында немесе зерттеу нәтижесін талдау барысында оқушының білімді меңгеруінің тиімді бағыты анықталады[3]. Осы тәсілді Қазақстан мектептеріне қазіргі таңда енгізіп жатыр өте тиімді болады деп есептеймін.
А. Құсайыновтың «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы» еңбегіндегі: «Өте жақсы америкалық мұғалім зейнетке шыққанда әдістемелерін өзімен бірге алып кетеді, ал жапондық мұғалім бар білгенін артына қалдырып кетеді» деп құнды мысал келтірген[2]. Міне, осыдан мұғалімдер арасында іс – тәжірибе алмасудың ең бір дамыған тиімді тәсілі Lesson Study екендігіне көз жеткізуге болады. Маған ұнағаны сабақ беретін пән мұғалімінің ізденуіне жан-жақты жағдай қалыптасады, білім сапасы және мұғалімнің өз жұмысына деген жауапкершілігі артады, ізденеді, оқушылардың сабақ барысындағы ақпаратты меңгеру деңгейлері зерттеледі. Мектеп тәжірибесіне жаңаша әдіс-тәсілдер ене бастайды.
Қазіргі таңда қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет,ол үшін біз күнделікті беріп жүрген дәстүрлі сабағымызға көз жүгіртіп, өзіміздің оқыту үрдісімізді, әдіс-тәсілдерімізді өзгертуіміз керек. Бұл проблеманы шешу үшін мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп Lesson Study тәсілі бойынша,инновациялық тиімді идеялармен алмасып күнделікті оқу мен оқытудағы тәсілдерінің ықпалын артыра түсуіміз қажет.
Мұғалімдердің пайдаланатын стратегиялары бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне яғни зерттеулердің бағыттарына, топтық жұмыстарға, өздік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оларда білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл- күйлері, толғаныстары туралы және мектептен тыс өмірі жайлы барлық мәлімет болады.
Өз әріптестерімен пән бойынша тәжірибе алмасу аясында, желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс - шараларда ынтымақтастық орнатады. Сондай – ақ, АКТ саласында сауаттылығын арттырып, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемесін меңгереді, оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білулері керек
Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құрып, басқару және жоспарлауға өз үлестерін қосу үшін өз мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отырады және өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз тәжірибесіне қатысты рефлексия жасауға, ой толғауға міндетті.
Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған жаңа форматтағы Кембридж тәсілі бойынша курстан өту барысында мен соңғы уақытта әлемдік деңгейде қолданысқа енгізіліп жатқан педагогикалық әдіс-тәсілдердің жай-күйлерімен таныстым. Орта білім жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген оқу әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдердің кең тарағанын ұғындым. Әрбір оқушыға барынша сыни, тиімді және проблемаларды бірлесіп шешуде көмектесіп оқытудың ортасын қалыптастыру мүмкіндігі бар екендігіне көзім жетті. Білім беру жүйесі өзгеріске ұшырап жатса, біз де өзгеруіміз және педагогикалық әдістемелердің алуан түрлілігін тиімді пайдалануымыз керек.
Бірінші деңгейлік оқыту әдіс -тәсілдерінің алдына қойған мақсаты- Қазақстан мектептерінде жан-жақты зерттелген, өзіндік бай нәтижелерге ие болған әдіс-тәсілдер тарату. Оқушылардың білім сапасы деңгейін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық әрекеттердің бір бағытқа қарай бағытталуы, оқушы алған білімін өмірде қолдана білуі, яғни сол арқылы өмірге бейімделуі керек. Бағдарламаның негізгі мазмұнында оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған. Бірінші бетпе-бет кезеңінде негізгі теориялық білімді ала отырып, шетелдік педагогтардың зерттеулері мен оқытудағы өзгеріске әкелетін әдіс – тәсілдерімен, пікірлерімен танысып, соны өз тәжірибемізде, мектебімізде сабақ беру барысында қолдануға тырыстық. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден-бір тәсіл-топтық жұмыстарды ұйымдастыру екендігі белгілі болды
Мектептегі жұмыс барысында өз тәжірибелерімді қорытындылап үнемі білім сапасы мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы бірнеше мақалаларды облыстық, республикалық деңгейде жариялап отырдым. Онда басты мақсат бұқаралық ақпарат құралдарда тәжірибемді жариялау емес, осы тақырып аясында тйүінді идеялар мен ой бөлісу, пікір алмасу және қолданатын әдіс-тәсілдердің қаншалықты ұстанатын бағытым дұрыстығын анықтау.Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету. Қазіргі заман талабы- сандық технологияны меңгерген сауатты тұлға даярлау. Оқушының сандық сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің де сауаттылығы маңызды дүние. Оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияны жиірек қолданып сабақ өткізу олардың қызығушылықтарын арттырады және интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дағдыландырады.
Менің мектебімде осы әдіс- тәсілдердің жақсы нәтиже беретіндігіне көзім жетеді, себебі жаттанды оқу емес, өмірде қолдануға қажеттігі бар білімді игеру-қазіргі заман талабы. Мектеп оқушыларының өзі әлемдік тормен таныстытулары арта түсті , керек ақпараттарды іздеп тауып, пән мұғалімінен де көп ақпараттарды білуде. Ақпараттарды пән мұғалімі ескі мәліметтер бойынша оқушыларға түсіндірсе, міне осы жерде пән мұғалімінің ізденісі бар болса оқушымен пікір таластыра алады, егер жоқ болатын болса, онда оның оқушы алдындағы беделі түседі. Мұғалім беделі жоғары болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс, ол үшін бір тақырыптың өзін бірнеше технология арқылы түрлендіріп өтуге де болатындығы айқындалды. Мектептің тәжірибелі ұстазының ең негізгі алдына қойған мақсаты, алдындағы шәкірттерінің қызығушылығын оятып қана қоймай, арттыру болатын болса, енді оған, алған білімін өмірде қолдана білу қосылып отыр. Сондықтан тәлімгерлер мен коучтардың көмегімен мектептегі жұмысты жандандыру мақсатында шынайы әрекеттерді іске асыру уақыты жетті деп есептеймін.
Қорытындылайтын болсам, бірінші деңгей бағдарламасы әдіс- тәсілдерінің мектеп өміріне көптеген өзгерістер алып келетіндігімен, оқушылардың білім сапасы деңгейін арттыруымен ғана тоқталып қалмай, өмірге бейімделген, жан-жақты дамыған өзіндік көзқарасқа ие бола алатын жеке тұлға тәрбиелеп шығаруға үлкен әсер ететін тиімді әдіс-тәсіл екеніне нақты көз жеткізуге болады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Сондықтан, Кембридж университетінің әдіс-тәсілдерін меңгеруде “Педагогикалық шеберлік орталығымен” порталға шығып, байланыста боламын. Бүгінгі күні инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі екеніне көзім жетті.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. ҚР. Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауларынан
2. А. Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы"

ID: 1817 | Просмотров: 4538