Қосымша жинақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қосымша жинақтар

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРГАНИЗМІНІҢ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.
[ Сайттан жүктеу (15.8Kb) ] 18.05.2015, 01:50

Материалдың жеке номері 1612

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРГАНИЗМІНІҢ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.

загрузка...
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРГАНИЗМІНІҢ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.

Адам организмі толық ер жетіп ,кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп,
күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі
4-кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму,балалық шақ,ер жету және қартаю.
Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз,тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы,
ал даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызымет
қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы
дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы
уақытта адамның жыныстық жетілуі,репродукцияға қабілеттілігі және әлеуметтік
қызыметтері орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.
Адам баласының жыныстық жетілуі ,әлеуметтік қызыметке
жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі -13—15,ал екіншісі-17-18 жас
аралықтарында жетіледі.Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының
орташа мерзімі12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп
есептелінеді.
Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде
байқалатын заңдылықтар:
Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі: Өсу мен даму процессінің
біркелкі жүрмеитіндігіне байланысты «баланың жасы» деген сөздің өзін
дәлелдеу қажеттігі туады.Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронолгиялық жас(немесе күнтізбе жас)-дүниеге келген уақытынан бастап,
бақылау жүргізіп отырған күнге деиінгі аралық.Жастың мұндай түрін айыру
күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне
байланысты болатын, организмнің морфофункциялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау- бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық
белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.
Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде
орындалмауы: Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез
процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының
гетерехрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің
іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.
Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди –морфизм):
Жыныстық ди- морфизм -өсу және жеке функционалдық жүйелер
мен бүкіл организмнің даму қақынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне
байланысты болады.Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың
негізі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары
болып келеді.Ал керісінше,пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының
өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас –жыныс ерекшелігіне сәйкес
бірінші қилысуы болады .Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі
де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда
жоғары болады. Сөйтіп, екінші қилысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі
осы екі қилысу-дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән.
Сонымен қатар көптеген фунционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет,
тыныс алу және жүрек, қан- тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей
жүрмейтіндігі байқалады.
Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі:
Организмнің әрбір қызымет етуші жүиелеріне сәйкес биологиялық
сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры
берілген.Бұған өкпе,бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса
қызымет етуі мумкіндік береді,яғни тірі организмдегі негізгі жүиелердің
көбі бірінің қызыметін бірі қайталай алады және организмге қажетті
элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.
Генетикалық және сыртқы орта факторлардың маңызы: Балалардың
дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады:Биологиялық(генетикалық) және қоршаған орта (қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.
Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған.Бірақ қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде ауруларды да) міндетті түрде білуі керек. Солай десек те,тұқым қуалаушылықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.
Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мумкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мумкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан «вундеркинд» жасап шығаруға болады.
Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау қажет.
Акселерация: латынша (ассеlarae)-жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация
қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындықты көрсетеді, табиғаты көп факторлары болып келеді.Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызымет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызымет қабілетін азайтатындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан,өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалармен жасөспірімдердің қалыпты өсіп,дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалармен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерде бүтін организм ретінде қызымет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.
Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне,тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологилық бақылау жүргізу мүмкін емес.
loading...

Автор: Калиева Гулжан

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы "Айналайын" ясли бақшасы

Бөлім: Қосымша жинақтар | Қосты: asilai
Көрсетілім: 1180 | Жүктеулер: 549 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 34
Қонақтар: 34
Тіркелгендер: 0