Сайт учителя начальных классов
.
Жоба Ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану -

Жоба Ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 987 | Просмотров: 1996 | Размер: 2.09 Mb | Автор: айтбала
Міне бүгін, ХХІ ғасыр табалдырығын аттап, тәуелсіздік туын биікке көтеріп, егеменді ел болып, саяси сахнаға шығып, дүниежүзіне де танымал болдық. Бұл жаһанданған жаңа ғасырдың есігін ашқанша ата-бабаларымыз қаншама қиыншылықтарды басынан өткерді. Азапты “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны” да, басқа түскен сүт бетінен сүзіп алған қаймақтай қазақтың бір туар азаматтарын “репрессияға ” ұшыратуды да, “Желтоқсанда жанған оттай лаулаған “қазақпын” деген жастарды жер жастандырған заманды да көзбен көріп, куә болған күндерді де артта қалдырып, “Мен қазақпын” деп ешкімнен қаймықпай айта алатын дәрежеге де жеттік.
Алдағы уақыттағы еліміздің стратегиялық бағдарламасындағы “Бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына ену” жолдарының бастауы да білім беру ордасы мектептен басталады емес пе?! Нарық заманы білім саласына, білім мекемелері мен ұстаздарға үлкен міндеттер қоюда. Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті – жас ұрпаққа сапалы білім және саналы тәрбие берумен қатар, заман талабына сай білімді, білікті маман иелерін даярлау, сонымен қатар нарық заманының бәсекесіне түсе алатын, түскен ортасында өзінің білім деңгейі мен кәсіби шеберлігін көрсете алатын адал азаматтарды тәрбиелеу.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” және “Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек” деген тұжырымдары бар. Тіл саясаты, міне, осында жатыр. Қазақ тілін оқытуда ұстаздар қауымы ең алдымен осы тұжырымдарға сүйенгеніміз абзал. Қазақ тілі – ертедегі Түркі Қағанатының Алтын орда заманындағы үстем тілі. Қазақ тілі – эстетикалық талғамы зор тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөздерімен даналық талғамын барлығын нұрландырып тұрған нәрлі тіл – қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі. Осылардың бәрін шәкірттерге танытып, бойларына сіңіру үшін бүгінгі күннің қазақ тілі мұғалімі Адам ретінде ұлт рухын асқақтататын, аспандататын нағыз шебер болуы хақ. Яғни тілді басқа ұлт оқушыларына оқыту – негізгі мәселелерді шешудің басты тетігі.Бүгінгі таңда оқытудың түрлі жаңа педагогикалық технологиялардың туындауы да осының дәлелі. Осына басшылыққа ала отырып тілді үйретуді қалай тиімді, әрі оңтайлы үйрете отырып, келешек ұрпақтың біздің ана тіліміздегі шығармашылық қабілеттерін дамытуды оңтайлы жүргізу жолы. Ол, әрине ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі ақпаратты- қатынастық технология құралдарымен етене байланыс.

Мақсаты:
АҚТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушының ғаламдану, жаһандану кезеңіндегі қалыптасқан тілдік қабілеті жоғары тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:
1. Оқу процесіндегі ақпараттық технологиялардың орнын, тәсілі мен рөлін анықтау
2. Интерактивті тақтаның қызметі, түрлері, тақтаны сабақта тиімді қолдану
3. Интерактивті тақтаның тиімді құрал-саймандарын қолданудың мүмкіндіктерін нақты мысалдар арқылы көрнекі түрде көрсету;
4. Интерактивті құралдарды қолданудың қажеттілігі мен тиімділігіне көз жеткізу.
Болжам:
Егер әрбір мұғалім ақпаратты-техникалық құралдарын жетік меңгерсе, онда олар өз тәжірибелерінде (сабақтарында) интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды тиімді де пайдалы түрде қолдану мүмкіндігіне ие болар еді.

Күтілетін нәтиже:
 Заман талабына сай ақпараттық технологиялармен танысады
 Интерактивті тақтаны қолдануды үйренеді
 Интерактивті тақтаны, интерактивті тақтаның тиімді құрал-саймандарын сабақта тиімді қолданады, мәліметтерді өз бетінше жинақтап, өңдей алады;
 Интерактивті құралдарды қолданудың қажеттілігі мен тиімділігіне көз жеткізеді.

ID: 1618 | Просмотров: 1996