Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Жас отбасы және ұлттық құндылықтар
[ Сайттан жүктеу (2.17Mb) ] 26.05.2015, 22:35

Материалдың жеке номері 1665

Жас отбасы және ұлттық құндылықтар

загрузка...

  Асқарова Гүлзада Байсарықызы

  Қазақ-Америка Университеті жанындағы

   мектептің қазақ тілі пәнінің оқытушысы

 

Қазақ тілі, 10-сынып

 

Сабақтың тақырыбы:

Лексикалық тақырып:   Жас отбасы және  ұлттық   құндылықтар          

Грамматикалық тақырып: Кезектес салалас құрмалас сөйлем

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының әдет-ғұрпы мен  салт-дәстүрінің маңыздылығын, адам қарым-қатынасындағы тәрбиенің ролін көрсетіп, ұлт жанашыры болатын азамат тәрбиелеу.

 Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік.Қазақ халқының әдет-ғұрыпымен салт-дәстүрлері туралы оқушыларға баяндап түсіндіріп,маңызын көрсету.

Дамытушылық.Оқушылардың ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту, түрлі жағдаяттарды көріп,тығырықтан шыға білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру

Тәрбиелік. Адамгершілігі мол, ,парасатты, ұлттық рухы биік тұлға тәрбиелеу.

 

1-тапсырма. Мәтінді  тыңдаңыз. (қосымшада берілген power point пен видеороликті қосыңыз)

 

Нәресте мен періште

 

Бір нәресте дүниеге келуге жақындағанда, бір періштеден сұрайды:

-Мен өте кішкентаймын, сондықтан мен ол жақта қалай өмір сүремін?

-Қорықпа! Сен ол жақта жалғыз болмайсың. Сені  бір өте мейірімді  қамқоршың күтіп алады. Ол әрдайым сенімен бірге болады, сенімен бірге күледі, жылайды. Сені ешқашан жалғыз қалдырмайды. Тіпті саған ол жақтағы ең әдемі тағамды береді.

-Ол жақта  жаман адамдар бар екен. Мені олардан кім қорғайды?

-Сенің қамқоршың сені жан-тәнімен қорғайтын болады. Өзіне қауіп төнсе де, сені жалғыз тастамайды.

-Алайда мен осында бақыттымын. Ән айтамын, періштелердің әнін тыңдаймын.

-Сенің қамқоршың да саған әрдайым әдемі әндер айтып береді. Сені ыстық  алақанына алады, мейірім толы құшағына басады, бетіңнен сүйеді, «періштем» деп еркелетеді.

-Егер ол жақтағылар менімен сөйлессе, мен оларды қалай түсінемін?

-Сенің қамқоршың саған олардың тілін үйретеді.

-Сен оған «ана тілім» дейсің. Тіпті сен ең бірінші оның атын айтатын боласың.

-Ендеше менің соңғы сұрағым мынау: мен оны қалай танимын? Оның аты кім?

-Оның аты –Ана. Сен оған “Анашым” дейтін боласың.

 

 

   2-тапсырма. Тыңдалған мәтіндегі ана  жайлы сөйлемдердің мағынасын түсіндіріңіз.

 1. Ана- баланың ең мейірімді қамқоршысы.

 2. Кез келген ана баласымен бірге күледі,жылайды.

 3. Ана өзіне қауіп төнсе де, баласын ешқашан жалғыз   тастамайды

 4. Ана баласына бесік жырын айтып береді.

 5. Ана  баласын ыстық алақанына алады, құшағына басады

 

3-тапсырма. Берілген сурет  бойынша баланың өмірге келуінен бастап аталып өтетін дәстүрлі шаралардың ретін толтырып, тақырыбын жазыңыз.

 

_______________________________________________

1.__________________________                                      3.______________________________

2.__________________________                                      4._______________________________

 

Керекті сөздер: Үйлену тойы, сүндет той, тұсау кесу, балаға ат қою, бесікке салу, атқа мінгізу, құдаласу.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

-  «Қаз-қаз балам, қаз балам, қадам бассаң мәз болам!», - деген тілек сөз қандай тойда айтылады?

-  «Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың»,-деген қанатты сөз кімге арналған?

-  «Жар-жар» әні қай тойда айтылады?

- Баланың құлағына қай дәстүрде үш рет айқайлайды?

 

 

Граматикалық түсініктеме

жалғаулықтары

мысалдар

Кезектес салалас құрмалас сөйлем іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.

 бірде, біресе, кейде.

Жас отбасы кейде үйдің жоқтығынан қиындық көреді, кейде жұмыс таба  алмағандықтан тұрмыс-жағдайлары нашарлайды. Жас келін біресе үйге кіреді, біресе далаға шығады.

 5-тапсырма. Жағдаят. Жас ата-аналардың бейқамсыздығынан болатын осындай  жағдайда не істер едіңіз? Кейде, біресе жалғаулықтарының көмегімен шағын әңгіме құрып, суреттің атауын жазыңыз.

   _______________________________                     _____________________________

 

  «Тығырықтан шығу» деп аталатын жағдаяттық сауалдарға өз пікіріңізді айтыңыз.

1.   Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?

2. Бала үйге сырттан қатты ашуланып,  бөлмесінен шықпай қойды.Сіз не істейсіз?

 

6-тапсырма. Жауап беріп көріңіз. Не істер едіңіз?

 

Жағдаяттар

Өзіңіздің басыңыздан кешкен осындай оқиға

Ата-ананың кеңесі

1. Бір нәрсеге ашулы 10 жасар ұлы: «Құрысын мектеп! Мұғалімнің бәрі әділетсіз!»,-деп күйіп-піседі.

 

 

 

7-тапсырма. «Жас отбасының тұрғын үй мәселесі» деген тақырыпта жоба жазыңыз.

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

____________________________________________________________

Керекті сөздер:Жас отбасы, мемлекет тарапынан қолдау көрсету шаралары,жетіспеу, тұрмыстық жағдай, мемлекттік бағдарлама, пайызсыз несие, қаражат, тұрғын үй, құны төмен, қабілетті.

 8-тапсырма.. Жас отбасы үшін  «Мерейлі отбасы» деген айдармен өткізілетін ұлттық байқауға хабарландыру жазыңыз

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________  

9-тапсырма. Мәтінді оқыңыз

                                  Отбасы және дәстүр                                              

Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі.

Отбасы-әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұлттық қалыптастыруда маңызды орын алады.

                                                                                                   («Жаңа толқын» кітабынан)

 

   10-тапсырма. Үлгіні негізге ала отырып, сызбада берілген тақырыптар бойынша тілек жазыңыз.

 

 

Жас жұбайларға

Өзіңіздің  тілегіңізді жазыңыз

 Балаға қатысты салт-дәстүрдің біріне тілек

 

«Қымбатты, Сәуле! Туған күніңмен құттықтаймын! Алар мақсатың мен жетер шыңың биік болсын, әрбір таңның шуағы қуаныш сыйласын!

 

 

 

 

Кішкентай Азаттың дүниеге келу қуанышымен құттықтаймын. Дүниеге келген сәбидің  дені сау, еліне ардақты азамат болсын!

 

      

 11-тапсырма. Қай  мақалдың мазмұны  көрсетілген суретке  сай келеді?

 

1.________________      2._________________      3. _______________    4    ________________

 

1. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді      тербеткен.

2. Ана аялы алақанының аясы — ақ шынардың саясы.

 3.  Әкесіне қарап- ұлын, шешесіне қарап-қызын таны.      

 4. Ата-ананың қарызы,

                    Ұрпақтың өмірлік парызы.

 

14-тапсырма. Керекті сөздердің  көмегімен  ребусты шешсеңіз, тәрбиеге қатысты мақал шығады.           

             

Керекті сөздер: Ата,тіл, ін,,алма,таға, нан, ұл, доп, ана,  бет, тұз.

____________________________________________________________________________

 

15-тапсырма.  «Отбасы ұлттық құндылық құнын ұғыңыз» айдарымен төмендегі кестені толтырыңыз.


16-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

 

 

1.Шідехана қашан жасалады?

  1. бала туғанда
  2. Бала жүргенде
  3. Жастар үйленгенде
  4. құдаласқанда

2. «Босағаң берік болсын» дейтін бата түрі
a) Жас отбасына берілетін бата

b) Дастарқанға берілетін бата

c) Сапарға шыққан адамға берілетін бата

d) Бала дүниеге келгенде берілетін бата

 

3.Қазақ халқының ата салты, ұлттық құндылығы -..

a) үлкенді сыйлау

b) қарттар үйіне өткізу.

c) тамақ бермеу

d) үлкенді сыйламау

4. Сөйлемді толықтырыңыз.

Отбасы-

  1. әр адамның алтын ұясы
  2. сені ешқашан жалғыз қалдырмайды.
  3. қалыптасуы керек
  4. отбасы үшін өте маңызды

 

                                                                      Глоссарий

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Алтын ұя

 Родной очаг

Native place

Ұлттық дәстүр

Национальная традиция

National tradition

Дағды

Навык

Skill

Сыйластық

Уважение

Respect

Әзірлеу

Готовить

Prepare

Шаңырақ

Семья

Family

Періште

Ангел

Angel

 

 

Оқытушының оқушымен  жүргізетін өздік жұмысы (ООӨЖ):

 

№1. Роза Әлқожаның «Қос бәйтерегім» өлеңін мәнерлеп оқып, әнімен айтып үйреніңіз.                                                           

 

 

Әкешім, пана болған биік шыңым,

Үйреткен мына өмірдің барлық сырын.

Жер бетін кезгенменен,

Сендердің көздеріңнен,

Төгілген жылылықты

Ешкімнен сезбедім мен.

Анашым, ақ сүт беріп мәпелеген,

Кешірген көп кетсе де қате менен.

Анамның алақаны,

Әкемнің қарағаны,

Ұқтырды біз екенін бақытқа балағаны.

 

                                                                                                                                                                                                               

№2.   Ана туралы мақал мәтелдерді оқып, түсінгендеріңізді айтып беріңіз.

 

1. Ананың көзі - балада, баланың көзі далада.   4.Ананың құны -ананың сүті.

2. Ана жақсылығын ауырсаң білерсің.                 5. Атасыз -үй батасыз.        

3. Ананың сүті-бал                                                       Анасыз- үй панасыз

   Баланың тілі-бал                                            

 

  Батаны жаттап алыңыз.

Жас отбасына берілетін бата                                                    Дастарқанға берілетін бата

                                                                                                       

   Отбасың үлкен бай болсын,                                                      Дастарқаның тоқ болсын,

   Төрт түлігің сай болсын,                                                           Уайым-қайғың жоқ болсын!

   Шаңырағың жоғары, биік болсын,                                          Бақ-дәулет берсін бастарыңа,

   Босағаң берік болсын,                                                               Ғұмыр берсін жастарыңа!

   Астарыңа адалдық берсін,

   Бастарыңа амандық берсін. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақ тілі. Алматы: Шың-кітап, 2009,69 бет.

2.Артыкова Т.М., Боранбай М.Б. Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2013, 7бет.

Қосымша әдебиеттер:

1. «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» Халел Арғынбаев, Алматы.

2. Жаназарова З.Ж. Современная семья в и ее проблемы. –Алматы.

loading...

Автор: Асқарова Гүлзада Байсарықызы

Алматы қаласы, Қазақ-Америка университеті жанындағы мектеп

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Аскарова_Гүлзада
Көрсетілім: 1477 | Жүктеулер: 527 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 58
Қонақтар: 57
Тіркелгендер: 1
Жаксимбетова_Зарина