Сайт учителя начальных классов
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Қызылқұм» ауыл әкімшілігі
Ябек Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сәрсенова Лаззат Ермекбаевна
Биология пәнінің мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар
13 сабақ
Жаратылыстану пәні мұғалімі: Сарсенова Ләззат
Сыныбы: 5 «А» Мерзімі: 05.12.2015ж.
Пәні : « Өсімдіктер әлемі».
Тақырыбы: «Жапырақтың түрлері». «Ет жегіш жапырақтар».
Мақсаты: : Оқушыларға жапырақтың түрлерімен таныстыру. Ет жегіш жапырақтар және шырынды жапырақтар жайлы мағлұмат алады. Сыни ойлауға үйрету. Қойылған мәселені таба білу. Еңбекке баулу.
Күтілетін нәтиже: Жапырақтың түрлерін біледі, және олардың пайдасы мен зияны жайлы ой қалыптастыру. Сөйлеу тілі мен танымдық логикалық ой дамыту.
Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұптық, топтық жұмыс.

Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
3 мин

Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: амандасу, түгелдеу, жағымды сөздермен сабаққа зейін аударту;


Мұғаліммен сәлемдесу.
Өз ұрандарын айтады.
Сабақ оқып, білім ап,
Күнде бестік алайын.
Егеменді елімнің
Пайдасына жарайын.
Тәуелсіздік мейрамы
Құтты болсын ағайын!
Ауызша мадақтау.
Парақшалар суреттер

Үй тапсырмасы
5 мин

5 мин Үй тапсырмасын сұрау 1.«Сұрақ жауап» әдісі арқылы сұрақтар қоямын.
1.Жапырақ – бұл жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?
2.Жапырақ өсімдіктің қай мүшесіне жалғас өскен?
3.Жапырақ қандай газды жұтып, нені бөліп шығарады?
4.Жапырақтың ең қажетті мүше деп аталатын себебі?
5.Жапыраққа жасыл түс беретін?
6.Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?
7.Адам өмірі үшін жапырақтың қандай пайдасы бар?
8.Жапырақ пішіндері?
9.Жапырақтың орналасуы?
10. Жай жапырақ?

2. «Биологиялық диктант»
Жапырақтың өсуі алдымен ұшынан басталып, содан соң негізі, ең соңында ........ өседі. Фотосинтез үшін энергия көзі-......... .Бөлмеде өсетін алоэ, агава ..... жапырақтарға жатады. Жапырағы жоқ өсімдіктер органикалық заттарды ......... түзеді.
Қабыршақты жапырақты ..... болмайды.
Әр топ өзіне қойылған сұраққа сын тұрғысынан ойланып жауап береді.
Жер асты
сағағы

көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.

Хлорофилл

Сұлулық, таза ауа.

Бүйрек, ромб, таспа, ине, жұмыртқа.
Сағағы мен жапырағы біреу.
Оқушылар керекті сөзді орнына қою арқылы тапсырманы орындайды.

Шырынды
Сабағы
Жарық
Сағағы
Хлорофил
Әрбір дұрыс жауап үшін топ мүшелері бағалап отырады.

Әрбір дұрыс жауап үшін топ мүшелері бағалап отырады. Сурет
Ақ парақша

Стикер
Сурет

Ақ қағаз
Жаңа
сабақтың танысты
рылымы
8 мин Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын. Таратпа таратамын.
«Ет жегіш жапырақтар.»
1.Шықшөп.



2.Дүңгіршекшөп.



3.Саррацения (аулағыш шұңқыр)



Непентес.

Оқушылар берілген суретте қай жапырақ екенін табады, және постер қорғайды. Әрбір дұрыс жауап үшін топ мүшелері бағалап отырады. Ақ парақ
Сурет
Стикер
Маркер
Жаңа сабақты қолдану
6 мин

5 мин

4 минут Жаңа тақырып бойынша 4 топқа жеке-жеке тапсырма беремін.
1.Графикалық диктант «+» дұрыс «-» қате.
Жәндікпен қоректенетін өсімдіктер- ылғалы өте аз құрғақшылық жерлерде өседі.
Жапырақта органикалық заттар жиналмайды.
Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктердің Қазақстанда өсетін түріне саррацения (аулағыш шұңқыр) жатады.
Етпен қоректенетін өсімдіктердің 200 ден астам түрі бар.
Су қорын жинайтындарды шырынды өсімдіктер деп атайды.
2.»Қатесін табу».
Берілген өсімдіктерді түріне қарай ажыратып, тиісті тобына жазады.
Непентес-жапырағы 2 түрлі; біріншісі-суда қалқып тұруына көмектесетін жіп тәрізді, ал екіншісі-«аулағыш».
Шықшөп-жапырақтары гулсидамының айналасында дөңгелене орналасып, жерде жатады.
Жапырақ жайлы жұмбақтар шешу.
1.Сабаққа бекитін бір ғана ноқтасы бар,
Жап-жасыл бірнеше жалпиған тақтасы бар.

Күн сәулесін сіңіріп жарықта,
Газ бен су айналар қантқа.

Көктемде тұрады бұтаққа асылып,
Күзде жерде жатады шашылып.

Өсімдік денесіндегі негізгі қор зат,
Тіршілік үшін маңызы ерекше зор зат. Әр топ берілген тапсырманы оқушы жұпта ой бөлісіп, сұрақтарға топтасып жауап береді.

-

-

-

-

+

Топпен бірлесіп, дұрыс жауабын жазады.

Дүңгіршекшөп.


Саррацения (аулағыш шұңқыр).

Жеке немесе топтасып жауап береді.

Сағақ

Фотосинтез

Жапырақ

Крахмал Әрбір дұрыс жауап үшін топ мүшелері бағалап отырады

Әрбір дұрыс жауап үшін топ мүшелері бағалап отырады.

.

Әрбір дұрыс жауап үшін жұлдызша белгілеу А4 формат
Маркер

Сурет

Ақ қағаз
маркер

Рефлексия
3 ми «Даналық ағашы».
«Даналық ағашы».

Стикер

Қорытынды
3 мин Бүгінгі жаңа тақырып бойынша жапырақтың түрлері көп екеніне тағы да көз жеткіздік. Жапырақтың түрлері мен, біздің елде қандай түрлері бар екенін білдік. Н.Ә Назарбаевтың «жасыл ел» бағдарламасы бойынша жайқалған жасыл желекті ел болайық деп өзімнің сабағымды аяқтаймын

Жапырақтың түрлерін атап шығады. Ауызша мадақтау суреттер
Үйге тапсырма
2 мин «Ет жегіш жапырақтар».
«Жапырақтардың адам өміріндегі рөлі» -шағын эссе жазу.
Күнделікке жазып алады. Күнделік

Директордың оқу ісі орынбасары: Б.Тұратова

ID: 2298 | Просмотров: 7344