Сайт учителя начальных классов
.
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Березов мектеп-балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сатубалиева Айнур Набиуллиновна
Сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйымдар
Сабақтың мақсаты:
білімділік: лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы мен жазылуын меңгерту.
дамытушылық: олар ауызекі және жазба тілде қолдана алуға дағдыландыру.
тәрбиелік. сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, зергерлік бұйымдар, оқулық, қима қағаздары
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
-Өткенді еске түсіру.
-Жаңа сабақ пен өткен сабақты байланыстыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Қазақтың зергерлік өнері туралы жалпы түсінік беру.
Суреттермен жұмыс.
Интерактивті көмегімен алдын ала дайындалған зергерлік заттардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар өздері білетін бұйымдардың атын қазақша, кейбірі орысша атап шығады. Енді осы суреттердің астына олардың атауын қатесіз жазу тапсырылады. Оқушылар жаңа сөздерді бірден қатесіз жазып кете алмайды. бірін-бірі тұзете отырып, оқушылар жаңа сөздермен танысып алады.
Сөздік жұмысы.
Тақтадағы сөздердің айтылуын меңгерту барысында жаңа сөздерді қайта-қайта қайталату арқылы оларды дұрыс айта білуге баулу. сол сөздердің лексикалық мағынасын меңгерту мақсатында олармен сөз тіркестерін, содан кейін сөйлемдер құрастыру.
Мәтінмен жұмыс.
а) оқу, аудару
ә) сұрақтарға жауап беру
Тапсырмалар. Семантикалық карта
Осы сөздерді буынға бөліп, түрлеріне қарай ажырату
бұйым, білезік, сырға, сақина, жүзік, алұа, зат, тас
2-жаттығуда берілген сөздермен 3 сөйлем құрастыру.
3-жаттығуды орындау. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу.
«Зергерлік бұйымдар» тақырыбына жұптасып диалог құрастыру.
Өзіннің, ата-анаңның қандай қандай зергерлік бұйымдары бар екенін атап шығу.
4-жаттығу. Бір зергерлік бұйымды суреттеу
1. Ол қандай зергерлік бұйым?
2. неден жасалған?
3. Көзі бар ма?
4. Көлемі қандай?
Бекіту кезеңі.
жасыл жолақта берілген сөздерді талдау. Оқушылардың түсінігін сұрау.
Үйге тапсырма беру. 1. 1-жаттығу. мазмұнын айту
2. Жаңа сөздерді жаттау

ID: 1680 | Просмотров: 3979