Сайт учителя начальных классов
.
Қазіргі білім берудің жаңа әдістері оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға, өз пікірін еркін айтып, дәлелдей алуы тағы сол сияқты ықпал ететіндігі белгілі. Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс-тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймын. Өз іс-тәжірибемде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған мәселемен бетпе-бет келген кезде жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында қалай іске асыратыныма тоқталып өтейік.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың зат есім туралы білімді үйренуін қолайлы жағдай жасау;
Сабақтың міндеттері:
- оқушылардың зат есімді ажыратып, сұрақ бойынша таба алуға көмек көрсету;
- сөйлем, мәтін құрау арқылы зат есімдерді талдай білуге үйрету;
- жеке, жұпта, топта өзінің ой толғанысын жеткізуге мүмкіндік беру;
Күтілетін нәтижелер:
- оқушылар зат есімді ажыратып, таба алады;
- зат есімді қатыстырып мәтін оқып, эссе жаза алады;
- топта жұмыс істеу ережесі сақталады;

ID: 1268 | Просмотров: 2098