Туынды және оның қолданылуы

  • Жүктеулер: 695
  • Көрсетілім: 1903
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 19/Окт/2015
Ашық сабақтың тақырыбы: Туынды және оның қолданылуы. (10 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өтілген «Туынды» тарауы бойынша білімдерін жүйелеу, жалпылау; есеп шығару біліктерін, дағдыларын дамыту; қалыптасқан теориялық білімдерін практикада қолдануды үйрету және ҰБТ есептеріне жаттықтыру.
Логикалық ой-өрісін, таным белсенділігін, іздену қабілеттерін және пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Топпен жұмыс істеуіне, бір-бірінің пікірін тыңдауға, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімдерін жүйелеу және жалпылау сабағы.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: деңгейлік есеп карточкалары, кестелер және бағалау парақтары, интерактивті тақта.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу тренингі. (2 мин)
Сәлем достым! (амандасады)
Сенің бүгін көңіл-күйін қалай? (иықтарынан қағады)
Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
Сен келдің! (қолдарын жаяды)
Жақсы болды! (құшақтасады)
Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау және қою. (2 мин)
Сабақтың ұраны: (1 мин)
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан!
1-тур. Алгоритмдік деңгей (формулаларды қайталау – 5 мин)
1 топ: Туындының анықтамасы және туынды табу кестесі.
2 топ: Туынды табу ережелері.
3 топ: Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Жанама теңдеуі.
2-тур. Эвристикалық деңгей (блиц-турнир – 5 мин)
cos⁡х функцияның кері функциясы?
tan⁡〖х 〗 функцияның периоды?
〖sin 〗⁡60 градустың мәні?
2√х туындысы?
π туындысы?
ненің туындысы (-1-ге) тең болады?
sin⁡х= - 1 теңдеуінің шешімі?
tg x = 1 теңдеуінің шешімі?
cos x= 0 теңдеуінің шешімі?
tg 30 градустың мәні?
cos 4x туындысы?
sinх= 3/2 теңдеуінің шешімі?
ctgπ/4 мәні?
cos х= a теңдеуінің шешім формуласы?
sin x =a теңдеуінің шешім формуласы?
3-тур. Алгебралық деңгей – берілген функциялардың туындысын табу қажет. (10 мин)
Y = 4x3 – 2x2 + x – 5; Жауабы:〖 12x〗^2-4x+1
Y = (x – 1)(x2 + x + 1); Жауабы: 〖3x〗^2
Y = √(4-x^2 ); Жауабы: - x/√(4-x^2 )
Y = sin⁡(〖5x〗^2+π/3); Жауабы: 10xcos(〖5x〗^2+π/3)
Y = tg3x + 7/x^3 ; Жауабы: 3/(〖cos〗^2 3x)-21/x^4
Y = (〖6x〗^2-0,05)^100; Жауабы: 1200x(〖6x〗^2-0,05)^99
Y = (2x-1)/x^2 ; Жауабы: (2-2x)/x^3
4-тур. Эстафеталық деңгей – 5 мин.

1-топ
2-топ
3-топ

f(x)=〖 x〗^3-〖3x〗^2+7;
f1(x);
f1(-2);
f1(x) =0;
f1(x) ≥0. f(x)= 〖1/3 x〗^3+〖4x〗^2-9x+1;
f1(x);
f1(-2);
f1(x) =0;
f1(x) ≤0. f(x)= 〖1/3 x〗^3-〖2,5x〗^2-6x;
f1(x);
f1(-2);
f1(x) =0;
f1(x)>0

5-тур. Пәнаралық деңгей – 5мин.

Нүкте түзу бойымен s(t) = 〖2t〗^3+t^2-4 заңы бойынша қозғалады. Уақыты t=2 с кезіндегі нүктенің лездік жылдамдығын және үдеуін анықтаңдар. Жауабы: v=28м/с, a=26м/с
f(x) = 〖2x〗^3-5x функцияның графигіне М(2;6) нүктесінде жүргізілген жанаманың
көлбеулік бұрышын табыңдар. Жауабы: arctg 19
Абсциссасы х0=1 нүктесінде f(x)=x^4+x функциясының графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жазыңдар. Жауабы: y = 5x - 3
6-тур. Арифметикалық деңгей. (7 мин)
arcsin(- 1/2)+ arccos√3/2 өрнегінің мәні неге тең?
Егер f(x) = x-1/x , онда f1(√2) =?
tg x/2 = - 1 теңдеуінің шешімі неге тең?
Егер f(x) =x^2-3x, онда f1(3) =?
2cosx-√2=0 теңдеуінің түбірі?
arcsin0+arccos0+arctg0 өрнегінің мәні неге тең?
f(x) = (х^4-1)(х^4+1) функциясының туындысы неге тең?
Егер f(x) =cos x , онда f1(π/6) =?
f(x) =〖4x〗^2-7x+5 функциясы берілген, f1(0) + f1(1) өрнегінің мәні неге тең?
Егер f(x) = 4sin3x , онда f1(π/3) =?
-1/2 - 6 0 〖8x〗^7 -π/2+2πn 1,5 1 3 - 12 ±π/4+2πn
к е м і ң ә л г л і

Сабақты қорытындылау – 2 мин.
«Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – ол Мәңгілік ел!» Н.Ә. Назарбаев («Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауынан)
Үйге тапсырма беру, оқушыларды бағалау, рефлексия – 1 мин.

Автор: Сарикова Гульнара Абилкасымовна

А.В. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясы

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.