Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаушы мүшелері. Бастауыш
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем мүшелері туралы білімін тереңдету, бастауыш туралы түсінігін кеңейту, бастауыштың жасалу жолын түсіндіру.
Оқушылардың синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, шексіз сүюге тәрбиелеу.
Сүйемін туған тілді –анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағымда сіңірген таныс үнің.
Сабақ түрі:Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кесте, тірек-сызба, тесттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқушының сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Сөйлем дегеніміз не? Негізгі белгілері қандай?
2.Сөйлем түрлерін атаңдар? Жасалу жолдары қандай?
3.Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Негізгі белгілерін атаңдар?
4.Сөйлем мүшесі бола алмайтындар?
5.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара, күрделі, үйірлі мүше дегеніміз не?
Жаңа сабақ: Тұрлаушы мүшелер. Бастауыш

ID: 1308 | Просмотров: 2063