Сайт учителя начальных классов
.
Т.АХТАНОВ «КҮЙ АҢЫЗЫ»

Пәні: 0азақ әдебиеті.
Сыныбы:
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Оқушыларға Т. Ахтанов өмірінен мәлімет беру. « Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбын, композициялық - сюжеттік желісін, негізгі идеясын ашу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру. Өз пікірлерін нақты , жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу.
б) Тәрбиелілік: Өнерді қадірлеуге, оның құдіретін танытуға тәрбиелеу. Ұлттық музыка өнерінің қасиетін тану, оны дәріптеу. Ұлттық салт - дәстүрімізді насихаттау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздары.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқу құралдарын тексеру.
Балалар, « Ақыл - шырақ , қара түнді ашатын,
Білім - жарық, нұрын саған шашатын.» деген қазақ даналығында жақсы сөз бар. Олай болса, бүгінгі сабаққа назарларыңды аударып, еркін елдің есті, білімді азаматы болуға талпыныңдар.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- М. Әуезов « Қараш - Қараш оқиғасы» повесіне байланысты сұрақтар жазылған кеспе қағаздарын дайындап келу.
- Иә, дұрыс айтасындар. Қане кім дайындап келді?
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Нені міндетті түрде білу керек?
1 Тектіғұлдың Сәлмен байдың тепкісінен ауруға шалдығып , қаза болуы, арманда кетуі.
2 Бақтығұлдың інісі үшін кек алуға аттануы. Көк биені ұстауы, жасырын сойып алуы.
3 Қуғыншыларға ұсталып қалуы, оның себептері.
4 Қорған, пана іздеп Жарасбайға баруы.
5 Жарасбайға сенуі. Адал басыбайлы малайына айналуы, қылмысқа баруы.
6 Жарасбайдың Бақтығұлды ел жақсыларына ұстап беруі. Үкім.
7 Қашып шығып, аңдып жүріп, Жарасбайды атып өлтіруі.
ІV Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі сабақта - қазақ халқының маңдайына біткен, кешегі қан майданда Отанын ерлікпен қорғап, замандастарын, яғни қазақтың жауынгерлік рухын әлемге паш еткен, сол ерлікті ақ қағазға қара сиямен айғақтаған, әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов өмірі мен шығармашылығы, ең алғашқы әңгімесі «Күй аңызы» туралы болмақ
Тахауи Ахтанов 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі

ID: 1450 | Просмотров: 2822