Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Сын есімнен өткенді қайталау
[ Сайттан жүктеу (34.0Kb) ] 23.05.2015, 12:01

Материалдың жеке номері 1650

Сын есімнен өткенді қайталау

загрузка...
6-сынып
Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Сын есім тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту. Сын есімдерді сөйлем ішінде ажырата білуге үйрету. Дамытушылық. Сөздік қорларын молайту. Оқи отырып, адам кескінін тани білуге үйрету.
Тәрбиелік. Аңғарымпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, мәтіндер
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы
1-жұмыс. Тыңдау. Ойлау. Әрекеттену.
( Компьютерден хабарландыру тыңдатып, балалардың назарын аудару).

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Барлық заң қызметкерлеріне, полицейлерге, ауыл тұрғындарына!
Кешкі сағат 22.00-де орталық банк тоналды. Қылмыскер ұстатпай кетті. Қылмыскердің кескіні жасырын камераға түсіп қалған.Сол бойынша газетке жарияланды. Абай болыңыздар. Кімде-кім қылмыскерді байқаса, полиция бөліміне хабарлаңыздар!

- Балалар, біз де қылмыскерді іздеуге көмектесейік. Ол үшін адамның кескінін, портретін сипаттай білуіміз керек. Біз сендермен портрет туралы түсінік алған болатынбыз. Қане, кімнің есінде бар, айтып көрейік. Портрет дегеніміз не?
Жазушы М. Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесіндегі Барлас ақынның портретін еске түсіріп көрейік.
Шоқшалау ғана сақалы бар, келбетті келген, зор дауысты, ақсары кісі. Мінезі ашық-жарқын.
Бұл – Барлас ақынның сөзбен салынған суреті.

2-жұмыс.
Қылмыскерді табу үшін тағы да білімімізді шыңдай түсейік. Бірнеше портреттерді оқып, адамдарды сипаттап көрейік.
Қазақтың көрнекті жазушысы Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы негізгі кейіпкер Қайрош қалаға оқу іздеп үйінен қашып кетеді. Әбден шаршап дүкеншіге келіп сөйлескені:
-Іздрәсти!..- дедім әдепті үнмен.Ол маған:
- Пошел!- деп жауап қайтарды.әбден шаршап, қап-қара болған түрімді көріп, «мордасын-ай» деді. Сол кезде аңғарымпаз бала да дүкеншінің түрінің жетісіп тұрмағанын байқап, былай деп суреттейді:
( Дүкеншінің портретін оқытып, сын есімдерге көңіл аударту)
«Шіріген картоптай тарғыл мұрынды, жайын ауыз, маңдайы екі-ақ елі, екі білегі жүн-жүн»
- Бұл портреттен қандай адамды елестетуге болады?
- Қандай сын есімдер бар?
- Сын есімнің қай түріне жатады?
- Құрамына қарай ше?
(Интерактивті тақтадағы мәтіндерден сын есімдерді тапқызып, дәптерге жазғызу).

1-мәтін
Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыпша бел, кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен. Келте мұрын, аузы үлкенірек болғанмен, ол маған өте сымбатты көрінді. Табаны жалпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай, әлде ақсиған тістері ме, әлде ақкөңілділігі ме, әйтеуір, Шеген мені біржола тартып әкетті.

2-мәтін.
Ақбота әдемі, аппақ келіншек болыпты. Жасында дөңгелек жүзді, жұмсақ мұрындылау, арықтау, аласалау еді, қазір ашаң жүзді, қыр мұрынды, бойшаң болуға бет алыпты.

3-мәтін.
Аласа маңдайына кепкасын бастыра киген, сірңке қара жігіт маған бірден ұнамады. Жас баланың өкшесіндей тайпиған, кішкене иек, сояудай тістерін әрең жасырып, құлағына дейін созылған қалың ерінді, бақа ауыздау жігіт екен. Мойны қылқиған, айыр желке, ала көздеу. Желке мен төбесінің арасы төрт-ақ елі, құлын жауырынды, қалақша жігіт.

Адамдардың портреттеріне қарап, олардың мінез-құлықтарын да ажыратуға болады.
- Осы портреттегі адамдар қандай деп ойлайсыңдар?

3-жұмыс.
Адамдардың мінез-құлықтарын санамалап айтып, олардың антонимдерін жазғызу.

Қайырымды – Салмақты - Сабырлы -
Өжет - Мейірімсіз - Тынымсыз –
Батыл - Еңбекқор - Ақылды –

4-жұмыс.
Берілген сөздердің қандай мінездерге сәйкес екенін тауып қойыңдар.
Қатал, мейірімді, сабырлы, сыпайы, дөрекі, жеңілтек.
1.Қабағы түйілген, сұсты, өзінің айтқанын ғана тыңдатады.
2. Көп сөйлемейді, жұмысына тиянақты, ауыр мінезді.
3. Төбелескіш, ауыр сөздер айтады, менмен, алаяқ, тек өзін ғана сүйеді.
4. Жылысөзді, қабағы ашық, барлық адамға өзінің шуағын шашады, ақкөңіл.
5. Сөзінде тұрмайды, тұрақсыз, қу.
6. Қатты сөйлемейді,үлкенді сыйлайды, кішіпейіл, ақжүрек.

5-жұмыс.
-Балалар, полициядан хабар келіпті.Тыңдап көрейік.
Көңіл бөліңіздер!
Кешегі камераға түскен қылмыскердің түр-сипаты анықталды. Ол орта бойлы, дембелше, жуан бел, төртпақ келегн, қысық көзді, мұрны шолақтау, шошайған құлақты, тар маңдайлы, жалпақ табанды, мығым келген жас жігіт.

(Осы мәтінді жасырып қойып, балаларға жатқа жаздыру. Бұл есте сақтау үшін қажет).
- Сонымен, қылмыскер қандай екен?
Қылмыскер портретіндегі сын есімдерді тауып, мағыналық, тұлғалық жағынан талдату.

6-жұмыс.
Түрлі адамдардың қолмен салынған суреттерін көрсетіп, арасынан қылмыскерді тапқызу.

Сабақты бекіту.
Міне, балалар, біз қылмыскерді танып алдық. Енді сақ болайық. Кездесе қалса, полицияға хабарлаңдар.

Бекіту сұрақтары.
- Сын есім деген не?
- Сын есімнің қандай түрлері бар?
- Сын есімдер қандай жолдармен жасалады?
- Күрделі сын есімдер қалай жасалады?

Үйге тапсырма беру. Көркем шығармалардан сын есімдерге мысалдар тауып жазу. Сын есімнен өткенді қайталау.

Бағалау.


Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы
Д. Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қожахмет Сауле Ахметқалиқызы
loading...

Автор: Қожахмет Сауле Ахметқалиқызы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Д. Қонаев атындағы о.м.

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: hele
Көрсетілім: 836 | Жүктеулер: 497 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 42
Қонақтар: 42
Тіркелгендер: 0