Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы Үстеу туралы қайталау.
Мақсаты. Үстеу туралы білімдерін тиянақтау. Есте сақтау, ынтымақтаса отырып еңбектену дағдыларын дамыту. Әдептілікке , тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже. Үстеу туралы білімдері жинақталады. Ынтымақтастық орта құрады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды.

Ресурстар. ИТ, оқулық, плакаттар, маркер

Әдістер. СТО, ОүБ, АКТ, ОЖЕ

№ Коучтың іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты
1.

2.

3.

4. І. Барысы. Ұйымдастыру
1. Психолгиялық ахуал
2.Сабақтың тақырыбын шығару үшін “Сөздер жиынтығы” әдісі арқылы сөздердің екінші дыбыстарынан сөз құрау. Үстеу туралы қайталау.
-Үстеу дегеніміз не?
-Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
-Үстеудің қандай түрлері бар?

ІІ. Үстеу түрлері арқылы топқа бөлу.

Топтарға тапсырмалар беру.
1-тапсырма Мезгіл, мекені сын-қимыл үстеулері туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды.

ІІІ. 1. Дәпермен жұмыс.
- Күн ретін жазу
- Көркем жазу үстеулер жазу

2. Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.

Ауызша сөйлем құрау.
ІҮ. Сабақты қорыту Тест орындау.

Рефлексия «Табыс кілті»
Бағалау
Ү. Үйге тапсырма
«Менің көңіл-күйім» бойларындағы жа-ғымсыз көңіл-күйден арылу үшін қағаз-дарды умаждау арқылы жақсы көңіл-күй орнатады.
Түзу, асық, ата, себет, сурет
Үстеу

Оқушылардың жауаптары

Үстеу түрлері жазылған түрлі стикерлер арқылы топқа бөлінеді.

2-тапсырма
1-топ. Жұмбақтан үстеуді табу, сұрақ қою.
Түнде бармын, кешке жоқпын.
2-топ. Өлең жолдарынан үстеуді табу, сұрақ қою.
Жоғары, төмен үйрек-қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрыла басып былқылдап.
3-топ. Мақалдан үстеуді табу, сұрақ қою.
Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай,
Темір кессең, қықа кес – ұзартуың оңай.

27-жаттығу Тиінге қатысты сөздерді таңдап алып, қай сөз табы екенін анықтау, дәлелдеу.

28- жаттығу Семантикалық карта. Үстеулерді мағыналарына қарай топтап жазу.
29-жаттығу “Дәлелде ” әдісі Берілген сөздердің үстеу екенін дәлелдеу.
Тест
1. Үстеу дегеніміз-
а. Заттың сапасын, сынын білдіреді
ә. Іс-қимылдың әр түрлі сапасын, мезгілін білдіреді
б. Заттың іс-қимылын білдіреді
2. Үстеудің сұрақтарын ата
а. Қайда? Қашан? Қанша? Қалай
ә. Қайда? Қашан? Қандай?
б. Қашан? Қанша? Қай?
3. Үстеулер ең алдымен қай сөз табының алуан түрлі белгілерін білдіреді?
а. Етістік ә. Есімдік б.Сан есім
4. Қосарлану арқылы жасалған үстеуді көрсет.
а. құр босқа, жай әншейін
ә. Бстан-бос, оп-оңай
б. Жылдам, баяу, қазір
5. Еріншектің . . . таусылмас
6. Әлемнің бар екі күзетшісі:
Бірі – күндіз тынығады,
Бірі – түнде тынығады

Ережелерді қайталау. Әр үстеуге қатысты 2 сөйлемнен жазып келу.



2мин

ID: 1351 | Просмотров: 1933