Өскемен қаласы

  • Жүктеулер: 755
  • Көрсетілім: 1522
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 24/Апр/2015
Тақырыбы: Өскемен қаласы
Сілтемесі: 1)Күнтізбелік жоспар, 8 сынып;
Жалпы мақсаттары: Бұл тақырып балалардың тілдерін дамытып монолог пен диалог құруға сонымен қатар өз ойларын айта білуге,өз деңгейіне қарап дұрыс сұрақ құрап, соған жауап беруге үйренеді, өзінің және өзгенің білімін бағалауды үйрену, жеке, жұппен және топпен жұмыс жасай білуге, рефлексия жасап үйренуге баулу. Өз туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқудың нәтижесі: *сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрену
*өз ойларын жеткізе білу
*өзін және өзгені бағалау
*топпен, жұппен жұмыс жасау
Өзектілігі 1 Туған жерін құрметтеуге, бағалауға шақыру.
2 Қоршаған ортаны қорғауға, экологиясын сақтауға шақыру.
3 Жұмыс бірлігі

Әдіс-тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, Синквейн стратегиясы, Жиксо стратегиясы, Аквариум әдісі, жобалау әдісі.

1 Қызығушылықтарын ояту

2 Мағынаны ажырату.

3 Ой толғаныс кезеңі
Қорыту Кіріспе
Мұғалімнің алғы сөзі Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер! Сәлеметсіздерме балалар! Отырыңдар! Балалар түгелдей тақтаға қарайықшы!
Слайд.1 Мына слайдта не көріп отырсыңдар «Ия »
Балалардың жауабы «ия » сөзі
Осы Ия сөзі туралы тағы не айта аласыңдар? Ол не деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауабы Ол
Слайд 2
Онда өзен де ,тау да бар.
Слайд 3
Онда өте әдемі
Слайд 4
Онда адамдар тұрады.
Слайд 5
Грециядағы қаланың аты Ия деп аталады.
дұрыс ол қала. Балалар сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай екен?
Балалардың жауабы: қала туралы
Мұғалімнің сөзі: Дұрыс біз қай қалада тұрамыз?
Балалардың жауабы: Өскемен қаласында тұрамыз.
Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабақтың тақырыбына қандай мақсат қоюға болады екен?
Балалардың жауабы:
Қазақша сөйлесеміз, жаңа сөздермен танысамыз, бір бірімізді бағалаймыз.сұрақтар құрастырамыз, өз ойымызды айтамыз.
Мұғалімнің сөзі: Ал қазір топқа бөлінеміз. (осы қиықтардан құттықтау хат құрастырып, балалар топқа бөлінеді. Белгілі топ құрылып болған соң тапсырма беріледі: суретте не бейнеленген қысқыша айтып беру)
Бағалау парағын тарату.Тақырыпқа көшпес бұрын жаңа сөздермен танысайық.
Слайд Сөздік жұмысы
Жаңа сөздермен жұмыс.
1 Оқу, аудару,
2 сөз тіркес, сөйлем құрау.
Түсті – цветной
Мәселе – проблема
Іске қосу –сдать в эксплуатацию
Теңестіру – сравнить
Қалдықтар –выбросы
Зиянды –вредные
Шара –мера
Қатер – опасность
Күн тәртібі –повестка дня
Құрам – состав
Бұрынғы – бывший
Пайда болу –образоваться
әкімшілік – администрация
Балалардың жауабы:
Зиянды қалдықтар, бүгінгі күн тәртібінде, түрлі – түсті металлургия зауыты тб.
Мәтінмен жұмыс
ЖИКСО стратегиясы
Мәтін үш бөлікке бөлінеді. Әрбір оқушыға мәтіннің бөлігі беріледі. Мысалы 1Бөлігі- 1 топқа, 2 бөлігі- 2 топқа, 3 бөлігі- 3 топқа беріледі..Әрбір топ алдымен өзі оқып, содан соң жұппен ақылдасып, аударып, топпен жұмыс істейді, негізгісін қағазға түсіреді,
Мәтінді талқылап, бір ойға келген соң, әр топтан бір спикер басқа топтарға барып, өз бөлігін түсіндіреді.
Аквариум стратегиясы бір бала шығып өз ұққанын бүкіл балаларға айтып жеткізеді, бірақ алдымен 3 топ көздерін жұмып саусағымен кез келген топқа көрсетеді, қай топқа саусақ көп нұсқалса сол топ бірінші шығып айтады.
Мұғалімнің сөзі: Ендігі сөз кезегін Настяға берейік!
Презентация
Григорьева Анастасия шығып алдын ала берілген Өскемен қаласы туралы қосымша мәліметті қазақша жеткізуге тырысады. Слайд көрсетеді, видео.
Мұғалімнің сөзі.
Блум түймедағы бойынша сұрақтар құрастырып көрейік.
(Жай сұрақ, практикалық сұрақ, түсіндірмелі сұрақ, бағалау сұрағы,нақтылау сұрағы,шығармашылық сұрақ )
Бағалау парағы бойынша әр топ бір - біріне баға қояды.
Рефлексия Синквейн - Өскемен.

Автор: Магзумова Гульмира Каиркановна

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы КММ ОМФИДБАҚМ мектеп-лицей

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.