Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Шылау
[ Сайттан жүктеу (4.08Mb) ] 23.03.2015, 13:12

Материалдың жеке номері 932

Шылау

загрузка...
ШЫЛАУ

Сабақтыың мақсаттары:
Білімділік: Жеке тұлғаның жаңа тақырыпты өз бетінше игеруіне қолайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану, тапсырмаларды түрлендіру, сұрақ-жауап, диалог түрінде беріп жеке тұлғаның қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: өткен тақырыпты пысықтау, жаңа тақырып бойынша ережелер мен анықтамаларды өз бетімен шығаруға баулу, сөздік қорын, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: тұлғаның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Венн диаграммасы, сөздер, ребус, сызбалар, слайд.
Әдіс-тәсілдері: көру диктанты, топпен жұмыс, іздену, талдау, салыстыру, жинақтау, өзіндік жұмыс, тест.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
- Ендеше, балалар, еңбектеніп білім аламыз. Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
30-жаттығу
ІІІ. Ой қозғау. Не білеміз?
Қызығушылықты ояту.
- Жылдың қай мезгілі? (Көктем)
- Көктемнің айларын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр)
- «Көктем» тақырыбына үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау.
1. Көктем ерте шықты. Қар тез-тез еріді. Жылы жаққа кеткен құстар туған елге оралды.
- Міне, енді біздерге құстар қонаққа келді. Жыл құстарының сендерге арнап дайындаған тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды орындап көрейік.
Слайдтан көрсету.
1. «Қарлығаш» - Үстеу дегеніміз не? (Іс-әрекетінің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз.)
2. «Тоқылдақ» - Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? (Қашан? Қашаннан? Қайда? Қалай? Неше?).
3. «Торғай» - Мекен үстеуінің ережесін айт. Мысал келтір. (Қайда? сұрағына жауап болатын үстеулерді мекен үстеу дейміз. Мысалы: Жоғары көтерілді. Ілгері жүрді.)
4. «Бұлбұл» - Мезгіл үстеу дегеніміз не? (Қашан? сұрағына жауап болатын үстеулерді мезгіл үстеу дейміз. Мысалы: Күндіз оқыды. Жаздай демалды.)
5. «Сауысқан» - Сын-қимыл үстеуінің ережесін айту. Мысал келтір.. (Қалай? сұрағына жауап болатын үстеулерді сын-қимыл үстеу дейміз. Мысалы: Тез оқыды. Ақырын сөйледі.) Оқушылардан құстардың орыс және ағылшын тілдеріндегі атауларын сұрау.
Венн диаграммасы.

- Үстеудің неше түрі бар?

Үстеу



Мезгіл Мекен Сын-қимыл Мақсат
Мөлшер Себеп-салдар Күшейткіш
ІV. Жаңа сабақ.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ша.у Слайдтан көрсету.

,,, ,,, ,,

, , ,,

Шешуі: «Шылау»
- Сонымен, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Шылау». Сабақтың мақсаты айтылады.
V. Көру диктанты.
Гүл ектік аулаға,
Көктем де көңілді.
Бақта да,бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.
Тапсырма: Шылауларды тауып астын сыз.
VI. Топпен жұмыс. (Оқулықпен жұмыс)
1-топ. Мен, (бен, пен), және шылауларын қатыстырып сөйлем құрау.
2-топ. Да (де), та, (те), шылауларын қатыстырып сөйлем құрау.
3-топ. 1-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз. Олардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын байқа. Жеке түрғанда мағынасы бар-жоғын айт.
Қаршыға – өте қырағы құс. Өзі смрек кездеседі. Орман-тоғайлы жерде анда-санда ғана оның «қия-қия-қия» деген даусын естуге болады.
Қаршыға – аса епті, қайсар қыран. Көбіне орман-тоғайлы таулы жерді мекендейді. Ол ұзақ отырып өзінің жемін аңдиды. Торғай тұмсығынан бастап шіл мен кекілікті, қаз бен үйректі, дуадақ пен құрға дейін алады. Бұларды көрісімен оқша атылып, зу етіп барады да, өткір тырнағымен бүре түседі. Ол байқатпай келіп, үй құстарына да шабуыл жасайды. Оның күшті де қысқалау қанаты жылдам ұшуға өте бейім. Құсбегілер оны ұстау үшін тұзақ құрады.
2-жаттығу.
«Ойлан, тап» ойыны.
Өлеңді жатқа жазу, «Венн диаграммасы» арқылы салыстыру, бекіту.



Талдау: салыстыру, Венн диаграммасы. Жеке тұрғанда мағынасы жоқ сөздерді табу.
3-жаттығу.
Ойын «Кім зерек?»
Шылауларды қатыстырып, сөйлем құрау.
4-жаттығу.
Ауызша орындау. Сөйлемдегі «мен» шылауын өзара салыстыру. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын өзара салыстырып, жаттығуды тадау.
VII. Сергіту сәті.
5-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, көшіріп жаз.
Біздің сыныптың ұлдары да, қыздары да өнерлі. Мұғалім әкеме менің қалай оқитыным туралы айтты. Әжей Алматқа өзіңе көмектескені үшін алғыс айты.Алмас пен Ербол сабаққа бірге дайындалады.
VIII. Қорытынды.
Сабақты қорыту үшін тест тапсырмаларын орындату.
Тест
1. Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді не дейміз?
а) етістік ә) шылау б) үстеу
2. Мына сөйлемге қай шылау лайықты?
Отан ... отқа түс, күймейсің.
а) туралы ә) дейтін б) үшін
3. «Ы» әрпі қойылатын қатарды тап.
а) ...рақмет ә) ...рыс б) ...рай
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма.
6-жаттығу. Ереже жаттау.
loading...

Автор: Кадирова Майра Раушанбековна

Ақтөбе облысы Әйткеке би ауданы Әйке орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Кадирова_Майра | Ілмек сөздер: Шылау, Шылаудың емлесі, Шылау сөздер, Шылау тақырыбы бойынша
Көрсетілім: 1028 | Жүктеулер: 563 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 36
Қонақтар: 36
Тіркелгендер: 0