Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы: да, де, та, те шылаулары

Сабақтың мақсаты:
1. Да, де, та, тешылауларының қызметі, жазылуы жайында түсіндіру. Оқушылардың шылау бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда ұштастыру, кеңейту.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін байқау, дамытуға ықпал ете отырып, білімдерін жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру. Сауатты жазу дағдыларын арттыру.
3. Оқушыларды Абайдың өлеңі арқылы жақсылыққа жақын, жамандықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі емес сабақ
Көрнекілігі :слайдтар, маркерлер, плакаттар
Әдістері:топтастыру, сұрақ-жауап,венн диаграммасы ,жазу,талдау.
Байланысы: музыка, әдебиет, сурет

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі .Топтастыру.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап, босқа күлуге,
Бес нәрсеге асық бол.
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой ,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.

- Абай атамыз осындай адам бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптеп, жаман әдеттерден аулақ болуға насихаттап өлеңдер шығарған екен. Сендердің бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар екен, атап көрейік.
Тәртіп, тазалық, инабаттылық т. Б.

- Ал енді бойымыздағы жаман әдеттерімізді айтайық.
Жалқаулық, еріншектік, ұқыпсыздық, тәртіпсіздік, мақтаншақтық, өтірікшілік, тілазарлық, өзімшілдік т.б
- Ендеше бүгінгі сабақ барысында осы жаман әдеттерден біртіндеп арыламыз.
(Өздерін бағалау парағымен таныстыру.)
1 кезең.
Білу.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Жалқаулық
1 топ. Шылау дегеніміз не?

Сұраққа жауап
бермейді
мен,(бен,пен)және
шылаулары Жеке тұрып сөйлем мүшесі
болмайды
Өз алдына толық ШЫЛАУ
мағынасы жоқ

Сөзбен сөзді Өзіне қатысты сөзгеүстеме
байланыстырады мағына береді

2 топ. Шылауларды жазу. ( мен, бен, пен, және, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, дейін, шейін, ғана, қана, қой, ғой, үшін, туралы, -ақ)
3 топ. Шылауға сөйлем құрау.
Бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Түсіну.
Кестемен жұмыс.

Тақтамен жұмыс.Өзімшілдік.
13-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу. Еріншектік
Талабы жоқ жас та бір, қанаты жоқ құс та бір. Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле. Жақсы пайдасын тигізбесе де, зиянын тигізбейді. Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
Шылаулардың астын сызу. Олардың өздері қатысты сөздерге қандай мағына беріп тұрғанын айту.
Бағалау.

Топ болып ереже шығару.
Да, де, та, те шылаулары өзі тіркескен сөзіне күшейту, анықтау мағыналарын үстейді.

2 кезең.
Талдау.
Дәптермен жұмыс. Ұқыпсыздық
14-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Бұлақтың тәттісі де, тазасы да,
Көлдері кең, мөлдірі тап осында.

ID: 1525 | Просмотров: 2154