Шығыс септік

  • Жүктеулер: 721
  • Көрсетілім: 1618
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 05/Июн/2015
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен, жалғауларымен таныстыру. Жаттығулар орындата отырып, шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғату.
Көрнекілігі: Семантикалық карта, «гүл табақшасы» ойыны, тест, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Математика, ана тілі.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс.
Барысы:
1. Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын тексеру.
65-жаттығудың орындалысын тексеру.
Жатыс септігінің ережесін сұрау.
2. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымызды ертегі желісінде, саяхат сабақ ретінде өткіземіз.
Ерте, ерте, ертеде,
Мінезі суық қаталдау,
Қазақ тілі атанған
Хан патшасы болыпты,
Киіз үй тігіп жайлауға
Қыр басына қоныпты.
Септік деген атаның
Жеті ұлы болыпты.
Жетеуі де ер жетіп,
Білімімен жаныпты.
Ақылымен жетектеп,
Сара жолға салыпты.
Қазақ тілдің ұрпағы
Әкесіне сеніпті.
Жетеуіне қаз-қатар
Жеті үй тігіп беріпті.
Қатаң тәртіп қағида,
Білімсізді жойпты.
Сұрақтар мен жалғауын
Жабыстырып қойыпты.
3. Сандар қатары. Тақырыпты табу.
1000 8995 5750 3010 999 1050 4500 2000 4900 6000 2700
Ы К Т С Ш Ғ Е Ы П І С
Тақтадағы сандарды өсу ретімен орналастыру. Жауабында «Шығыс септік» сөзі шығады.
4. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын, тақырыпты дәптерге жазу. Көркем жазу минуты.
1-ауыл: Атау септік
Жалғау бермей әйтеуір,
Атауды дара бөліпті.
Тұңғыш ұлы Атауға
Кім? Не? Сұрағын беріпті.
Кестемен жұмыс.
Кесте бойынша жаңа сабақты тусіндіру.
Шығыс септік

Сұрағы Мысалдар Жалғауы
67-жаттығу. Жазбаша орындалады. Өлеңді көшіру, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, Жаңбырдан-неден? Аспаннан-Қайдан?
2-ауыл: Ілік септік.
Кең дүниені бөледі,
Екі сұрақ ұсынып.
Кімнің? Ненің? Дегені.
-Ілік септік ауылының да бізге арнаған тапсырмалары бар екен.
68-жаттығу. Ауызша талданады.
-Ілік септік ауылының тағы бір тапсырмасы 2 қатарға өлең, жұмбақ дайындапты.
3-ауыл: Барыс септік.
Барыс болса жарқылдап.
3 сұрақпен қалыпты
Кімге? Неге? Қайда? деп.
Жұлдыз болып жаныпты.
-ға, -ге, -қа, -ке болам деп
Төрт жалғаумен қалыпты.
Бұл ауылдың да тапсырмасы оқулықтағы 69-жаттығу.
Сергіту сәті.
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау-менің оң қолым
Мынау-менің сол қолым
Көркем жазу атқарған.
-Әр ауылдардың бізге арнаған осындай тапсырмалары бар екен соларға да тоқталайық. (ауылдардың тапсырмалары ауызша орындалады.)
Алтыншы тоқтайтын ауылымыз Шығыс септік ауылы.
Кімнен? Неден? сұраймын
Сол жалғауға құлаймын.
-нан, -нен, -дан, -ден депсендерге ғана ұнаймын.
Бұл ауыл сендер жаңа сабақ барысында не меңгергендеріңді білу үшін қорытынды тапсырмалар әзірлеген екен, соларды орындайық.
7-ауыл: Көмектес септік ауылы.
Көмектес септік ауылы сендерге үй тапсырмасын беріп отыр.
Үй тапсырмасы: 72- жаттығу, ереже жаттау..
Қорытындылау.Балалар сендердің бүгінгі білімдеріңе Қазақ тілі атамз да риза болып, алғысын айтып жатыр.
Бағалау.

«Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ

Тақырыбы:


4-сынып

Дайындаған:Қайболдиева Гүлнара

2014-2015 оқу жылы

Автор: Кайболдиева Гүлнара

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп селосы "Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.