Сайт учителя начальных классов
.
ОҚО Мақтарал ауданы
Б.Майлин атындағы №18 жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сапарбаева Жұлдыз

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі- оқушылардың сан есімнен алған білімдерің тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.дамытушылығы- оқушылардың ойлау, сөйлеу ,пікірлеу қабілеттерін ,ынтасын, белсенділігін арттыру. Тәрбиелігі- Елжандылыққа, еңбекқорлыққа, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ (топпен жарыс)
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, оқушыларды бағалау тақтасы, сан есімнің түрлері туралы сызба.бағалау фишкалары
Сабақтың әдісі: топтау. Сұрақ-жауап,ой ашар, тіл дамыту.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын сабаққа аудару
Сан есімнен өткенді қайталау сабағы. Қайталау оқудың анасы.
Бүгінгі сабағымызда сан есімнен өткенді есімізге түсіріп, ауызша, жазбаша жұмыстар жүргіземіз.Оқушыларды екі топқа бөлу.
1. Лашын тобы. 2. Тұлпар тобы
Әр топ өзінің ұрандарымен таныстырады. Ой ашар Сөз таптарының қандай түрлерімен таныстық, еске түсіріп жіберейік. Зат есім ,сын есім, сан есім.
Бәрекелде, дұрыс айттыңдар.
Ал, бірінші кезең бойынша «Маған ұнайтын жеміс» ойыны. Әр топтан бір- бірлеп оқушы шығып тақтада ілулі тұрған әр түрлі жемістердің арқасында жасырынып тұрған сұрақтарға жауап беруге тиіс. Дұрыс жауапқа әр топ өз бағаларын алады.Егер дұрыс жауап бере алмаса ол топқа баға қойылмайды.1. Сөз таптары нешеге бөлінеді ?
2. Зат есім дегеніміз не, қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Сын есімдегеніміз не ?
4. Сын есімнің мағыналық түрлерін ата?
5. Сан есім дегеніміз не?
6. Сан есімнің мағыналық түрлерін ата?
7. Реттік сан есім дегеніміз не?
8. Есептік сан есім дегеніміз не?
9. Жинақтық сан есімдері дегеніміз не?
10. Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
11. Топтау сан есімі дегеніміз не?
12. Болжалдық сан есім дегеніміз не?

2-кезең. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Шарты: Оқушылар интерактивті тақтадан ұяшықтарды таңдап
шыққан әріптерден басталатын сөздерден сөйлем құраңдар.



3-кезең.Семантикалық карта. Сан есімдерді мағыналарына қарай топтап сызбаны толтырыңдар.
Сексен,тоқсандай, он-оннан, алпыс-жетпіс, он бір, елу-алпыс, алау, жетпістей, мыңыншы, біреу, бес-бестен, екі жүз қырық екі,бірер, қырықтан, отыз шақты, бес жүз, жетінші, екеу, онға тарта, тоқсандай, 0,25.
Есептік Реттік Жинақтық Болжалдық Топтау Бөлшектік








4-кезең. «Кім жылдам» ойыны. Оқушылар сөз құрамында сан есімі бар сөздерді тауып айту керек. Мысалы: түбір, тү+ 1,кекіл, к+2+л, күшік , к+3+ік
5.-кезең Мақал –мәтелдер сайысы. Оқушылар құрамында сан есімі бар мақал- мәтелдерді айтады, қайсы топ көп мақал айта алады. Сайыс соңында әр топтың жинаған ұпайларын есептеп, ұпайы жоғары топ жеңімпаз атанады.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру. Сан есім түрлерін қатыстыра отырып, «Сандар әлеміндегі қызықтар» тақырыбына шығарма жазу.

ID: 1649 | Просмотров: 2360