Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Салыстырмалы шырай
[ Сайттан жүктеу (45.0Kb) ] 19.05.2015, 16:06

Материалдың жеке номері 1621

Салыстырмалы шырай

загрузка...
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№4 орта жалпы білім беретін мектебінің
ІІ санатты, ІІІ деңгейлік курсы бойынша сертификатталған
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Аюпова Жумагуль Темиргалиевна

Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Салыстырмалы шырай
Мақсаты

Салыстырмалы шырайдың ережесін, жасалу жолын меңгерту.

Күтілетін нәтижелер

А. Салыстырмалы шырайдың ережесін, жасалу жолын білетін болады.
В. Сөздерді түрлендіре алады, сөйлем құрамында қолдана алады.
С. Салыстырмалы шырайдың маңызын айта алады
Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, бейнеролик, оқулық, жұмыс дәптері, флипчарт, маркер, стикерлер.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар Ынтымақтастық атмосферасын құру, сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, өзін- өзі реттеу, бірлескен оқу.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

5 мин

«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, «Жалғасын тап» әдісімен оқушыларды «Түс, дәм, көлем» деп топқа бөлу, жағымды орта қалыптастыру. Оқушылар амандасады, доп лақтыру арқылы бір-біріне сұрақтар қойып, өткен сабақты пысықтайды.Сабаққа қызығушылығы артады, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым – қатынас орнайды.
Оқушылар топтасып отырады.
Тұсаукесер

3 мин

АКТ мүмкіндігін қолдану арқылы
«Миға шабуылды» ұйымдастыру.
Ойлануға түрткі сұрақ:
- Экраннан не көрдіңіз, сын есімге қаншалықты қатысы бар?
Суреттен көргендеріңе сипаттама беріңдер? Қандай сын есімдерді қолдандыңыздар?(өте әдемі көрініс, ең биік ғимараттар т.б)
(экраннан Астана қаласындағы түрлі көлемдегі ғимараттар көрсетіледі).
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашу.
Табыс критерийлерімен таныстыру:
1. Салыстырмалы шырай туралы түсінік алдым.
2. Салыстырмалы шырайдың қалай жасалатындығын меңгердім.
3. Мәтіннен шырайды таба аламын.
4. Салыстырмалы шырайдың маңызын айта аламын. Оқушылар өз ойларын айтады. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашамыз.
Сабақтың табыс критерийлері бірігіп құрылады, оқушылар танысады.
1. Салыстырмалы шырай туралы түсінік аламын.
2. Жасалу жолын меңгеремін.
3. Мәтіннен таба аламын.
4. Шырайға түрлендіре аламын.

Негізгі бөлім

20 мин «Өкіл» әдісі арқылы өз беттерімен жаңа сабақты меңгерту.

Тақтамен жұмыс:
48- жаттығу. 3 топ алдымен жаттығуды дәптерге орындайды, өзара сағат бойынша жұмыстарын алмастырып тексереді.
«Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалатуды ұйымдастыру. Оқушылар өз рөлдерін анықтап, топпен оқып, өзара талқылап, негізгі идеяны постерге түсіреді және баяндамашы келген өкілге баяндайды. Қайталап айту арқылы тақырыпты тез меңгереді. Келген өкіл «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» айтады.

Жаттығудан салыстырмалы шырайларды тауып, жұрнағын ажыратып жазады. Мысалы: жеңіл-ірек.
Жаттығуды орындап, бір-бірін тексереді, дұрыс жауабымен салыстырады, өзара бағалайды.

Қорытынды

12 мин
Жоғары деңгейлі сұрақ қою. Салыстырмалы шырайдың маңызы қандай?
Маршруттық картамен жұмыстанады.
(оқулықтағы 49 –жаттығу)
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты аяқтау.


Тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін көру үшін «Басбармақ» әдісімен бағалату.

Рефлексия парағы.

Үйге тапсырма: 50 – жаттығу. Сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырып жазыңдар.
51-жаттығу. Бірге оқитын жолдастарыңыздың салыстырмалы портретін жазыңыз. Оған салыстырмалы шырайды көбірек қолданыңыз. Жоғары деңгейлі сұраққа жауап беру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.

Маршруттық картамен жұмыстану барысында өз-өздерін реттейді, ынталанады, жетістікке ұмтылады.

Оқушылар орындыққа отырған оқушыға сұрақ қойып, өздерінің білімдерін бекітеді.
Мұғалім мен оқушы арасынды кері байланыс орнайды.
Оқушылар түсінген болса жоғарыға, сұрағы болса жанға, түсінбесе төменге қаратып басбармақтарын көтереді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға апарып іледі.

Оқушыларға үй тапсырмасын мұқият жазып алады, сұрақтары болса мұғалімге қояды.
loading...

Автор: Аюпова Жумагуль Темиргалиевна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектеп

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: zhuma86
Көрсетілім: 1111 | Жүктеулер: 532 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0