Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Сөйлем мүшелері
[ Сайттан жүктеу (17.4Kb) ] 06.11.2015, 19:21

Материалдың жеке номері 2024

Сөйлем мүшелері

загрузка...
Маңғыстау обл
Жаңаөзен қаласы
№11 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Камаева Ләззат

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, индукция, дедукция, талдау, жинақтау, топтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекіліктері: жеке суреттер, тірек - сызба, ойын құралдары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 11 - жаттығу. Сұрақтарға жауап жазу. Балалардың сөйлемдерін оқуы, талдауы.

ІІІ. Жан - жақты білімдерін тексеру
- Сөйлем дегеніміз не?
- Оның қандай түрлерін білесіңдер?
- Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
- Көрнекіліктерді пайдалана отырып ауызша берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. 1. Ауамен, дем, біз, аламыз. 2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы өте. 3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар.

Ү. Жаңа білімді меңгерту.
Грамматикалық тілдік жаттығулар:
14 - жаттығуда С. Торайғыровтың
" Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жаттап, тоқы көңілге"
өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, өлеңдегі әрбір сөзге сұрақтар қойылады

Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. 15 - жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазу.
Шекарашылар деп кімдерді айтамыз? Олардың біз үшін қандай маңыздылығы бар? Сендер де шекарашылар болғыларың келеді? Неліктен? Мәтіндегі әрбір сөздің үстіне тиісті сұрағын қою.
"Қане ойланып көрелік " проблемалық сұрағы
- Қалай ойлайсыңдар, сөйлемдегі қандай сөздер нақты сұраққа жауап береді екен?
- "Сөйлемдегі толық мағыналы сөздер ғана нақты сұраққа жауап береді".

Ережемен жұмыс:
" Олай болса, сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз." Ережені оқу, талдау, есте сақтау.

Оқулықпен жұмыс.
16 - жаттығудағы екі сөзден құралған сөйлемдерді толықтырып жазу. Асқар атпен келді. Дана доп ойнады. Қойлар өрісте жайылды. Құлын су ішті. Қыздар гүл терді.

17 - жаттығуда "Мәлік Ғабдуллин ғалым. Ұлы Отан соғысына қатысты. Өзінің ерлігімен ерекшеленді. Оған Батыр атағы берілді. Соғыстан соң ол халқына адал қызмет етті." Мәтінді оқу, түсіндіру, көркем етіп көшіріп жазу. Әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар? Әр сөйлемдегі сөз саны мен сөйлем мүшелерінің саны бірдей болып келмейтінін аңғарту.

" Кел, мақал құрастырайық" ойыны.
Ойынның шарты: үш топқа бөлініп, әр топ өздеріне берілген сөздерден мақал құрастырып жазады. Қай топ бірінші және дұрыс орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.
1. Асырайды, тігінші, инесі.
2. Шәкірт, озар, ұстаздан.
3. Жан, жақсы, семірер, сөзге.

Жұмбақпен жұмыс.
18 - жаттығу жұмбақты оқып, мағынасына қарай, суретке қарап жұмбақтың шешуін табу. Алғашқы сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар? Екінші сөйлемде ше?

ҮІ. Рефлексия: «Білімді тізбек» ойынын ойнату. Ойынның шарты: Оқушыларға вагондары жоқ тепловоздың суреті көрсетіледі. Осы тепловоздың вагондары сендердің сөйлем мүшелері туралы білетін деректеріңмен сәйкес келеді. Кім сөйлем мүшелері туралы мәліметті көп білсе, соның тіркеу вагондары да көп болады. Әр мәлімет шартты түрде бір вагонға тең деп есептеледі деген сөздермен оқушыларға тапсырма беріліп, ойынды бастау. Белгілі бір уақыттан соң тоқтатылып, вагондағы мәліметтер ортаға салынып, жеңімпазды анықтау.

ҮІІ. Қорытындылау: Толықтыру тесті
Төмендегі ережені толықтыр: - Сөйлем мүшелері дегеніміз не? "Өзін - өзі бағалау " парағы бойынша оқушылар (өз білімдерін әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы) өзін - өзі бағалайды.
loading...

Автор: Камаева Ләзззат

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 944 | Жүктеулер: 448 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 6
Қонақтар: 6
Тіркелгендер: 0