Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды С дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету.
Дамытушылық: С дыбысына қатысты жаңа сөздерді тану арқылы балалардың білімдерін жетілдіру, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ойындар, әліппе дәптер.
Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, ауызша баяндау.
Пәнаралық байланыс: математика, ән – күй.
Сабақтың түрі: ойын түрінде
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.
2. Өткенді пысықтау.
- Балалар сабақта қандай әріппен танысып едік? Б әрпімен
- Ол қандай дыбыс еді? Дауыссыз
- Қандай түспен белгіленеді? Көк
- Дыбыс деген не? Дыбысты естиміз, айтамыз.
- Әріп деген не? Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
- Жарайсыңдар. Ал енді «Жоғалған буын» ойынын ойнайық.

Ортасында ма? Ортасында
- Жарайсыңдар, өте дұрыс. С дауыссыз дыбыс. Көк түспен белгіленеді.

Суретпен әңгіме құрату.
- Көкте Самат кітап оқып отырып, қасында жыланның жақындап келіп қалғанын байқамай қалды. Оны Сәуле байқап қалып Самат жүгіріп келіп айтуға асықты. Енді балалар жылан қалай дыбыстайды екен? Ыс – ыс – ыс
- Жарайсыңдар. Сөз соңында С дыбысы ыс болып өзгертіп айтылады екен. Мысалы: барыс, дос, жарыс, ос, қас.
- Балаларға қайтарып айтқызамын.
- Ал енді балалар С әрпімен басталатын кісі есімдерін айтайықшы.
- Салтанат, Сұлтан, Самат, Сәуле, Сандуғаш, Сәбит, Самал, Сара, Сағи, Сәбира.
- Жарайсыңдар.

Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
- Балалар біз қандай елде тұрамыз? Қазақстан
- Қазақстан қандай ел? Егеменді ел
- Өткенді 16 – шы желтоқсанда біз тәуелсіздігіміздің неше жылын тойладық? 20 жыл
- Жарайсыңдар. Ал енді балалар С дыбысын алдымен ауада жазайық. 3 рет ауада жазу.
- Өте жақсы. Енді сауат ашу дәптерлерімізден С дыбысы н үлгіге көркем етіп әдемілеп жазамыз.
- Ал енді балалар жаңылтпаш айтып тілімізді жаттықтырайық.

Сегіз семіз серке
Семіз сегіз серке
Сегізі де егіз
Семізі де егіз

1. Жәй айтамыз.
2. Бунға бөліп айтамыз.
3. Жылдам айтамыз.
4. Жаңылтпашты 3 рет айтамыз.

Ойын: «Сиқырлы буын».
Өткенге шолу.
- Балалар енді оқу жылы басынан өткен дыбыстарды еске түсіріп көрейікші. А, Т,П,Ғ,Р,Л,У,Ш,И,О,Қ,Д,М,Б.

Жаңа сабақ. Ой ашар. Жұмбақ жасыру.
Туған айға қарайық.
Ұқсайды оған қай әріп. (С әрпі).
- Қане балалар, тақтаға қарайықшы. Тақтадан не көріп отырсыңдар? Ай.
- Туған айдың сурет қандай әріпке ұқсайды екен? С әрпіне ұқсайды.
- Бүгін аптаның қай күні? Сәрсенбі.
- Жарайсыңдар, өте дұрыс. Балалар бүгінгі күнімізде С әрпінен басталып тұр екен: Олай болса балалар бүгінгі өтетеін сабағымыз С дыбысы мен әрпі.
- Балалар, тақтадағы суреттерге қарайықшы.
Саңырауқұлақ, сағат, барыс, су, сиыр, мысық, жемістер.
С дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен. Суреттегі сөздерді бунға бөліп айтқызамын.
- Жарайсыңдар. Балалар қазір біз тақтадан бесіктің суретін көрдік. Біз туылған сәбилерді қайда жатқызамыз? Бесікке.
- Әжелерімізді, аналарымызды бәріміз жақсы көреміз бе? Ия
- Жарайсыңдар, қане әжелеріміз айтқан бесік жырын еске түсірейікші.

Әлди, әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем, жылама
Жілік шағып берейін.
Жілігіңнің басына
Үкі тағып берейін.

- Өте жақсы. Жарайсыңдар.
- Балалар, мына ұшып бара жатқан не? Құс
- Мынау да құс. Бұл құс дүниедегі ең кішкентай құс. Калибри деп аталады. Үлкендігі арамен бірдей, өте қанатын жылдам қағатын құс.
- Мына кішкентай қыз не істеп отыр?
- Мысық шомылдырып отыр.
- Үйлеріңде мысықтарың бар ма? Бар.
- Мысық сөзінде С дыбысы сөздің басында ма? Ортасында.

Сай – төмен, шұңқыр.
Й Сақ – абайла, сақтан.
Сан – сан реті.
Қ Сат – сатушы.
Са Н Сап – рет – ретімен, сапқа тұр.

Т
П

Ойын: Буынды жалғастыр.
- Балалар мен алдыңғы буынын айтамын, сендер жалғасын айтасыңдар.
Са – ғат, кі – тап, си – ыр, сау – сақ, би – дай, а – та.
Ойын: Гүлге көбелек қону.
- Балалар гүлдегі буындарды дұрыс оқысаң гүлдерге көбелек қонады.
СИ, СО, СА, СУ.
- Жарайсыңдар. Өте жақсы.

Қорытынды:
Біздер бүгін баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2030 жылдары,
Біз азамат боламыз.

Әрқашан күн сөнбесін.

ID: 2295 | Просмотров: 4721