Сайт учителя начальных классов
.
Сабақ тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
Сабақ мақсаты:
Білімділік: П дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Жаңа сөздер үйрету.Сөздерге дыбыстық , буындық талдау жасату.
Дамытушылық: жеке сөздерді оқуға, біртіндеп тұтас оқуға дағдыландыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
2. Қызығушылығын ояту. Қайталау –білім анасы.
-Балалар біз көңіл-күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз.Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Бірақ күніміздің бетін бұлт шалыпты. Күн көзінен бұлтты сейілту үшін мына бұлттардың артында сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға жауап бере отырып күнімізге көмектесейік.
1. Әріп дегеніміз не?
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Әріптің жазба түрі қайда жазылады?
4. Дыбыс дегеніміз не?
5. Ә дыбысы қандай дыбыс?
6. Дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?
7. Қызыл текшемен қандай дыбысты белгілейміз?
8. М қандай дыбыс?
3.Үй жұмысын тексеру:
Кітап мәтінін оқыту.
Кітапты неден жасайды?
Кітапты кімдер жазады?
Кітапты қалай ұстау керек?
Кітаптың адамға қандай пайдасы бар?
Кітап –адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Өмірде ең жақсы кеңесші-кітап.
Әріптер өлеңін айтқызу.
4.Жаңа сабақ: Жұмбақ шешу.
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр./ пияз /
Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
П дыбысы жауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді.
-Қане айтып көрейікші
П әрпінің үлкен әрпімен таныстыру.
П әрпі үш элнметтен тұрады.
5.Сиқырлы кітап. Суреттерді сөйлету, буынға бөлгізу.
Бүлдірген, мектеп, доп, қолғап, шапан, кітап т.б
6. Шығармашылық жұмыс: Авторлық орындық.
Алма алып бара жатқан кірпіге өз жанынан әңгіме құрастыру.Авторлық орындыққа отырып айтып беру.
7.Оқулықпен жұмыс: « Күш білімде, білім кітапта»
Сөздерді оқыту.
П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс кедсе, п дыбысы б-ға айналады:
Доп-добы, көп-көбі, тап-табу
Топ-тобы, шөп-шөбі шап-шабу
Кірпі мәтінді оқыту.
Рөлге бөліп оқыту.
Кірпі тіршілігімен таныстыру.
Кірпі-талғаусыз қоректенетін жануар.Ол түрлі жәндіктерді аулап жеміс-жидектерді жақсы көреді, өсімдіктерді жейді. Жақсы естиді және иісшіл болады. Күндіз інінде ұйықтап, ал түнде жорыққа шығады.Балалары жұмсақ инесімен туылады.Кірпі қыста ұзақ ұйқыға кетеді.
8.Дәптермен жұмыс:
Үлгі дәптердегі п әрпін жазғызу.
-ауада жазғызу
- тақтаға жазғызу
-дәптерге жазғызу
Бір буынды сөздерді тақтаға жазғызу. По, па, пи, апа, тап, қап шап
9.Сергіту сәті:
Тоңып қалған кірпі доп-домалақ болып, бүктеліп қалды.
Күн сәулесі кірпіге түсіп, ол керіле бастады:
-Қайырлы таң! Мен ояндым!-деді.
10.Ой толғаныс. Біз не білдік?
11.Кубизм әдісі. Кубизмнің әр қырындағы әріптерге сөздер ойлап табу.
12.Сыңарын тап ойыны. Әр фигураның ішіндегі сөздердің жартысын тапқызу оны қосып оқыту.
Шапан, шопан, кірпі, апта, сынып, мектеп
13.Үйге тапсырма: П әрпін жазу.

Ябек Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

П п дыбысы мен әрпі

Бастауыш сынып мұғалімі: Халықова Н.

ID: 2296 | Просмотров: 4809