Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
[ Сайттан жүктеу (157.0Kb) ] 03.03.2015, 23:20

Материалдың жеке номері 754

Отбасы мүшелерінің мамандықтары.

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
Сабақтың мақсаты:
А) мамандық тақырыбын қаншалықты меңгергенін білу, етістіктің шақтарын қайталап, отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы әңгімелеу.
Ә) оқушылардың әр шақтың айырмашылығын іс жүзінде ажырата білу және ойлау қабілеттерін арттыру.
Б) ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға, еңбек пен отбасы мүшелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәтінмен жұмыс, сөздік жұмысы, суретпен жұмыс , деңгейлік тапсырмалар орындау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мамандық иесінің суреттері
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; түгендеу; зейіндерін пәнге аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тұманбай Молдағалиевтің «Мамандық таңдау» өлеңін ұнаған бір шумағын жатқа айтып келуге берілді.
(Оқушылар өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады)
1. Мен инженер боламын
Жерден алтын табамын.
Жолын қуам әйгілі,
Академик ағаның.
2. Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де баланың,
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын. т.б.
ІІІ. Жан-жақты тексеру кезеңі
-Жақсы, енді балалар, өткен тақрыптарды еске түсірейік.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас
-Балалар, сендер қандай мамандық иелерін білесіңдер?

(дәрігер, мұғалім, құрылысшы, наубайшы, етікші, әнші, биші, сатушы, заңгер, іскер, жұмысшы, суретші, тәрбиеші, кітапханашы, тілші, жүргізуші, дизайнер, ұшқыш, күзетші.)
-Балалар ата-аналарың, аға-әпкелерің кім болып жұмыс істейді?-деген сұраққа жауап беру үшін, етістік пен олардың шақтарын қайталап алуымыз керек.
4-тапсырма. «Сызбаны сөйлет» ойыны.
-Етістік нені білдіреді?
-Етістіктің неше шағы бар?
Осы шақ қандай сұраққа жауап береді?
-Келер шақтың сұрағы қандай?
-Өткен шақ қандай сұраққа жауап береді?
-Кестеге көңіл аударайық.
Етістіктің шақтары.
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ


(сұрақтар арқылы мамандық иелерінің не істейтінін жазу және қандай жұрнақтар арқылы жасалатындығын қайталап кету.)
ІҮ. Дайындық кезеңі:
-Балалар, біз қай елде тұрамыз?
-Қазақстан Республикасы.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Егеменді, тәуелсіз, бай, көп ұлтты мемлекет.
-Балалар, біз егеменді елімізді көркейту үшін көп жұмыс істеуіміз керек. Көп еңбектеніп, үлес қосуымыз керек.
-Жұмыс істеу үшін бізге не керек?
-Мамандық алу керек.
-Ал, мамандық алу үшін не істейміз?
-Мамандық алу үшін көп оқып, білім алу керек.
-Бүгін біз сабақта мамандық иелері, ата-аналарымыздың мамандықтары туралы сөйлесіп, етістіктің шақтарын қайталаймыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Етістіктің шақтары.
Ү. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс
Мамандық - ...
Отбасы мүшелері-...
Тақтада мәтін беріледі.
Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді тізбектеп мәнерлеп оқу.
2. Мәтінді орысшаға аудару. Сөздікпен жұмыс.
3. Мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғандарын анықтау.
4. Етістіктер шағы бойынша кестені толтыру.

Менің отбасы мүшелерімнің мамандықтары
Біздің отбасымыз үлкен. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткер. Әкем ұшқыш болып жұмыс істеп жүр. Ол ұшқыштар мектебінде оқыды. Шешем-мұғалім. Ол мектепте жұмыс істеп жүр. Ағам-студент. Болашақта дәрігер болады. Қарындасым кішкентай. Ол балабақшаға барып жүр. Мен бесінші сыныптың оқушысымын. Біздің отбасымыз тату.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Бекіту
Кім? Кім болып істеп жүр? Кім болып істеді? Кім болып істейді?
Әкем
Шешем
Ағам
Фонетикалық жаттығу
(Алдымен өзім, сосын оқушылар мәнерлеп оқып береді)
Жүр көңілін маған бөліп,
Ұстаздар мен ата-анам.
Алдымен мен адам болып,
Сосын маман атанам.
-Бұл өлеңде не туралы айтылған?
3-тапсырма.
Слайдтағы суреттерге етістіктің үш шағының сұрағын қойып, жауап берейік, дәптерлерімізге жазайық.
Мұғалім (не істейді? Не істеп жатыр? Не істеді?) (оқыт...)
Аспаз (не істейді? Не істеп жатыр? Не істеді?) (даярла...)
Тігінші (не істейді? Не істеп жатыр? Не істеді?) (тік...)
Дәрігер (не істейді? Не істеп жатыр? Не істеді?) (емде...)
Құрылысшы (не істейді? Не істеп жатыр? Не істеді?) (сал...)
Сатушы (не істейді? Не істеп жатыр? Не істеді?) (сат...)
Биші (не істейді? Не істеп жатыр? Не істеді?) (биле...)

Сергіту сәті
Мұғалім
-Кімге дәрігер мамандығы ұнайды?
(Оң қолыңды көтер)
- Кімге инженер мамандығы ұнайды?
(Сол қолыңды көтер)
-Кім өзін жақсы көреді, тұрыңдар.
-Қане, құрылысшы болып жүгірейік.
-Шахтер болып көмір лақтырайық.
-Қанеки, тік тұрыңдар. Отырыңдар.

4-тапсырма. Қима-қағазбен жұмыс. (слайдпен болады)
Дидактикалық ойын «Кімге не қажет?»
Ойын шарты бойынша мамандық иелеріне қажетті заттардың аты жазылған карточкаларды көрсетемін, оқушылар мамандық атауын айтады.
Жіп, ине, мата - ...
Күрек, кірпіш, қалақ, құм - ...
Қайшы, тарақ, фен, орамал-...
Бояу, қарындаш, қылқалам-...
Пышақ, алжапқыш, ожау, сүзгі-...
Дәрі, мақта, мәрлі, ақ халат-...
5-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
1. Мамандықтардың, керек, барлығы, адамға.
2. Мамандықтар, жақсы, қызықты, барлық.
3. Ұнаған, таңдап алады, адам, әр, өзіне, мамандықты.
ҮІІ.Қорытынды
5-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.
Берілген сөйлемдерді толықтырып, қызыл тор көздегі әріптерді оқимыз.
1. Дәрігер адамдарды ... .
2. Жерді ... жыртады.
3. Наубайшы нан ... .
4. Оқушы мектепте ... оқиды.
5. Тігінші киім ... .
6. Кітапханашы ... береді.
7. Егінді ... жинайды.

Е
Т
І
С
Т
І
К

Қызыл тор көзде не шықты?

Сабақта не ұнады? Нені білдік? Нені үйрендік?
ҮІІІ.Үйге тапсырма. «Менің отбасымның мамандықтары» тақырыбына эссе жазып келу. 3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап келу.
loading...

Автор: Толегенова Жамиля Казакбаевна

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті №7 орта мектеп

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Lala_lala | Ілмек сөздер: мүшелері, Етістік, Мамандық таңдау, Отбасы
Көрсетілім: 1385 | Жүктеулер: 673 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 7
Қонақтар: 7
Тіркелгендер: 0