Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Одағай туралы түсінік.
[ Сайттан жүктеу (52.0Kb) ] 15.05.2015, 16:16

Материалдың жеке номері 1581

Одағай туралы түсінік.

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Одағай туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға одағай және оның түрлерімен таныстыру, алғаш мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту.
Тәрбиелілік. Оқушыларды ана тілін ардақтауға, халқымыздың салт - дәстүрін, ырым - жоралғыларын біле жүріп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: тест, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, сұрақ - жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, төрт түлік суреттері, смайликтер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Кезекші кім екенін анықтау.
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық.
Бағалау парақшаларын таратып, шартын түсіндіру.
ә) Үй тапсырмасын сұрау бөлімі:
-Шылау. Шылаудың түрлері.
-ережені жатқа айтып беру, «Көктем» тақырыбында эссе жазып келу.

Өткенді қайталауға арналған тест слайдпен көрсетіледі. Оқушылар орындап болған соң, жауаптары шығады. Оқушылар бір - бірінің жауап парағын алмастырып тексереді.
1.Іс- әрекеттің мезгілін,мекенін,сын- қимылын білдіретін сөз табын ....... дейміз.
а. сын есім
ә. есімдік
б. үстеу
2.Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қалай? қашан?
ә. қалай?қашан? қайда?
б. қашан?қай?нелер?
3.Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді жазыңдар:
Елдің болашағы... ойлаған жөн.
а. үшін
ә. дейін
б. туралы
4. Шылау дегеніміз ...
а. мағынасы бар сөйлем мүшесі
ә. өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер
б. көңіл күй білдіретін сөздер
5.Дейін,шейін сөздері қандай сөздер?
а. одағай
ә. шылау
б. қаратпа сөз
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
– Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Сөз таптары



Зат есім Етістік Сын Үстеу Шылау
есім Сан Есімдік Одағай
есім
-Біз өтпеген қай сөз табы қалып қойды?
- Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын табу үшін әріптіжұмбақ шешіп көрейік.
1.Оқу да бар,
Жазуда жоқ
( О )
2.Дала да бар,
Жаға да жоқ
( Д )
3.Шегеде жоқ,
Таста бар
( А )
4.Ғарышта бар,
Сайыста жоқ
( Ғ )
5.Шанада бар,
Әнде жоқ ( А )

6.Торғайда бар,
Алауда жоқ ( Й )
-Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Одағай туралы түсінік» деп аталады.
Ереже: Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді.
Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды: Бәрекелді, өнерлі бала екен! Ойпырай, қауып алған жоқ па?!
3) Дәптермен жұмыс: Күннің жадын жазу.
Сынып жұмысы. Тақырыбын жазу. Көркем жазу.
Оо
Олар орманға барды.
Ережені көшіріп жазу.
Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!
- О - да - ғай. Неше буын бар?
- 3 буын бар.
- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады.
Бірінші түрі, ол - Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?
- Қуану, шаттану, таңдану, жылау, армандау, өкіну, ренжу, т. б.
- Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады. Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін? Кімнің қандай ойы бар?
- Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.
- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ - моһ, шөре - шөре, кә - кә, т. б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.
- Үшінші түрі ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.
Одағай

Көңіл күй
Шақыру
Жекіру
- Ендеше, үш одағайдың түрлеріне бір - бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.
Бәрекелді, шөре - шөре, тәйт.
Берілген сөздерді дәптерге жазып алу.
4) Сергіту сәті: «Көңілді күн» музыкамен қимыл, іс-әрекеттерді қайталап, бірігіп жасау.
5) Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Ауызша орындау. Тапсырма: Сөйлемдерді оқу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасына, тыныс белгісіне назар аудару.
-2-жаттығу. Тапсырма: Сөйлемдерді көшіріп жаз. Одағайларды тауып, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндір.
-3-жаттығу. Тапсырма: Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.
-4-жаттығу. Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті одағайды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Неліктен сол одағайды қойғаныңды дәлелде, олардың қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндір.
-5-жаттығу. Тапсырма: Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді шылаулармен салыстырып, бір-бірінен айырмашылығын айт.
І деңгей
Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.
1.Әй,шырағым балам,әуелі ар жағында әкең тұр,соған сәлем бер.
2.Уа, қой деймін,бала!
3.Ойпырым-ай,мынау не деп отыр өзі?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
..., әжем ауылдан қонаққа келді!
..., мынау не деп тұр!- деді атам.
..., ... әзер жеттім.
Керекті сөздер: аһлеп,уһлеп; алақай; ойпырым-ай.
ІІІ деңгей
Одағай сөздерді қатыстыра отырып өлең шығару.
Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.
6) Бекіту:
Жұмсауық әйел
Бір әйел өте жұмсауық екен.Жұмсай-жұмсай елдің зықысын шығарыпты.Жұмсауынан қашып бұл үйге жан жоламайтын болыпты.Мұны бір төре естіп,мені де жұмсар ма екен деп әйелдің үйіне келіпті.Әйел үйде қазан түсіріп жатқан кезі екен.Даладан келе жатқан кісінің дыбысын біліп,Әйел: - «Әй,кім де болсаң итаяқты үйге ала кір», - депті. Төре итаяқты ала-мала кіріп келсе,Әйел төрені көре сала ұялып,Әйел:- «Ойбай,тақсыр,төре екенсіз ғой.Итаяқты орнына апарып қоя қойыңыз»,-депті.Сонымен жұмсауық әйел төрені табан аудармай ілгерінді-кейінді екі жұмсапты.
Одағай:Әй,Ойбай.

1. Одағай дегеніміз не?
2.Қатынасына қарай нешеге бөлінеді?
3.Одағай сөйлем мүшесі бола ала ма?
4.Одағайлардың тыныс белгілері қандай?
7.Қорытынды:
Сәйкестендіру тесті
1. Үшін, туралы, қой, ғана қыстырма сөз
2. Ахау, бәсе, құрау – құрау шылау
3. Меніңше, әйтеуір, бәлкім үстеу
4. Төмен, кешке, әрең одағай



8.Рефлексия
1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Несімен ұнады?
3. Қандай қиындық кездесті?
9. Үйге тапсырма: Ереже жаттау (175 – бет), 6-жаттығуды орындау (176 – бет).
10.Бағалау. (смайликтерді санау арқылы).

Бекітемін:
Оқу- ісінің меңгерушісі
_________Жахметова С.Ж

№ 50 негізгі орта мектебі

Дәстүрлі с а б а қ


4 «Ә» сынып

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі
Койкелова Бибигул Карибаевна

Қарағанды 2014-2015 оқу жылы
loading...

Автор: Койкелова Бибигул Карибаевна

Қарағанды қаласы №50 негізгі орта мектеп

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Бибигул_Койкелова | Ілмек сөздер: туралы, Одағай, түсінік
Көрсетілім: 1974 | Жүктеулер: 729 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5909
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 135
Қонақтар: 135
Тіркелгендер: 0