Оқушыларға шығыс септігіндегі зат есімдер

  • Жүктеулер: 667
  • Көрсетілім: 1476
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 27/Мар/2015
Ашық сабақ. Қазақ тілі. 4-сынып.
Мақсаты: Оқушыларға шығыс септігіндегі зат есімдер кімнен? кімдерден? кімнен? неден? нелерден? деген сұраққа жауап беретіндігін, шығыс септігі атау септікке –нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен жалғаулары жалғанатындығын түсіндіру.Жаттығу жұмыстарын орындаттыру.
Дамытушылығы:Балалардың ой-өрісін ,қиялын, байланыстырып сөйлеу тіл байлығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік мәні:Сауатты, көркем, әдемі жазуға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың септіктер туралы толық түсініп, кез-келген уақытта дұрыс талдай білуі;
Әдіс-тәсілдер, тапсырмалар: «Өрмекшінің торы», «Мозайка», топпен ,ұжыммен, жеке жұмыстар.
Көрнекілігі:Шаблондар, перфокарталар,слайдтар.
Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру.
А)Психологиялық ахуал.(оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді)
Ә)Топқа бөлу.(түсті шарлар арқылы оқушыларды топқа бөлу)
2.Үй тапсырмасын сұрау.
А)Ережені сұрау.Мысалдар арқылы түсіндіру.
Ә)Оқушылардың сұрақтар қоюы.
Б) «Мозайка» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.
3. Жаңа сабақ. «Ой шақыру».
1.Зат есім сөзінде неше дыбыс бар?(7)
2.Жеті қандай сан?(киелі, тақсан)
3.Жеті атасын сұрау.
4Жеті септікті сұрау.
5.Септік жалғауларын сұрау.
6.Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Зат есімнің септелуі мен жіктелуіне көрініс көрсету.
Ойын: «Гүл шоғын құрастыр».
Шығыс септігі туралы түсінік беру.
Ережені қайталау.
Жаттығу жұмысы: 73-жаттығу.(өзіндік жұмыс)Үлгі:Бұл ертегіні журналдан оқыдым.
74-жаттығу.(ауызша)
76-жаттығу.(тақтаға)Мысалы: Мал өрістен келді.
Терме диктант.(мәтіннен шығыс септігіндегі сөздерді теріп жазу)
Ойын: «Көбелектерді өз гүліне қондыр.»
Сергіту сәті: « Қаражорға».
Ойын: «Баскетбол».(шығыс септігіндегі сөздерді ғана торға түсіру)
Сабақты қорыту, бекіту.Кері байланыс: Сабақта не қиын?Не ұнады?оқушылар екі түсті стикер арқылы көрсету.
Үйге тапсырма: ережені жаттау,78-жаттығу.
Бағалау.Смайликтер арқылы.

Автор: Есенова Ляиля Байтоллақызы

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №9 жалпы орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.