Сайт учителя начальных классов
.
Мектеп атауы: «Қоссейіт» жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Лашынова Д.М

Сыныбы: 4 «ә» сыныбы

Пәні: ана тілі

Сабақты өту мерзімі :
10.03.2015ж
9-10 жас аралығында

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов. «Наурыз» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрену, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеу, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой тастау,Ой тастау,Екі жұлдыз, бір тілек

Модульдердің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Оқыту үшін бағалау,оқуды бағалау. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда ақпаратты-коммуникациялық технологияларды пайдалану.Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.Оқыту мен оқудағы көшбасшылық.

Оқып үйренудің нәтижесі: Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйренеді, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашады, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істейді, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамытады. Түйінді идея: Оқушылардың өз туған жеріне деген патриоттық сезімдері артады.

Барлығын қосқанда: Даму ағашынан әр оқушы қай жерде екенін стикерлер арқылы көрсету .
№ Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты Ресурстар

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топтастырамын.
Бағалау парақшаларын таратамын.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.


Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар топтасады.Топбасшы-ларын сайлайды. Бағалау парақшаларын алады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
-Менің оқығым келеді! -Білімді, алғыр болғым келеді!
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. 3минут Түрлі-түсті қағаздар
2. Білу
Үй тапсырмасын түсінгенін сұраймын. Бәріне сұрақ: Адамдар туралы қай шумақта айтылған? Шәкәрім туралы не білеміз?
Өлеңді жатқа айтады. 1-2 топ Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген? 3-4 топ Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді? Оқушылар топтаса отырып жауап береді. 5 минут
Оқулық суреттер
3. Түсіну Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлаймын. Наурыз қандай мереке? Ол мерекеге сендер қалай дайындаласыңдар? Оқушылар наурыз туралы түсінік береді. Ол мерекеге қалай дайындалатынын айтып кетеді.
8 минут
Қанатты сөздер Суреттер, сызбалар, «Ой ашу кестесі»
4. Қолдану Автор туралы түсінік беремін.Оқулықпен жұмыс жүргіздіремін.
Өлеңнің авторы Міржақып Дулатов – қазақтың белгілі ақыны, жазушы, ағартушы-педагог. Жастайынан жетім қалып, ағасының қамқорлығында өседі. 1928 жылы халық жауы деген жалған жаламен 10 жылға абақты жазасына кесіледі. Абақтыда жатып, ауыр науқастан қайтыс болады. Қазақ әдебиетінің алғашқы романы болып саналатын «Бақытсыз Жамал» атты романы бар.
Оқулықпен жұмыс жүргізеді. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды. 10 мин Оқулық,
Жұмыс дәптері
5. Талдау Топтарға деңгейлік тапсырмалар беремін.
1 топ Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің? 2 топ «Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолдан өлеңнің қай кезде жазылғанын аңғарасың? 3 топ «Өшпес өмір өнегелері» деген тарауда М. Дулатовтың қандай шығармасымен таныстыңдар. Еске түсіреді. («Шешенің балаларын сүюі») 7 мин Оқулық
6. Сергіту сәтін орындатамын. Оқушылар сергіту сәтін орындайды. 2 минут
7. Жинақтау Сызбамен жұмыс жасатамын. Ұйқасы бойынша екінші шумақтың сызбасын дәптеріңе салады.
1 шумақ 2 шумақ
----- -----
----- -----
----- -----
----- -----
5 мин Оқулық,
жұмыс дәптері
8. Рефлексия Бүгінгі сабақта не жайлы білдік? Сабақтан алған әсерлерін стикерге жаздырамын. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады. Өз ойларын жазып даму ағашына іледі.
2 мин стикер
9. Бағалау критерийлері бойынша топтық формативті бағалаудан соң жиынтық бағаны қоямын. Критерийлер бойынша жұптық, топтық бағалау жасайды. 2 мин Бағалау критерийлері
10
Үйге тапсырма беремін.
Мәнерлеп, түсініп оқу, 3 – 4 мақал жазып келу. Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. 1 мин Күнделік

Не сәтті өтті:

Не сәтсіз өтті:

Нені дамытамын:

Директордың оқу ісінің меңгерушісі:

ID: 1828 | Просмотров: 2773