Сайт учителя начальных классов
.
Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі" -

Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 1123 | Просмотров: 2577 | Размер: 209.5 Kb | Автор:
Қарағанды қаласы
№ 101 мектеп- лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахметова Гүлденсін Елубаевна
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы (1885- 1935)
«Шешенің балаларын сүюі»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі:Міржақып Дулатұлы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мағынасын ашу, талдау, түсіну
Ә) Дамытушылығы:Әдеби тіл нормасын меңгерту, өлеңнен алған әсерлерін айта алу, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, өздігінен талдай білу.
Б) Тәрбиелігі:Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту, талдау
Сабақтың әдіс- тәсілдері: АКТ-ны қолдану, топпен жұмыс, интербелсенді тақта, оқу құралдары
Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру
Сыныпты төрт топқа бөлу, топтың атын қою, бағалаушы балаларды сайлау
2. Өткенді еске түсіру 1-Флипчартпен жұмыс
Берілген сөйлемдердегі бос орындарды тиісті сөздермен толықтыр.
3 Жаңа сабақ2- Флипчартпен жұмыс
• Бес арыстың суретінен Мағжанды тауып көрсету
• Неге бес арыстың құрамына кіріп тұр?
• Алаш орда ұйымына кіру себебі не

Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -
Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?! Немесе

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, ендіжатужарамас- ты. –Деп, ұран тастап кеткен кім?М. Дулатов

*Ендеше, бүгінгі сабағымыздың кейіпкері- Алаш Орда ұйымының белді мүшесі, бес арысымыздың бірі – М. Дулатұлы. Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

3-Флипчартпен жұмыс
*Міржақып Дулатұлы жайлы не білесіңдер? Видео-жазба тыңдау

4- Флипчартпен жұмыс Хранологиялық кесте
Жылдар Өмір жолы
1885 ж. 25- қараша Қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келген
1897-1902 ж.ж. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.
1905-1907 ж.ж. Бала оқытады.
1909 ж. Қызылжарда тілмаштық қызмет атқарады.
1910 ж. «Қазақ» газетін А.Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады
1911 ж.маусым Семейге келгенде тұтқындалып, 19 ай қамауда отырады.
1913-1918 ж.ж. «Қазақ» ғазетінде жауапты хатшы қызметін атқарады
1922 ж. Алаш қозғалысына қатысқаны үшін қамауға алынып, орынборға жіберіледі де қамаудан босатылады.
1922-1926 ж.ж. Орынборда интернат оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада баспасөзде қызмет атқарады.
1928 ж. Қамауға алынады.
1930 ж. Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл абақтыға ауыстырылады.
1935 ж. Ақтеңіз-Балтық каналы бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс болады.
1988 ж. 27 қазан Қазақ ССР прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады
1992 ж. Торғай өңірінде өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.

5- Флипчарт
*Шығармалары (Сызба ) Әртүрлі тақырыпта құрылған
6- Флипчарт
Нұрлан Өнербаевтың өлеңінен үзінді тыңдату «Анашым» Өлең кімге арналған?
*Анаға. Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы Ана туралы өрбімек
М. Дулатұлының «Шешенің» балаларын сүюі» өлеңі осы Ана тақырыбына құрылған
* Ана қандай жан? Топтастыру сратегиясы
Өлеңді мәнерлеп оқу Мағынасын ашу
7- флипчарт
• Өлеңді талдау
I топ Өлеңді құрылысына қарай кешенді талдау
1. Авторы: М.Дулатов
2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған
3. Жанр түрі– поэзия ( өлең) Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен
қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып
келетін өрнекті сөз жүйесі
4. Идеясы– автор тақырып арқылы шындық өмір көрністерін суреттегенде,
оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.
Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.
Идеясы – ананың бар арманы, өмірінің мәні – баласы,
соның амандығы
5.Шумақ– аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
6.Тармақ— өлеңнің әр шумағы
7. Бунақ– белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақ
8. Буын саны– сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. ( 11 буын)
9.Ұйқас. Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне – бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас
дейміз. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)

8- Ф
II топ Атақты аналарымыздан кімдерді білесіңдер? Олар жайлы баяндаңдар. Сахна әртістері, ел билеген аналар, батыр аналар, Әулие аналар, Аттары аңызға айналған аналар, Ұлы ғұламалардың аналары т.б.
9-Ф
III топ Анамен өмір көрікті Постер қорғау
10-Ф
IV топ Ана туралы қандай қанатты сөздерді білесіңдер? Мағынасын ашыңдар
Анасын ренжіткендерді Алла тағала да жақтамайды.
Анаға баланың алалығы жоқ
Баласы атқа шапса анасы үйде тақымын қысады
Аның сүті -бал, баланың тілі –бал
Ана көңілі балада,
Бала көңілі далада.
Ананың ақ жаулығы -Ананың ақ көрпесі
11-Ф
• Сергіту сәті
12-ФӘн-клип «Ана жүрегі»
• Ой толғау (Менің Анам)
13-Ффото- суреттер корсету
4. Сабақты бекіту
Сурақ- жауап
5. Үйге тасырмаӨлеңді жаттау
6. Бағалау

ID: 1826 | Просмотров: 2577