Сайт учителя начальных классов
.
"Менің қонақтарым" тақырыбындағы орыс сыныбына арналған жоспар. Менің қонақтарым тақырыбын оқушыларға түсіндіріп, қонақ күтуге тәрбиелеу. Тақырып бойынша оқушыларға қызықты болу үшін түрлі тапсырмаларды беру арқылы оқушыларға үйренуіне көп көмегі тиеді. оқушылар сөздікпен жұмыс жасай отырып,тіл байлықтарын көбейтеді.
Қазақ тілі. 3«Б» сынып. Күні:
Сабақтың тақырыбы: Менің қонақтарым
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Менің қонақтарым туралы тақырыбында оқушыларды мәтінді мәнерлеп оқуға, оқығанын түсініп, дұрыс жауап беруге үйрету. Сурет бойынша сөйлем құрастыра отырып, сөздік қорын арттыру. Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: достықтың қадірін түсінуге, дос болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, инсерт әдісі, ауызша суреттеу.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, мультимедиалық проектор.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Бүгін ауа- райы қандай?
Аптаның қай күні?
Кім кезекші? т.б.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қызығушылықты ояту»
Қонақ, сыйлық, іні, менің, мен сөздерінің аудармасы.
III. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың мақсатымен таныстыру. «Менің қонақтарым» тақырыбын түсіндіремін.
Сөздікпен жұмыс.
қонақ –гость
сыныптас – одноклассник
көрші- сосед
келді- пришел (-ла)
IV.Оқулықпен жұмыс.
I-тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Бүгін менің туған күнім. Менің туған күніме көп қонақ келді. Олар: атам, әжем, көршілер, достарым, сыныптастарым. Атам мен әжем компьютер сыйлады. Мен рақмет айттым.
2-тапсырма. Оқы сөйле.

3-тапсырма.Диалогті досыңмен оқы.
-Сәлем, Марат!
-Сәлем, Вадим!
-Бүгін қай күн?
-Бүгін мамаыр.
-Сен қайда барасың?
-Мен қонаққа барамын.
-Кімге қонаққа барасың?
-Сергейде қонаққа барамын.
-Кіммен барасың?
-Досыммен барамын.
-Досыңның аты кім?
-Досымның аты -Асқар
-Бүгін кімнің туған күні.
-Бүгін Сергейдің туған күні.
-Сен не сыйлайсың?
-Мен кітап сыйлаймын.
-Сау бол, Марат!
-Сау бол, Вадим!
V. Дәптермен жұмыс. 4-тапсырма. Сөйлемдерді аударып жаз.
Мен досыма (гүл, кітап, сурет) сыйладым.
VI.Қорытынды.
А)Сурет бойынша сөйле.
Туған күнге дайындық.
Ә) инсерт әдісі,
Не білдім? Нені білемін? Не білгім келеді?

VII. Үйге тапсырма. 123-бет. 6-тапсырма жаттау.
YIII. Бағалау.

ID: 2225 | Просмотров: 4934