Мен спортты сүйемін. Сөз тіркесі.

  • Жүктеулер: 687
  • Көрсетілім: 2217
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 05/Июн/2015
Сабақтың тақырыбы: Мен спортты сүйемін. Сөз тіркесі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: спорт туралы мәліметтер беріп, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін , спортқа деген қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: тапқыр, шымыр, денсаулықтары мықты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекі құралдар: карточкалар.
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, аударма жұмыс, мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сөздерді, спорт туралы 5 сөйлемді сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Лексикалық минимум.Сөздерді орыс тіліне аудару.
- спортты сүю
- спортты жақсы көру
- спортпен айналысу
- Ой қозғау.
- Сіздерге қандай спорт түрлері ұнайды? (бокс, футбол,волейбол т.б)
- Қазақстанның атақты спортшыларын кім біледі?(Б. Саттарханов, Е.Ибрахимов)
ІҮ. Тапсырмалар.
1 - тапсырма: Оқыңыз. Астын қарындашпен сызыңыз.
1. Мен спортпен айналысамын/ айналыспаймын.
2. Мен спортты жақсы көремін/ жақсы көрмеймін.
3. Мен хоккей ойнаймын/ ойнамаймын
4. Мен шаңғы тебемін/ теппеймін
5. 2-тапсырма. Төменде берілген сөздерді септеңіз. Шаңғы, спортшы.
Ү. Сергіту сәті. (Музыкалық)
ҮІ. Үйге тапсырма.
«Мен спортты сүйемін» тақырыбына байланысты мәтін құру.
ҮІІ. Бағалау.

Автор: Сатубалиева Айнур Набиуллиновна

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Березов мектеп-балабақша кешені

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.