Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

М.Мақатаев "Қайырлы түн"
09.03.2015, 20:46

Материалдың жеке номері 792

М.Мақатаев "Қайырлы түн"

загрузка...
Ержанова Гульмира Темиргалиевна
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы Батурин ЖОББ мектебі
І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі

Сабақ тақырыбы: М.Мақатаев «Қайырлы түн» өлеңі
Сабақ мақсаты: 1.Ақынның поэзиясына талдау жасай отырып, өлеңнің тақырыбы
мен идеясын ашу
2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу,мәнерлеп оқу,шығармашылық қабілеттерін дамыту
3.Оқушыны туған жерін,елін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ізденіс сабағы
Сабақ әдісі: СТО әдістері: ой қозғау, бес жолды өлең, семантикалық карта,автор
орындығы. РАФТ әдісі.
Көрнекілігі: бейнетаспа арқылы ақынның өз даусымен оқыған өлеңдері, естеліктер, әндері, кітаптары
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка
Сабақ барысы:
I. «Қызығушылығын ояту» кезеңі
«Ой қозғау» стратегиясы:
Құрметті оқушылар! 9 ақпан қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың
туған күні.
Бүгінгі сабақта Мұқағалидың поэзия патшалығына сапар шегіп,ол жайлы бар білген, жиған-тергенімізді төгіп, ақынның туған күніне тарту етейік.Олай болса, Мұқағали патшалығына үңіліп көрелік.Ақын жайлы білгенімізді ортаға салайық.. Кім не айтады?

1. «Автор орындығы» стратегиясы бойынша оқушылар ақын өмірінен сыр шертеді.

2. Рөл -Мұқағали. Аудитория- сынып. Форма- таныстыру. Тақырыбы- «Менің анкетам» өлеңін ақын болып баяндайды.

3. Поэзия минуты: Оқушылар өздері білетін өлеңдерін жатқа оқиды.

II. «Мағынаны тани білу» кезеңі.

1.Ф.Оңғарсынова:«Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық»,- деген екен.Олай болса,біз-сыршыл ақынның шығармасымен танысқан бақытты халықтың бақытты ұрпағымыз.Өлеңді жанымен сүйген Мұқағали ақынды есімізге алып, өз даусын тыңдайық.

2.Мұқағали ақынның өлеңдері түрлі тақырыпты қамтиды.Әсіресе туған жер,ел тыныштығы туралы жазған өлеңдері көп. Соның бірі – «Қайырлы түн» өлеңі. «Қайырлы түн» өлеңі күллі дүниенің тыныштығын тілеу мақсатында жазылған.Ең алдымен «қайырлы» деген сөз қандай мағына беретінін көрейік.

Қайырлы(сын есім) – қайырымды,жанға жайлы.Ал қайырымды деген сөз қайырымы мол,мейірімді,қамқоршыл деген мағынаны білдіреді.

3.Мұғалім нақышына келтіріп, өлеңді жатқа оқимын.
4. Сөздік жұмысы.

Дін аман- Бәрі де аман,түгел. Тіршілік атаулының амандығы.

Перде - 1.Есік, терезе, театр сахнасына құрылатын шымылдық. 2.Терезе жапқышы, бұл мжерде түн мағынасында

Кесел- Ауру, сырқат, дерт. Ұнамсыз дағды,жаман әдет,дерт. Бұл жерде соғысқа ұшырамау.

Боз - Боз көрпе Ақшыл, қылаң түс.Боз ала таң, таң сәрі. Түннің таумен астасқан кезі

Айқара - Айқара ашты,есікті шалқалатып кең ашып қойды.
5.Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
6. Топпен жұмыс
«Мұқағали» тобы: Өлеңге сатылай кешенді талдау.

Авторы: М.Мақатаев

Тақырыбы Қайырлы түн

Идеясы Ел тыныштығы,бейбітшілігі

Шумақ 5 шумақ

Тармақ 1-шумақ-4 жол, қалған шумақтар-5 жолдан

Бунақ 1-2-3 бунақтан тұрады

Ұйқас шалыс ұйқас, қара өлең, аралас ұйқас

Эпитет Көк аспан,тәтті ұйқы,ақ басты Алатау, алып Жер, ұлы кеудең, боз көрпе,
жас ұл

Кейіптеу орманың шуламасын,суларың туламасын, жыламасын,шамыңды
өшір,айы келіп,ақ мойныңа асылды.

«Аманат»-топ Өлең шумақтарына тақырып қою.

Жер-Ана.Тыныштық..Соғысқа жол жоқ..Нұрлы өмір.Бейбітшілік.

Өлеңнен қаратпа сөздерді табу.

Жер-Анам.Алып Жер.Ақ аспан.

«Қасым»-тобы: Ақын.Өлең.Түн сөздеріне «Бес жолды өлең» стратегиясымен жұмыс

Ақын Өлең
Өр,дарынды әсерлі,жағымды
Толғанады,ойлайды,тебіренеді ұйқасады,тебірентеді,толғантады
Халқын сүйген ақиық ақын сөз патшасы,сөз сарасы
Суреткер ән

1. Түн
2. Қараңғы, тыныш
3. Баяу жел соғады, иттер үреді, дамылдайды
4. Түн – тыныштықта адамдар дем алады.
5. Табиғат
III.Ой-толғаныс. Семантикалық картамен жұмыс.

Үзінді Қайырлы түн Қара өлең Барлығы да сендердікі Үш бақытым
Ақынмын деп мен қалай айта аламын? +
Ең бірінші бақытым- халқым менің +
Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан +
Бола жатар сендердің де үлесің +
Айың келіп ақ мойныңа асылды +

Тірісінде сый көрмей қайран ақын,
Тек өлген соң қанатын жайған ақын.
Ежелден қазақтың ол қасіреті
Бармағын тістеп кейін өкінетін.
Күн сүйіп кере қарыс маңдайынан,
Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.
Барында бағаламай,білдік кейін,
Қазақтың айырылғанын қандай ұлдан.
Иә,Мұқағали – ер ақын,ерен ақын,ерекше ақын.Тірісінде өз бағасын ала-алмаған ақынға тек 2000 жылы ғасыр жабылар тұста «Аманат» жыр жинағы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы берілді.Бұл қазақ халқына үлкен қуаныш болды.

Жалғасы бар,
Жырымның жалғасы бар,
Жырларым жылдарменен жалғасыңдар,- дегеніндей,жырлары ұрпағымен мәңгі жасайды.
«Есіңе мені алғайсың» әнін орындау.

Үйге тапсырма: 1.«Ел тілегі — бейбітшілік» тақырыпбында эссе жазу.2. «Қайырлы түн» өлеңін жаттау.

Бағалау: Оқушыларға таратылған белгілер арқылы бағалау.
loading...

Автор: Ержанова Гульмира Темиргалиевна

Батурин ЖОББ мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Ержанова_Гульмира | Ілмек сөздер: поэзия патшалығы, Қайырлы түн, әдебиет
Көрсетілім: 1299 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5909
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 136
Қонақтар: 136
Тіркелгендер: 0