Сайт учителя начальных классов
.

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК "Ұлттық тағамдар" нәтиже сабақ. 6 сынып

Панель 1
Панель 2
6 сынып
Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. «Ұлттық тағамдар»

Мақсаты:
Өткен тақырыптарды қорытындылайды, модуль бойынша алынған ақпараттарды түрлі тапсырмаларды орындау барысында еске түсіреді, пайдаланады, сауатты жазу, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Сабақтың міндеттері:
- Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып өз ойларын еркін айту, басқалардың ойымен, пікірімен санаса білу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру
- Практикалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың қазақ тілінде сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту
- Топтық жұмыстар арқылы қарым- қатынас мәдениетіне, сыйластыққа, әдептілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу
Түйінді идеясы: Ұлттық тағам түрлері, оның адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта белсенді жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді, меңгерген сөздерді, алынған ақпараттарды қолдануға, сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады, бір-бірімен диалогтік қатынас құруға үйренеді, сауатты жазу, сөйлеу дағдылары дамиды.
Сілтеме: Орта мерзімді жоспар
Дереккөздер, құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, түсті қарындаш, фломастерлер, бағалау парақтары, бағдаршам түстері
Әдіс-тәсілдер:
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Кубизм» «Сұрақ- жауап», көрнекілік, практикалық әдістер, слаид
Топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар
Қолданылған технологиялар: Диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, АКТ, оқытудағы көшбасшылық, дарынды және талантты балаларды оқыту, СТО, оқыту үшін және оқуды бағалау
Сабақтың түрі: Білім бекіту сабағы
Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Ұйымдастыру, сәлемдесу сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңберіне» тұру, бір- біріне жақсы тілектер айтқызу.
Бірнеше бөліктерге қиылған тағам суреттерін құрастыра отырып топқа бөлінеді.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма
Топтық жұмыс «Кубизм» әдісі.
Әр топ кубты лақтыра отырып, куб қырында жазылған сандар бойынша сұрақтарға жауап береді.
І топ сұрақтары:
1. Ұлттық тағамдарға қандай тағамдар жатады?
2. Тағам туралы қандай мақал білесіңдер?
3. Сөйлем мүшелерінің қандай түрлері бар?
ІІ топ сұрақтары:
1. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
2. Мақалды жалғастыр: Тату үйдің ... ...
3. Тұрлаусыз мүшелерді ата.
ІІІ топ сұрақтары:
1. Қазақ халқының ерекше дәстүрі не?
2. Жылқының етінен не дайындайды?
3. Тұрлаулы мүшелерді ата.
2-тапсырма
Жеке жұмыс. Сөздік диктанты
Мұғалімді тыңдай отырып, сөздерді жазады, бағалау өлшемдері бойынша бірін- бірі бағалайды, бағалау парағына қояды.
3- тапсырма Топтық жұмыс
Ойын «Ең мықты аспаз»
Әр топқа тағам атаулары жазылған үлестірмелі қағаздар беріледі, сол қағазда жазылған тағамның дайындалу әдісін сызбаға түсіріп, қорғайды.
1-топ: Наурызкөже
2-топ: Қуырдақ
3-топ: Бауырсақ
4- тапсырма Топтық жұмыс
Топта бірлесе отырып «Тамақтану ережесін» құрастырады, қорғайды
5- тапсырма Жеке жұмыс
Тест жұмысы: Тақырыпты бекітуге байланысты тест жұмысын орындайды, бірін- бірі тексереді, бағалайды
ІІІ Қорытындылау кезеңі
«Бәрін білдім» ойыны
Ұяшықтағы сандарды таңдай отырып, жасырылған сұрақтарға жауап беріп, әр топ ұпай жинайды.
Кері байланыс
Сабақ туралы пікірлерін ауызша сұрап өту
ІҮ Үйге тапсырма: Қайталау, бақылау диктантына дайындалу

ID: 1885 | Просмотров: 3345