Сайт учителя начальных классов
.
ОҚО Мақтаарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сапарбаева Жұлдыз Илесовна

Қысқа мерзімді жоспар.
Сабақтың тақырыбы: Күшейткіш үстеу
Сабақтың мақсаты: күшейткіш үстеудің қимыл мен сынның белгісі мен сапасын күшейтіп не солғындатып көрсететіндігін меңгеру, ойлау,сөйлеу, пікірлеу қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: 1) Күшейткіш үстеу туралы толық мәлімет алады;
2) сөз мәдениеті мен ойлау қабілеті дамиды;
3) топта жұмыс жүргізе отырып қорытынды шығарады.
Әдіс- тәсілдері: Топтық жұмыс,миға шабуыл АКТ, семантикалық карта,Блум жүйесі, СТО,кубизм әдісі
Сабақтың өтілу барысы
Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Сабақтың әдістер Жабдықтар
Ұйымдастыру
Кезеңі 2-мин Оқушыларға шылау сөздері арқылы топқа бөлу.Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1. Септеулік шылау
2. Демеулік шылау
3. Жалғаулық шылау Сабақтың мақсатымен танысады. Берілген шылау сөздер қай топқа жатса сол топқа барып жайғасады. Сыни тұрғыдан ойлау АКТ,үлестірме
қағаздар
Үй тапсырмасын сұрау 5-мин Интерактивті тақтадан ұяшықтағы сұрақтарды қойып, үй жұмысын сұрау.
Семантикалық карта Ұяшықтарды таңдап,
өтілген тақырыпты пысықтап,алған білімдерін жинақтайды Сұрақ-жауап, түсіндіру
Диалаог арқылы оқыту Суреттер АКТ
Слайдттар,бағалау
парағы,смайликтер,
бағалау фишкалары

Жаңа сабақ
1.Білім 6-мин Қызығушылықты ояту. Блум жүйесі
Өте әдемі,тым терең,жөнсіз сөйлейді, әбден шаршаған. Сұрақ.1.Күшейткіш үстеу етістікпен тіркесіп,қандай сұраққа жауап беріп тұр?
2. Күшейткіш қандай сөз табымен тіркесіп,қандай сұраққа жауап беріп тұр.
Ереже шығарту. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін, сапасын күшейтіп яки солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Жаңа тақырыпты меңгереді, түсінеді,өз ойларын,пікірлерін дәлелдейді.Жаңа сабақтың ережесін шығарады. Мысалдар айтады СТО , сұрақ-жауап,Диалаог арқылы оқыту АКТ, тірек сызбалар,бағалау парағы
2.Түсіну 5-мин Мәтінмен жұмыс . Үш топқа үш жаттығу жұмысы беріледі. Берілген сөздерді қатыстырып күшейткіш үстеу жасаңдар. Зертейді, салыстырады, бақылайды, ізденеді,алған білімдерін пысықтайды. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер АКТ, оқулық,
Бағалау тақтасы
3.Талдау 5-мин Берілген күшейткіш үстеулердің қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажырату Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жеке жұмыс істейді, салыстырады СТО Жас ерекшелігіне сай оқыту Кеспелер
4.Қолдану 3-мин Алған білімді тәжірибеде нақты қолдану. Күшейткіш үстеулерді қатыстырып,халқымыздың салт-дәстүрлері және өмірмен байланыстыра отыра сөйлем құрап жазу Жеке жұмыс істейді,пікір алмасады.Ойларын жазады СТО Талантты және дарынды балалармен жұмыс Оқулық, суреттер,
смайликтер
5.Жинақтау 10-мин Тақырып бойынша ойымызды жинақтайық.Кубиктің алты жағындағы тапсырманы орындау Топпен жұмыс істейді,білгенімен үйренгенін жазады. СТО,сұрақ-жауап Кеспелер,
6.Бекіту 5-мин Тест сұрақтарын алу.
Семантикалық кесте Жеке жұмыс істейді,алған білімдерін тексереді СТО Жас ерекшелігіне сай оқыту А4 парақтары
Бағалау 2-мин Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау Өзін-өзі бағалайды
Бірін-бірі бағалайды Өзара бағалау Бағалау парақшалары
Жиынтық бағалау жүргізу Бақылайды Бағалау тақтасы
Үйге тапсырма беру
2- мин «Мектеп тарихы сыр шертеді» тақырыбында күшейткіш үстеулерді қатыстырып мәтін жазып келу Белгілеп алады Оқулық

ID: 1630 | Просмотров: 4006