Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Көктем
[ Сайттан жүктеу (23.9Kb) ] 02.05.2015, 23:36

Материалдың жеке номері 1529

Көктем

загрузка...
Қазақ тілі
Сыныбы: 6
Күні: 8.04.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жыл мезгілдерінің ішіндегі ерекше мезгіл – көктем туралы мәлімет беру. Сурет бойынша әңгіме құрау дағдысын жалғастыру. Сөздік қорын байыту бағытында жұмыстар жасау. Балалардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдығын шыңдау.
Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны сүю қажеттігі туралы, көктемнің жыл құстары туралы, оларға қамқорлық жасау жайлы тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Дамытушылық: Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту.. Дұрыс сөйлеу алу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Көктем туралы суреттер, интерактивті тақта, слайд, сөзжұмбақ, бағалау парақшасы
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптағы оқушылардың ынтасын, зейінін сабаққа аудару.
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін сәуірдің нешесі?
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Етістік
2. Тұйық етістік
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Етістік дегеніміз заттың іс – қимылын, қозғалысын білдіретін сөз табы. Ал, іс – қимылдың қай уақытта амалға асып жатқанын білдіретін етістік түрі – шақ деп аталады. Яғни, етістік шақтары дегеніміз – істің дәл қай уақытта жүзеге асып жатқанын білдіретін етістік түрі. Соның ішінде бүгін таныс болатынымыз етістіктің нақ осы шақ түрі.
шақ түрі Нақ осы шақ (собственно – настоящее)
сұрағы не істеп отыр?

жасалынуы
Түбір + ы , ып, а, е, й + тұр, жүр, отыр, жатыр + (жіктік жалғауы).

Мысалы: бар + ып отыр +

1. Сөздік жұмыс. Балалар, бәріміз сөздік дәптерді ашып, бүгінгі жаңа сөздерді жазып аламыз.

сең – льдина
бүршік – почка
жер жібиді – днём снег тает
бұлтты – облачный
қатады – замерзает
кеш – поздно
2. Мәтінмен жұмыс
Биыл көктем кеш келді. Сонда да ағаштар бүршік жарып, құстар жылы жақтан өз мекеніне ұшып келіп жатыр. Ал Аян құстарға ұя жасап жүр. Себебі ол құстарды өте жақсы көреді.
Көкемде жер жібиді, өзендерден сең жүре бастайды.
Кәрі де, жас та далада. Балалар мәз болып ойнап жүр. Ал, мейірімін төккен күн оларды тамашалап тұр.
Мен көктемді өте жақсы көремін.

3.Топпен жұмыс.
І топ: Мәтін бойынша диалог
ІІ топ: Мәтінді орысшаға аудару
ІІІ топ: Мәтінді мазмұндау
4. Деңгейлік тапсырма
І деңгей: Мәтіндегі етістіктерді жіктеу
ІІ деңгей: Мәтінге сұрақ қою
ІІІ деңгей: сөйлемді толықтыр
5. Сергіту сәті
«Ұшты – ұшты» ойынын ойнаймыз. Мен айтқан құс немесе жануар, немесе кез келген табиғат атауының ұшатынын не болмаса ұшпайтынын ажыратамыз. Ол үшін мен атаған атау иесі ұша алса қолымызды жоғарыға көтереміз, ал ұшпайтын болса, керісінше төмен түсіреміз. Ал, шартты дұрыс орындамаған оқушыға сұрақтар қоямыз:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Көктем айларын ата?
3. Сәуір айында неше күн бар?
4. Көктемде қандай мерекелер бар?
5. Саған көктем ұнай ма?
Дайын болсақ, кеттік ендеше...
Ұшты – ұшты қарға ұшты (ұшады)
Ұшты – ұшты арыстан ұшты (ұшпайды)
Ұшты – ұшты құстар ұшты (ұшады)
Ұшты – ұшты көктем ұшты (ұшпайды)
6. Тақтамен жұмыс. 1 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді нақ осы шақ түріне қойып жазамыз.
1. Көктем келді (Көктем келе жатыр)
2. Жер күндіз жібиді (Жер күндіз жібіп жатыр)
3. Осы аптада ауа – райы жылынды (Осы аптада ауа – райы жылынып жатыр)
4. Өзендерде сең жүре бастады (Өзендерде сең жүріп жатыр)
5. Биыл көктем кеш келді (Биыл көктем кеш келіп жатыр)
7. Дәптермен жұмыс. Ал, енді, балалар, кітаптағы 3 – тапсырманы ашамыз. Берілгені бойынша сөйлемдерді нақ осы шақ формасын қойып жазамыз.
1. Біздің 6 – сынып мектеп арасында әр түрлі ағаш екті (егіп жүр)
2. Ұлдар әр жерден шұңқыр қазды (қазып жатыр)
3. Қыздар ағаштарды отырғызды (отырғызып жатыр)
4. Жоғары сынып оқушылары бізге көмектесті (көмектесіп жатыр)
5. Олар шелекпен су әкелді (әкеліп жатыр)
6. Біз ол суды ағаштарға құйдық (құйып жатырмыз)
7. Сынып жетекшімізге біздің жұмысымыз ұнады (ұнап жатыр)
8. Сабақты бекіту. Сөзжұмбақ

к
ө
к
т
е
м
1. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады (Күн)
2. Су ағып сай – саладын,
Тасып өзен толады.
Құстар кеп ән салады,
Бұл қай мезгілде болады? (Көктем)
3. Жер _______ жібиді (Күндіз)
4. Жер кешке______ (Қатады)
5. «Аналар» мерекесі наурыз айның қай күні? (8)
8. Оқушыларды бағалау
9. Үйге тапсырма беру:
4 – тапсырма.
1. Етістіктерін нақ осы шақ формасын қою
2. Мәтінді ауызша мазмұндау
loading...

Автор: Саттарова Балнұр

Ақмола облысы Жақсы ауданы Белағаш ауылы Белағаш мектеп - бақшасы

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Саттарова_Балнұр | Ілмек сөздер: Етістік
Көрсетілім: 1132 | Жүктеулер: 620 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 7
Қонақтар: 7
Тіркелгендер: 0