Сайт учителя начальных классов
.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем -

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 1380 | Просмотров: 5212 | Размер: 72.8 Kb | Автор: Еркегүл
Ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Оқытудың ұтымды жолдары мен әдістерін сабақта пайдалана отырып, ауызекі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге, қарым - қатынасқа түсе алатындай дағды мен біліктілігін қалыптастыру
Міндеті:
Білімділік: қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалуын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Эмоциялық күй келтіру, әрекеттер арқылы оқушының қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкен - кішіні сыйлау, оларды құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
7 модулдің қолданылуы: АКТ, жас ерекшелігіне сай оқыту, дарынды және талантты балалармен жұмыс, бағалау.

Сабақтың әдісі: «Блиц кездесу», «Тікелей эфир», «Тренер-ойыны» әдістері, топтастыру,
Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
Бағалау парақшаларымен таныстырамын
Оқушыларды 4 топқа бөлу(Қораптан әрқайсысы 4 түрлі түсті таяқшалар алып шығып, 4 топқа бөлініп отырады)
Әр сабақта топ ережесі ілулі тұрады, ал бүгінгі сабаққа
Американ психологы Дейл Карнегидің қатынас ережелері:
• Біреуді сынауда шектен тыс кетпеңіз, әсіресе талқылағанда абай болыңыз. Мейлінше аз шағымданыңыз. Барлық сәтте шама керек
• Мұқият тыңдай біліңіз
• Өзге адамдарды, олардың қадір - қасиетін құрметтеңіз
• Керексіз таластан, даудан қашыңыз, келісім іздеңіз
• Сендіріңіз, бірақ бұйырмаңыз, сендіре алсаңыз, қарым - қатынасты білгеніңіз
• Жиі жымиыңыз, түсіңіз жылы болады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері бойынша екі нұсқалы, 6сұрақты, 4 жауапты шағын тест тапсырмасын орындау үшін «Тренер» - «ойыншы» әдісін қолданамын.
ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақты айтпас бұрын «Блиц-кездесу» ойынын ойнатамын. Негізгі сөз: қимыл. Осы сөзді қарсыласына түсіндіру арқылы сабақтың тақырыбына шығамын.
Жаңа сабақ. Қимыл-сын сабақтас құрмалас сөйлем.
1.Төрт топқа қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас туралы дайын материалдар беремін. Оқушылар өздеріне берілген материалды жеке оқиды, жұпта талқылайды, ортаға постерге түсіреді.
І топ:
Қимыл –сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл сын бағыныңқы сабақтас дейміз

Қимыл-сын бағыныңқы сөйлем қалай? Қайтіп? Не етіп? Деген сұрауларға жауап береді.
ІІ топ:
Қимыл-сын бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

1) көсемшенің –а/-е/-й, -ып/-іп және жұрнақты түрлерінен болады: Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. (Абай.) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп, Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. (Х. Ес.) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді. (Ә. С.)

Ескерту. Баяндауышы көсемшеден болған кейбір бағыныңқы сөйлемдер басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдірмей, тек онымен амалдас, мезгілдес болып келеді. Мұнадайда ол бағыныңқыға қимыл-сын бағыныңқының сұрауын қойып айтуға келмейді. Бірақ ондай бағыныңқы сабақтастарды да шарты түрде қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың қатарына жатқызып жүрміз. Мысалы: Әуеде жыршы құстар өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бен қу. (Абай) Сырттағы қазандықта от жарқылдап, қазан да көтерілген-ді. (Ғ.С.) Бұл сөйлемдерде бағыныңқыдағы іс пен басыңқыдағы істің бір мезгілде қатар болып жатқандығы баяндалады.
ІІІ топ.
2) Есімшеге (-ған/ген, -қан/кен) –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. (М. Ә.)

Кейде –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы есімшеден кейін етіп, болып көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады: Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді. (М. И.)

ІҮ топ.
3) Есімшеден кейін (-ған/ген, -қан/кен) күйі, күйінде, қалпы, қалпында, бетте деген көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады: Бала, қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі, еріксіз үзілген жұмысына қайта кірісті. (Х. Ес.)

Ү. Болымсыз етістікке (-ма/ме, -ба/бе, -па/пе)+с (ортақ етіс жұрнағы) + (-тан, -тен) Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді.
«Тікелей эфир» әдісі бойынша қимыл-сын сабақтас құрмалас сөйлемді түсіндіру. Жасаған постерлерін қорғау үшін әр топтан бір адамға рөл беріп «Тікелей эфирге» қонаққа шақырамын. 4 оқушы өз топтарының таныстырылымын ортаға салады. Қалған студия көрермендері тікелей эфирге телефон шалып сұрақ қояды. Қонақтарға баға береді.
VІІІ. Жаттығулармен жұмыс
140-жаттығу. /Дауыстап бір оқушыға оқытамын/
А деңгей: Қосымша тапсырма бойынша қай шығарма екенін анықтайды. 3,4 сұрақ. 2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты табады, жасалу жолын талдайды.
В деңгей: 1.тыныс белгісін қояды.
С деңгей:
Тест:
1.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А) Хакім кітапты ұстаған күйінде, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады. В) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды. С) Сен келген кезде, ол үйде жоқ еді.
2.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды.
В) Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. С) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді.

3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Иығындағы ауыр жүгі жеңілдегендей болып, жайбарақат ұйықтап кетті.
В) Күлген жақсы, бірақ шектен аса күлу – мәдениетсіздік.
С) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған
4.Қимыл сын бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
А) Мен келдім, - уәде берген досым жоқ. В) Сен жақсы оқығаныңда, бес алып кетер едің. С) Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отыр.
5.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А. Кімде-кім өлімнен қорықпаса, тірліктегі басқаның бәрінен қорықпайды.
С) Жаман айтпай, жақсы жоқ. В) Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта оралуын тоспай-ақ, жолаушылар тағы да
жолға шықты.
(Өзін-өзі бағалайды.)

Сабақты бекіту

Суммативтік баға шығару
Х. Үйге тапсырма:
Ережені жаттау. 141-жаттығу.
Кері байланыс: Блоб ағашы.

ID: 872 | Просмотров: 5212