Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Фразеологизмдер (үлестірме қағаз, көрнекіліктер)
[ Сайттан жүктеу (70.9Kb) ] 18.06.2015, 01:13

Материалдың жеке номері 1694

Фразеологизмдер (үлестірме қағаз, көрнекіліктер)

загрузка...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты

Фразеологизмдер
(үлестірме қағаз, көрнекіліктер)

Орындаған: Алматы облысы, Балқаш ауданы
«Бірлік орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мамырова Қарлыға Қалқаманқызы

Алматы, 2015
Фразеология (грек. phrasis-сөйлемше, logos-ұғым) –
1) Тілдегі тұрақты тіркестердіқазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;
2) Бір тілдегі тұтас фразеологиялық қор.
Фразеологизмдер үшін ең басты анықтама олардың тұрақты, даяр қалпында қолданылуы. Мысалы: ит өлген жер-алыс, тайға таңба басқандай-анық, жел аяқ-жүйрік, арқаны кеңге салу- асықпау т.б. фразеология негізінен психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты.
Фразеологияның түрлерін біреу мағынасына, енді біреу құрылымына, үшіншісі- қызметіне қарай топтастырып, әркім әр түрлі классификациялайды. Академик В.В.Виноградов фразеологизмді құрастырушы сыңарларының өзара қатысы жағынан, фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлсе, Н.М.Шанский төртінші етіп фразеологиялық сөйлемшені қосады. К.Ахановта осы төрт түрін мақұлдайды. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді арнайы зерттеген І.Кеңесбаев фразеологиялық түйдек, фразеологиялық тіркес деп екіге бөледі. Барлығын жинақтай келе, І.Кеңесбаевтың фразеологиялық түйін тіркесі- В.В.Винаградовтың фразеологиялық бірлігіне, түйіс тіркес-фразеологиялық тізбегіне, мақал-мәтелі-сөйлемшеге келеді. Сол сияқты фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы фразеологиялық антонимдер, фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық омонимдер деп бөліп қарастырамыз.
Фразеологиялық тұтастық - құрамындағы сөздер бір-бірімен әбден тұтасып, жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер. Мысалы: жеті қараңғы түнде, ала жібін аттамады, мұрынынан шаншылып жүр, мұрынына су жетпеді- қолы тимеді, аттың жалы, түйенің қомында- абыр-сабыр уақыт, бір ұрты май, бір ұрты қан-залым, екі жүзді т.б.
Фразеологиялық бірлік – тұтастық сияқты мағына жағынан тұтас тұрақты тіркес. Бірақ мұнда құрастырушы сыңарларының мағынасы жойылмаған, тек солғындап, біртұтас ауыспалы мағынада қолдану. Мысалы; төбе шашы тік тұру, езуі екі құлағында, жегені желім, пышақ кесендей тиылды, мойнына су құйылып отыр, ескі жараның аузын ашты, ит байласа тұрғысыз, көз көрмес, құлақ естімес, ит көйлекті бұрын тоздырған, ит басына іркіт төгілді, т.б.
Фразеологиялық тізбек – фразеологизмнің бұл түрі еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану арқылы пайда болған. Мұнда еркін сөз бен фразеологиялық сөздің тіркесуінен жасалады, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: тар заман, қоныс тепті, қонақ асы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, ала қол, кең қолтық, жуан жұдырық, шер көкірек, еркек кіндік, салқын қанды, көзі тірісінде, көз шалым жер, көзімдей көр, көзі жоғалды т.б.
Фразеологизмдердің құрылымы– құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді.
1) құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық тауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жон, қалқан құлақ, мұрты шағылмаған, саусақпен санарлықтай, кең иықты, ат жақты, тісін басты, өр көкірек, төбесі тесік, т.б.
2) құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы: үш ұйықтаса, ойда жоқ; көңілі су сепкендей басылды; аяқ–қолын бауырына алды; қой үстіне бозторғай жұмыртқалады; басы ауырып, балтыры сыздады; бұтын бұт, қолын қол қылды; ашса алақанында, жұмса жұдырығында; көзіне көк шыбын үймелетті; ел бетін көрместей болды; ішкен асы бойын тарамады; көрер таңды көзімен атырды; аузына ақ ит кіріп, көк ит шықты; табанын жерге тигізбеді т.б.
Фразеологизмдердің мақал–мәтелдерге қатысы. Мақал –мәтелдердің адам өмірінде қамтымайтын саласы жоқ. Соның бәрін аз сөзбен көп мағыналы етіп білдіреді. Халық: «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Мақал –сөздің атасы. Сөздің көркі –мақал. Мақалсыз сөз–татымсыз аспен тең. Мақал– сөздің тұздығы» – деп тұжырымдайды. Мысалы: аузымен орақ орғанның белі ауырмайды. Балтамған тілден у да тамады. Шегірткеден қорыққан егін екпес.
Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Сын есімдерден (ақ, қара, көк, т.б.), сан есімдерден (бір, екі, үш т.б.), зат есімдерден (бел, аяқ, қол т.б.)
Фразеологизмдер кейде антонимдерден, синонимдерден, омонимдерден жасалады. Фразеологиялық антонимдер: қызу қанды– салқын қанды, дүниеге келу– дүниеден өту, қолы ұзару–қолы қысқару, ит пен мысықтай болу, ит арқасы қиянда– таяқ тастам жер, әмпәй–жәмпәй болу–жүз жыртысу т.б.
Фразеологиялық синонимдер: қыз қуу, отқа май құю, бауы берік болу, қыл көпір, ақ сұңқар құс, ордалы жылан т.б.
Фразеологиялық омонимдер: есі кету–қуаныштан, қорыққаннан; ауыз ашу– таңқалу, ораза кезінде ауыз ашу, т.б.

Топпен жұмыс
1.Тапсырма «Еркін хат» әдісі

Конверт №1

1. Фразеологизм дегеніміз не?
2. Фразеологизм түрлеріне кластер құрастырыңыз.

фразеологиялық тұтастық фразеологиялық бірлік

фразеологиялық тізбек

Конверт №2
1. Фразеология ғылымын зерттеген ғалымдарды атаңыз.
2. Фразеологиялық антонимдерді ажыратыңыз.
қызу қанды– салқын қанды, дүниеге келу– дүниеден өту, ит арқасы қиянда– таяқ тастам жер.
(қызу қанды– суық қанды, дүниеге келу– дүниеден өту, ит арқасы қиянда– таяқ тастам жер)

Конверт №3
1. Фразеологизмдердің құрылымына тоқталыңыз.
2. Тұрақты тіркестерді мағынасымен салыстырыңыз.

Қой аузынан шөп алмас үндемеу
Ит жанды лезде
Таяқ тастам көнбіс
Мұзға отырғызып кету жақын
Жұмған аузын ашпау жуас
Көзді ашып жұмғанша алдау

2.Тапсырма Шығармашылық диктант
I топ
(берілген тұрақты сөз тіркестері мен мақалдардың жалғасын табу)

Сіркесі су..... (көтермеу)
Ит арқасы..... (қиында)
Төбе шашы..... (тік тұру)
Ит өлген........ (жер)

II топ
Бас кеспек болса да, ......... (тіл кеспек жоқ)
Жеті жұрттың тілін біл,......... (жеті түрлі ілім біл)
Жыланның уы тісінде, ...... (адам уы тілінде)
Тұз астың дәмін келтірсе,...... (мақал сөздің сәнін келтіреді)

III топ
Ел үмітін ер ақтар,......... (ер атағын ел сақтар)
Тоқсан ауыздың сөздің.............. (тобықтай түйіні бар)
Ит терісін ................... (басына қаптау)
Бетінен оты............... (шығу)

3.Тапсырма Шатасқан баулар

Берілген әріптерде тұрақты тіркес жасырылған, орнын тауып
құрастырып, мағынасын ашыңыз.

I топ
1. юмйотқааұқ (отқа май құю)
2. зқрлыоұау (қолы ұзару)

II топ
1. адажеіқрңғтүытне (жеті қараңғы түнде)
2. ктесіеу (есі кету)

III топ
1. лиыйтұыбаасатрғсз (ит байласа тұрғысыз)
2. табанын жерге тигізбеді (табанын жерге тигізбеді)

4.Тапсырма
Тірек сызбалар арқылы ауызша және жазбаша мәтін құрау.
I топ

II топ

III топ
loading...

Автор: Мамырова Қарлыға Қалқаманқызы

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бірлік орта мектебі

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Мамырова_Қарлыға
Көрсетілім: 3427 | Жүктеулер: 897 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 60
Қонақтар: 60
Тіркелгендер: 0