Сайт учителя начальных классов
.
Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
№12 орта мектебінің
бастауыш сынып
мұғалімі Айсулу
Балташевна Алимова

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі
Сабақтың мақсаты: 1.Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін
етістіктің жіктелуі деп аталатынын түсіндіру.
2.Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеуді жаттығу ,
дағдыландыру тапсырмалары арқылы есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
3.Сабақ барысында ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс
Істей білуге, мәдени қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ- жауап, талдау- жинақтау, көрнекілік
Типі:өткенді қайталау, аралас.
Түрі:тренинг сабақ
Көрнекілігі: сурет, кеспе, оқулық, ребус, ойын,парақшалар.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Яғни топ болып жарысамыз.Сабағымыздың мақсаты- етістіктің жіктелуі туралы алған білімдерімізді жинақтау.
Сабағымыздың ережесімен танысайық.
1.Тыныштықты сақтау
2.Бір- бірімізді тыңдау
3.Ойымызды толық айту.
II.Үй жұмысын тексеру
Тудым, өстім, есейдім. (I жақ)
1.Бөлім
«Білгенге – маржан, білмегенге- арзан»
Топтар бір- біріне 3 сұрақтан қояды.
1- топ. 1.Етістік дегеніміз не? (Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер)
2.Туынды етістік дегеніміз не? (Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік)
3.Етістік қандай сөйлем мүшесі болады? (баяндауыш)
2- топ.1.Етістіктің түрлері (дара,күрделі,болымды,болымсыз)
2.Дара етістік (бір сөзден тұрады)
3. Негізгі етістік (түбір сөзден болған етістік)
3-топ. 1.Етістіктің астын қалай сызымыз?
2.Болымсыз етістік? ( болымды етістікке - ма,- ме,- ба,- бе, - па,- пе жұрнақтары жалғану арқылы)
3.Сен оқыдың (II жақ)
4- топ.1.Күрделі етістік ( екі н/е үш сөзден құралады)
2. Етістіктің сұрақтары ( не істеді? неғылды? қайтті?)
3.Етістіктің жіктелуі ( етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі )

III.Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Қаратпа сөздер: мұғалім, ардақты мұғалім.
Жіктік жалғаулы етістік : тұрамын, шыдармын, шығармын.
2-жаттығу.
Жіктік жалғаулы етістіктер: шошып қалды, ұрып жатыр, жатыр едім, тұтамыз, кесіп тастаймыз, демаламыз.
Қаратпа сөздер:жігітім, Жәке.

Өздік жұмысы:Семантикалық карта
р/с Мысалдар Дара етістік Күрделі етістік Негізгі етістік Туынды етістік
1 оқы + +
2 шегеле +
3 жазып отыр +
4 келді +

3-жаттығу.Жұмбақты оқып шешуін тап. Етістіктерді үш жақта жіктеп жазу
1,3 топқа қалмайды. 2,4 топқа бармайды
I жақ Мен қалмадым. Біз қалмадық
IIжақ Сен қалмадың Сендер қалмадыңдар
Сіз қалмадыңыз Сіздер қалмадыңызда
III жақ Ол қалмады Олар қалмады

I жақ Мен бармадым. Біз бармадық
II жақ Сен бармадың. Сендербармадыңдар.
Сіз бармадыңыз Сіздер бармадыңыздар
III жақ Ол бармады. Олар бармады

Сергіту сәті: Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.Көздерін жұмуына да болады.Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады. (Баяу музыка ойнап тұрады)

«Мерген » ойыны Тыйым сөздерді сәйкестендіру сызбасы арқылы орындау
1. Ұмытып теппе
2. Есікті кірлетпе
3. Босағада кетпе
4. Арыңды құрметте
5. Үлкенді тұрма
4-жаттығу
1,3 топқа тимей. 2,4 топқа тимеді
I жақ Мен тимеймін. Біз тимейміз
IIжақ Сен тимейсің Сендер тимейсіңдер
Сіз тимейсіз Сіздер тимейсіздер
III жақ Ол тимейді Олар тимейді

I жақ Мен тимедім. Біз тимедік
II жақ Сен тимедің. Сендер тимедіңдер.
Сіз тимедіңіз Сіздер тимедіңіздер
III жақ Ол тимеді. Олар тимеді.

Қорытынды: Етістік туралы не біледі соны топтап жазады.
Топтастыру «Етістік » әр топ өз жауаптарын тақтада қорғайды.
жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстыратындығы;
баяндауыш қызметінде келетіндігі;
жекеше, көпше түрде жіктелетіндігі;
III жақта жіктік жалғауы болмайды;
1. Мен інімнің сабағына көмектесемін. 2. Сен домбырамен күй тарттың.
3. Сіздер ауланы сыпырасыздар (тазалайсыздар). 4. Олар арықты тазалады.
5. Біз «Балдырған» журналындағы әңгімені оқыдық.

Бағалау:
Үй жұмысы : 5- жаттығу, 116 бет

ID: 624 | Просмотров: 9756