Сайт учителя начальных классов
.
Пәні: қазақ тілі Сыныбы 7ә

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік

Сілтеме: 7-сыныпқа арналған оқыту әдістемесі /қазақ тілі/
7-сыныпқа арналған оқулық.
Жалпы мақсаттары: 1. Етістіктің шақтары туралы түсінік беру.
2. Етістіктің шақтарын ажырата білуге, тәжірибеде қолдана алуға, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.
3. Адамгершілікке, сөз қадірін білуге, тіліміздің қадірін орынды пайдалана білуге тәрбиелеу.
Дерек көздері мен жабдықтары: Интербелсенді тақта, үлестірмелі парақшалар, семантикалық карта, жаттығу жұмыстары,
мақал - мәтелдер, шығармашылық жұмыстар, постермен жұмыс, талдау.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Қолданылған жаңа технология тәсілдері негізінде жұмыс істей алады, ой қорытып тұжырымдай біледі, құнды пікір айтуға қалыптасады, тілдері, танымдық ойлау қабілеттері дамиды, білімдерін толықтырады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, бағалау әдісі арқылы оқушыларды өз беттерінше тақырыпты танып талдай білуге үйренеді.
Постермен жұмыс істеу барысында оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін артады, мәдениетті дұрыс сөйлей білуге дағдыланады.
Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

- топтастыру
- үй тапсырмасын сұрау
- жаңа сабақтың мазмұнын таныстыру
- сабақты қорытындылау
- үйге тапсырма
- бағалау - психологиялық ахуал
- сұрақ-жауап
- топтасу
- мағынаны ажырату
- ой қозғау
- топ басшысының бағалауы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.
Оқушыларды топқа бөлу /әр түрлі түстермен/

I топ: «Білімділер» тобы
II топ: «Қырандар» тобы
III топ: «Тапқырлар» тобы
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Сабақ алдында бір - бірімізге сәттілік тілейік!
Сабақта ұстанатын ұстанымымыз:
Білекті – бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
II. Білу
Сұрақ – жауап
1. Есімдіктен кейінгі сөз табын атаңдар.
2. Етістік дегеніміз не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Етістіктің шағы дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Етістіктің неше шағы бар? Оларды атаңдар.
5. Осы шақ деп нені айтамыз? Мысалдар келтіріңдер.
6. Келер шақ дегеніміз не? Мысалдармен көрсетіңдер.
7. Өткен шақ деп нені айтамыз?
8. Етістіктің шақтары қалай жасалады?
9. Шақтық мағынаны білдіретін етістік қандай мағына береді?
III. Түсіну
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Етістіктің шақтары: осы шақ, келер шақ, өткен шақ.
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті және –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына береді.
Жіктік жалғау күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістікке жалғанады.

IV. Қолдану
Оқулықпен жұмыс
119, 120 – жаттығуларды орындау.

V. Талдау
Оқушыларға постер таратылады, сыни тұрғыдан ойлаулары арқылы өз ойларын постерге түсіреді, ойларын тұжырымдап, талдауға даярланады.
1. “Сүйікті Қазақстаным” атты тақырыбына шағын мәтін жазу, шақ түрлерін ажырату.
2. Мақал – мәтелдер жазып, шақ түрлеріне талдау жасау.
3. Төменде берілген сөздерді осы шаққа, келер шаққа, өткен шаққа айналдырыңдар.
Біл, оқы, үйрен, айт, тыңда.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:
Үлестірме қағаздар таратылады.
1. Етістіктің шағы дегеніміз не?
2. Етістіктің шақтарын ата.
3. Төмендегі сөйлемдер етістіктің қай шақ түріне жатады?
Әйгерімнің көркем шығармаларды жиі оқығысы келеді.
Жалғас бүгін сабаққа ерте келді.
Кешегі салтанатты жиын өте тамаша өтті.

VI. Жинақтау
“Сызбаны сөйлет”
Етістіктің шақтары?
Етістіктің шақтары қалай жасалады?
Етістіктің шақтарына мысалдармен көрсетіңдер.

VII. Бағалау
Семантикалық картамен жұмыс
Мысалдар осы шақ өткен шақ келер шақ
Жыртып жүр
Жазып отыр
Барар
Келмекші
Айтыппын
Оқыған едік
Келесіңдер
Бармақпын
Келіп отыр
Келіп кетпек

V. Үйге тапсырма
1. «Етістіктің шақтары туралы түсінік» ереже жаттау, 121 – жаттығу.
2. «Аққу – құстың төресі» шағын мәтін жазу.
Келесі оқылым: Осы шақ. Нақ осы шақ.

VI. Бағалау: Топ басшысының бағалауы
Рефлексия: Стикерлер арқылы балалар бүгінгі сабақтың ұнаған және ұнамаған жақтарын жазады.

ID: 1594 | Просмотров: 6617