Сайт учителя начальных классов
.
[size=14][color=blue] Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, тақырыпқа байланысты кесте,үлестірме
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны
Көңілді шумақтар
10-ОН
10 бала қоршады
10ыншы вагонды,
Т10 әкеп қарсы алды
Ағайды пог10ды.
Құрметті бұл қ10ақ
Ауылға ж10дағы,
С10арда ол болмақ
Аңшымен с10дағы.

• 2-ЕКІ
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр К2лік:
-2леніп с2ріп,
Алып қапсың «2лік».
2ншілей «2ңді»
Көрсетпе!-деп ж2ді.
К2рейіп баласы,
2ленбей таласып,
«Жоймасам ба 2мді!»
Деп б2нген с2лді
ІІІ Білім тексеру
Фонетикалық талдау жұмысын жүргізу
І топ
Алматының аспаны ашылмағандықтан, жаңбыр жауып тұр.
ІІ топ
Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді
• ӘРІП ҚЫСҚАРСА
Қызық болар лезде
Түсіп қалса сөзде әріп.
Мағына да сол кезде
Шыға келер өзгеріп.
Палау,
Алау,
Лау,
Ау,
У.

• . IV Жаңа сабаққа дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар:б,в,г,ғ,ң,қ,һ,й,ц,к,н,ш з,х,,ф,п,,р,л,д,ж,ч,с,м,т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сонықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

VІ. Түсінік тексеру
1.Оқулықпен жұмыс
264– жаттығу (жазбаша)
* Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын сыз.
265 –жаттығу(ауызша)
• Төмендегі жұмбақтың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама бер.
270 – жаттығу
• Мәтіннен қатаң дауыссыздардан басталатын сөздерді теріп жаз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1.Перфокартамен жұмыс
Дауыссыз дыбыстар Қатаң дыбыс Ұяң дыбыс Үнді дыбыс
Б
В
Г
Ғ
Д
Ж
З
Й
К
Қ
Л
М
Н
Ң
П
Р
С
Т
Ф
Х
Ц
Ч
Ш
Щ
Һ
(У)
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І топ
1.Қатаң дауыссыздарды жаз.
2. Әже, кею сөзіне фонетикалық талдау жаса
ІІ топ
1.Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыстарды жаз.
2.Хатшы, қоян сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса
ІІІ топ
1.Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Қою, стиль, ноян
VIІІ. Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма:
1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік .
2. 265-270 -жаттығулар

ID: 1918 | Просмотров: 2944