Буын және тасымал

  • Жүктеулер: 706
  • Көрсетілім: 1289
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 05/Апр/2015
Жамбыл облысы
Талас ауданы
Бостандық ауылы
«Алғабас» орта мектебі
Жақай Ғалия Әбдіманапқызы

Қазақ тілі . 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың буын және тасымал жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдауына мүмкіндік бере отырып, жаттығумен жұмыс арқылы оқушылардың білімді бекітуіне ықпал ету.
2. Түзеу: Пікірін еркін жеткізуіне жағдай тудыру, түйсіну, сезіну, көз жеткізу арқылы ой дәлдігін қалыптастыруға баулу.
3.Тәрбиелік: Жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: компьютер, слайд « Алма бағы», дайын буындар, карташалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу .
2. Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Бір-бірімізге күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз, қатты құшақтасамыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені еске түсіру. « Сөздер буындардан құралады.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.»
/ауызша мысалдар/
Ойын «Аспаннан буын жауғанда»
/буындарды орнына қою/
Тақтаға кезектесіп шығып жазады.
Ба,ла, пар,та, тақ,та, кі,тап. / буындарынан сөз құрау./
4.Дәптермен жұмыс.
Бала,парта, тақта, кітап сөздерін дәптерге жазып дауысты дыбыстың астын қызыл қарындашпен сызу.
5. Сөздерді буынға бөліп оқу.Әр сөзде неше буын бар екенін анықтау
Гүл,еден,мұз, асық, қобыз, сырнай,бағбан,әнші, балапан,домбыра.
Тапсырмаларды оқушыларға тізбектеп оқыту. Олардың қателерін дер кезінде түзету.
6.Сергіту сәті.

Автор: Жақай Ғалия Әбдіманапқызы

Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылы "Алғабас" орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.