Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Бата - тілектер
[ Сайттан жүктеу (30.9Kb) ] 30.04.2015, 12:26

Материалдың жеке номері 1448

Бата - тілектер

загрузка...
Сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Бата - тілектер
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының бата – тілектерімен таныстырып, олардың түрлерін ажырату арқылы білімдерін толықтыру;
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық ізденісін арттыру;
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілік, мейірімділік қасиетке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: түсіндіру, меңгерту
Көрнекілігі: « Ақ бата» қосымша оқулық
Пәнаралық байланыс: тарих
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амндасу, түгелдеу, оқу – құралдарын тексеру;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Баланың дүниеге келуіне байланысты өлең жырларға талдау жасау;
2. Көңіл күйге байланысты жырлардың қолданылу аясын анықтау;
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту:
Топтастыру әдісі
ІV Жаңа сабақтың мақсатын қою:
Бата – тілектерге анықтама беріп, олардың түрлерін ажырату;
V Жаңа сабақ:
Даналық ой
Халқымыздың игі салт – дәстүрлері - біздің ең асыл мұрамыз.
( Б.Момышұлы)
Сөзмаржан
Ғұрып - салт – дәстүрлер мен адамдар арасында қалыптасқан нәрселерге сүйенетін үкім, әрекет.
Парасат (интелект) - ақыл – ой мен сана сезімнің жиынтығы.

Бата – алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіруді көздейтін ғұрып түрі. Ақ бата - ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз үлгісі болып саналады. Сөз - құдіретті күш болғандықтан, жаны, рухы, тарихы сөзбен тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның құдіретіне шексіз сенді.
Бата негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын батаның бір түрі.
Батаның негізгі түрлері:
1. Ақ бата- шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан - 9рпа00а жал5асып келе жат0ан өсиет. Ақ бата көбінесе жаңа туған нәрестеге, өміргежаңа қадам басқан ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі бастаушыларға, басқа да түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойлара беріледі.
2. Теріс бата (қарғыс бата)- Қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Батаның бұл түрін ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан - ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарға халық сенім артпаған, қонаққа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтарып алуы үшін жұртты жинап, теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса ата-анасы: « Теріс батамды қайтып алдым», - деп айтқан.
3. Серттесу батасы (Баталасу) - құдалықта, серт пен уәдеде, елщілікте, ел арасындағы маңызды үдкен шараларда жасалатын рәсім. Ол - хан, ақсақалдар, билер алдында қол алысып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «батаны бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды - елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды.
Батаны кімдер береді?
Батаны беретіндер - көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, аузы дуалы билер, атақты, сыйлы, ісі үлгі болатындай адамдар. Қазақ халқында бата берудің орны мен жолы, жөні мен жосығы бар. Батаны халық арасында үлкне адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы,жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді Әйелдер арасында сөз білетін кішкене ер бала отырса, әуенлі сол бата беруге тиісті. Қуаныш пен тойдың ретіне қарай лайықты бата беріледі.
Қазақта: « Өз ісінің шеберінен бата алса, соған тартып, батасын алған жас та шебер болады», - деген сенім бар.
Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан баталар бар:
Төле бидің Қойгелді батырға берген батасы.
Анасының Райымбек батырға берген батасы.
Шәукенің Бөлтірік шешенге берген батасы.
Соқыр Абыздың Жәнібек батырға берген батасы.
Қарасай батырдың балаларына берген батасы.
Кененнің келіндеріне берген батасы.
Бауыржан Момышұлының батасы.
Бата түрлерінің ішінде Наурыз батаның орны ерекше. Наурыз бата- наурызнама өткізгендерге, «наурыз көжеге» шақырғандарға, мерекеде өнер көрсеткен өнерпаздарға, жас талапкерлерге аталар мен әжелердің, ел ағаларының, үдкендердің берген батасы.

Оқушыларға Қарасай батырдың батасын кітаптан оқытқызамын.

Бата берген кезде жиналған жұрт қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!» - деп айтып, тыныштық сақтауға, бір – бірімен сөйлеспеуге, күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.

Қазақ халқының ұлттық рухани қазынасы болып табылатын бата сөздер - ата- бабамыздың замандар мен ғасырлар бойы жиналған өмір тәжірибесінің, тарихының даналық қоорытындысы, адамгершіліктің ереже- қағидасы. Бата –тілек халықтың тұтастық бірлігін, салт- дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.

VІ Түсінігін тексеру:

Топтастыру стратегиясы:


Қосымша оқулықтан әр түрлі тақырыптағы баталарды оқимын, оқушылыр қандай батаның түріне жататынын ажыратады.
VІI Бекіту:
Оқушылырға бүгінгі өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты бекітемін:
1. Батаны не үшін береді?
2. Батаның қандай түрлері бар?
3. Батаның түрлеріне анықтама беріңдер?
4. Батаны кімдер береді?
5.
VIII Үй тапсырмасын беру:
1.Үш топқа үш түрлі батаның түрлерін (Ақ бата, Теріс бата, серттесу батасы) көркем әдебиет шығармаларынан тауып келу.
2. Бата туралы түсініктерін тірек сызба арқылы көрсетіп, баяндап келу.

IХ Оқушыларды бағалау:
Оқушыларды сабаққа белсене қатысып үй тапсырмасын мұқият орындағанына қарай білімдерін бағалаймын;
loading...

Автор: Амангельдина Айгерим Амангельдиевна

Алматы обл, Ақсу ауд, Жансүгір ауылы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ОМГ

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Amangeldinaaiger | Ілмек сөздер: мұқият
Көрсетілім: 4946 | Жүктеулер: 714 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 46
Қонақтар: 46
Тіркелгендер: 0