Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтыңтақырыбы: Балғын Абайтанушылар
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Кіріспе.
Мұғалім сөзі: -Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгін сіздер біздің 4А-сынып оқушыларының қатысуымен болатын «Балғын Абайтанушылар» атты сайысқа куә болғалы отырсыздар. Бұл сайысқа біздің сыныбымыздың үздіктері, жас зерттеушілер түспек. Сайысымызды бастамас бұрын үміткерлерімізбен таныс болайық.
1. Халиулла Ақзере Нұрланқызы. Оқу озаты. Арманы халыққа шипасы тиер ақ халатты дәрігер болу. Сүйіп оқитын пәндері ағылшын, орыс тілдері.
2. Мұратбекқызы Әсемгүл. Оқу озаты. Бос уақытында ертегі оқығанды ұнатады. Келешекте Фариза апасындай ақын болғысы келеді.
3. Мұратбекқызы Айғаным. Оқу озаты. Сүйіп оқитын пәні математика. Бос уақытында сурет салып, қолөнермен айналысқанды ұнатады. Өскенде ұстаз болсам дейді.
4. Дүйсенбайқызы Лашын. Оқу озаты. Келешекте балаларды білім нәрімен сусындататын ұстаз болуды армандайды. Бос уақытында анасы менәжесіне көмектеседі.
5. Орынбаев Ерсұлтан Хамитұлы. Оқу озаты. Бос уақытында тарихи кітаптпр оқиды. Арманы заң қызметкері болу.
-Енді осы сайыскерлерімізді бақылап, бағалайтын сарапшы ханымдармен таныс болайық.
Мұғалім сөзі: Қазағымның данышпаны, данасы,
Ұлы тұлға Құнанбайдың баласы.
«Абай» атты бір періште келгенде
Тербеліпті ұлы қазақ даласы.
-Олай болса, біздің бүгінгі сайысымыз философ, заңгер,ақын, аудармашы, сазгер, дара ойшыл, кемеңгер Абай атамыздың 175 жасқа толған мерейтойына арналады.
1 кезең. Бәйге.
Біздің ата-бабаларымыз дауды шешуге, жиынға шыққанда сөз алу үшін қамшы көтеріп белгі берген. Ата-баба салтын бізде әрі жалғастырып , жауап берер болсақ, қамшы көтеріп белгі береміз. Сонымен сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1. Абай атамыздың балалық шағы қайда, кіммен бірге өткен? (Ауылда, әжесімен бірге)
2. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
3. Абайдың үлкен атасының аты кім? (Ырғызбай)
4. Абай неше жасынан төрелік айтуға қатысты? (14 Жасынан)
5. Абайдың өзінен кіші бауырының есімін ата. (Оспан)
6. Ұлжан Абайға кім болады? (Анасы)
7. Әжесінің аты. (Зере)
8. Абайдың туған жері. (Семей өңірі)

ID: 1527 | Просмотров: 2119